Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет123/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   141

404

тақтайшаларда қолданылады. Тақтайшалар ақ бояумен боялған 

сантиметрлі табақшаларға бөлініп, əрбір диаметр сайын сан-

мен белгіленеді. Нивелирмен нысанаға алғанда, сан оң болып 

көрінетіндіктен төмен қаратып теріс жазылады. Компенсаторлы 

Н-10КЛ нивелирі нысананың бейнесін қалыпты оң көрсетеді.

Тақтайшадан есепті 1мм дəлдікпен алады. Бірінші есептеудің 

ба сы нөл-тақтайша төмегі ұшында орналасқан. Қызыл бөлікпен бө-

лін  ген жолақтар қара бөлік жаққа ығысқан қызыл жолақтарын бақы-

лау, қарасын жұмыс жасайтын жолақтар деп атайды. Ниве лир леу 

үдерісінде жолақты тақтайшаны жерге қағылған қазыққа бе кітеді. 

Деңгейлілердің ішінде НВ-1 техникалық нивелирі кең тараған. 

Ол ішкі флкусы бар бейнені айналдырып көрсететін көру түтігінен 

(1); линзаларды фокустайтап айқын көрсетуге мүмкіндік беретін 

бұрау винтінен (2); окулярлық бөлігінде орналасқан окуляржіпті 



торлар мен призмалы микроскоптан (3); көру түтігінің қарама-

қарсы бөлігінде орналасқан объективтен (5); құралдың  іргесіне 

бекітілген бітеу қораптағы призмалар жүйесімен жабдықталған 

цилиндрлі деңгейден (6) тұрады [10.26-суреттер].

Нивелир деңгейдегі көпіршіктің бейнесін ұзына бойы 

білігін бойлай  теңдей екі бөлікке бөлетін жəне қарама-қарсы 

шеттеріндегі жартыларының бейнесін түтіктің көру алаңына 

беретін призмалар жүйесімен жабдықталған. Көру түтігінің ны-

саналау білігін көлденең түзу жағдайға дəл қою элевациялық 

винттің (7) көмегімен жүргізіледі.



10.27 сурет. НВ-1 нивелирінің  көру түтігінің 

көру алаңы. Сол жағында байланысқан 

деңгейдің көпіршіктері көрсетілген (А)

10.28 сурет. Н-10 КЛ 

нивелиріның көру 

түтігінің көру алаңы (Ə)



405

Құралдың қорабына көру түтігін өлшегіш тақтайшаға шама-

мен бағыттау қызметін атқаратын ойығы бар нысаналау тетіктігі 

орнатылған (8, 9) Бағыттаушы винтті бұрау арқылы көру түтігін 

өлшегіш тақтайшаға дəл бағыттайді. Үш аяқты штативте құралды 

көлденең түзу жағдайға келдіретін үш көтергіш винт бар (4).

10.27 суретте тақтайшадан өлшем алу сəті көрсетілген. 

Нивелирдің жіптер торы үш көлденең, бір тік жіптен тұрады. 

Олардың ішіндегі негізгі жұмыс жібіне өлшеулер алынатын 

ортаңғысы жатады. Шеткі екі қысқа жіп қашықтық өлшеу 

қызметін атқарады. Суретте келтірілген мысал бойынша өлшеу 

1280мм тең.    

Н-10-КЛ нивелирінің көру түтігі бейнені тура береді. Онда 

цилиндрлі деңгей орнын ауырлық күш бағытының жұмсақ не-

месе еркін сұйықтық бетте реттеуі анықтайды тербелмелі при-

змалары элементтері бар компенсатормен алмастырылған. 

Компесатор нысаналау сызығын автоматты түрде көлденең 

түзу жағдайға келтіреді. Осыған орай ұзақ еңбекті қажет ететін 

көпіршік бейнесінің шетін үйлестірудің  жəне оның көлденең 

түзу жағдайын бақылаудың қажеттігі болмайды.  Ол жұмысты 

біршама жеңілдетеді. Нивелирдің төменгі бөлігінде көлденең 

бұрыштарды өлшеу  қызметін  атқаратын  1º градустарға бөлінген 

лимб орнатырылған [10.29-сурет].

Көлденең түзу жағдайға келтірілген нивелирдің лазерлі 

сəулелері тақтайшаның фотоэлементіне əсер етеді.

10.29 сурет. Н-10 КЛ нивелирінің сыртқы көрнісі



406

Бұл фотоэлементтер тақтайшаны бойлай козғалып, көлденең 

бағыттағы лазер сəулелерімен түйіліскенде, автоматты түрде 

есептеп, нəтижелері мониторға беріледі. 



Геометриялық нивелирлеу. Екі нүктенің бір-бірінен биіктік 

айырмасын анықтау үшін бір бекеттен жүргізілетін нивелирлеу 



қарапайым деп аталады.

Бір-бірінен алыс орналасқан немесе салыстырмалы түрде тік 

бет кейлерде бірнеше бекет құрып, бір нүктеден екінші нүктеге 

жүр іп барып, нивелирлік өлшеулер жүргізуді кезекті нивелирлеу 

дей міз.

Бір-бірімен байланысатын екі нүктені пикеттер, екі нүктеге де 

ортақ нивелир орналасқан нүктені бекет деп атайды.

Нивелирлік жолды түсіру кезінде өлшеу жұмыстарын 

жүргізетін жолдың бойына бекет пен пикеттік нүктенің орын-

дарына қазық қағып пикетаж жүргізеді. Сол үшін пикетаж-

ды əр 100-200 сирек жағдайда əр 50 метрден кейін жүргізіледі 

де жерден 20см шығып тұратын күзет қазығы орнатылады да 

оған өлшем жүргізген пикеттің реттік саны жазылады. Жанына  

жердің беткі деңгейімен бірдей болатын екінші нүктелік қазықты 

қағады. Пикетті есептеуді Пк 0 белгіленген бастапқы қазықтан 

бастайды. Одан соң ПК2, ПКЗ, ... ПК 28 тағы сол сияқты болып 

жалғаса береді.  Пикеттің реттік санына қарап нивелирлік түсіру 

жұмыстарын жүргізген жолды тез анықтауға боладжы. Мысалы, 

пикеттің (ПК) саны 28, əр пикеттің арақашықтығы 100м болса, 

жүріп өткен жолдың ұзындығы 2,8 шақырымға тең болады.

28 ·100м = 2,8 шақырым

Жер бетіндегі шағын құрылымдардың (төбелер мен 

иіндер, кішігірім қазан шұңқырлар жүріп өтетін жолдардың 

бұрылыстарының бұрыштары т.б.) бұрылыстардың бұрыштары 

сияқты  жүріс сызықтары да пикетке сирек жағдайда сəйкес 

келеді. Көлденең қима-сызбаларда көрсету үшін  олардың  биіктік 

белгілерін білу қажет.  Сондықтан бұл нүктелерге  де қазықтар 

қағады да күзет қойып, реттік санын белгілейді. Егер бастапқы 

0 нүктеден биік болса қосумен белгілейді, алдындағы пикетке 

төбенің беткейінің пикеттерінің санын қосады.

Геометриялық нивелирлеу кезінде құралды бекеттерге 

жолақты екі тақтайшаны (А жəне В) пикеттердегі нүктелерге 




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау