425
бүркемеленбейтін маңызды белгілердің бірі болып табылады.
Жоспарлы аэрофототүсірілімдерде төбесінен қарағандағы кескіні
түсіріледі. Бейненің пішініне қарай аудандық жəне сызықтық
нысандар, ал ірі масштабты аэрофототүсірілімдерден нүктелік
нысандар да танылады.
Бейненің өлшемі аэрофототүсірілімнің масштабы мен дешиф -
р ле нетін нысанның өлшеміне байланысты болады. Аэрофото-
түсірудегі нысанның жергілікті жердегі өлшемдерімен салыстыра
отырып, өлшеу нəтижесінде мысалы, қатты төсенішті жол соқпақ
жолдан, шағын арық каналдан, бұлақ өзеннен ажыратылады.
Жер бетіндегі нысандардың аэрофотокескіндегі түр-түсі
сəулені сезгіш қабаттың ақ-қара түсті суретте дəрежесі нысанға
жарықтың түсуіне жəне оның бетінен жарық сəулесінің шағы-
лысуына жəне фотоматериялдық жарық сезгіштігіне, түсірілген
тəуліктің уақыты мен жыл мезгілдеріне тəуелді болады.
Нысанның беті жарық сəулесін күшті шағылыстырған
сайын оның аэрофотокескіндегі түсі ақ болады. Мысалы, су
нысандарының беті келіп түскен жарық сəулесінің тек 5% ғана
шағылыстыратындықтан оның түсі қара болып көрінуімен
ерекшеленеді. Жақсы жүрілген жол аэрофотокескінде біршама
ашық түсті болса, жыртылған жер біршама қара түсті бо-
лып көрінеді. Қысқыға қарағанда жазда түсірілген Аэрофото-
түсірілімдердің түсі алуан түрлі болады. Сондықтан жазда
түсіріл ген аэрофотокескіннен жергілікті жердің жоғары дəлдіктегі
барлық нысандар қамтылған кескінін алуға болады.
Көлеңке. Нысандардан түсетін көлеңкенің пішіні мен
ұзындығы нысанның пішінімен биіктігін анықтауға мүмкіндік
береді. Мысалы, бағананың көлеңкесінен электр жəне байланыс
желілерін бір-бірінен ажыратуға болады. Көлеңкенің мөлшері
нысанның мөлшеріне ғана емес, аэрофототүсіру сəтіндегі
күннің көкжиектен биіктігіне де байланысты. Түске қарай күн
көкжиектен биік болатындықтан, көлеңке де қысқаратындықтан,
көлеңке арқылы нысандарды танып білу қиынға соға бастайды.
Нысандардың өзара орналасуы. Жергілікті жердегі
топографиялық элементтердің өзара орналасуы бір-бірімен тығыз
байланысты болады.
Топографиялық дешифрлеу кезінде нысандарды тану үшін
барлық белгілерді үйлестіре отырып анықтау қажет. Топо-
426
графиялық нысандарды дешифрлеу ойлы қырлы болып келетін
жер бедері көлеңкесі арқылы тез анықталады.
Күңгірттен ашыққа өтетін түс жергілікті жердегі су арықтарына
сəйкес келсе, керісінше ашықтан күңгіртке өтетін көлеңкелер су
ағар ойыс жерлер болып табылады. Егер аталған түстер бір-біріне
бірден өтсе, су айрықтар тік беткейлі ал біртіндеп өтсе, онда су
айрық əрі жатық төбесі текшелі дөңес пішінді болып, төбе аралық
суағар иіні кең болады. Таулы жердің аэрофотокескіндерін
қарағанда жоталармен тауаралық аңғарларды ғана емес, жылғалар
мен сайларды, жекелеген шыңдарды анық байқауға болады.
Аэрофототүсірілімдерден қатты тілімделген сайлы жыралы жер
бедері де жеңіл оқылады.
Елдімекендер. Аэрофототүсірілімдерден көшелер мен
алаңдар сияқты құрылымды бейнелер жақсы оқылады.
Елдімекеннің жобалау сипаты, үй құрылысы, стадиондар мен ірі
өнеркəсіп кəсіпорындарын да жеңіл танылады.
Үйлердің мөлшері шағын болғандықтан, аэрофототүсіруден
ауылдық елді мекендерді де жылдам ажыратуға болады.
Өнеркəсіп кəсіпорындары, ірі өнеркəсіп кəсіпорындары биік
мұнаралы мұржалары мен құрылысының ерекшеліктеріне, оларға
келетін жолға қарап ажыратылады.
Темір жолдар. Темір жолдар түзу кең бұрылысты болуымен
ерекшеленеді. Оның бойындағы кең жолақтар вокзалдар мен
платформаны көрсетеді. Автомобиль жолдары мен қиылысы түзу
бұрышты болып келуімен ерекшеленеді. Темір жолдың қатары
енімен анықталады.
Автострадалар мен даңғыл жолдардың түзу, əрі жедел
бұрылысты болып келуін айқын байқалатын кескіндерімен
ерекшеленеді. Жол бойындағы ағаштар мен арықтар біршама
күңгірт түсті болып келеді.
Асфальт төселген автомобиль жолын жетілдірілген автомобиль
жолынан ені арқылы ажыратылады. Асфальт төселген жолдың
ені 6-8 м аспайды. Ал жетілдірілген автомобиль жолдарындағы
жол айырықтар бірнеше машина жүретіндей енді болып келеді.
Соқпақ жолдар ирек, жіңішке болып келуімен ерекшеленеді.
Олардың ені 4-5 метрден аспайды.
Өзендер, бұлақтар мен көлдер бір өңді болып келетін түсімен
жағалау сызықтары арқылы жеңіл ажыратылады. Батпақты
427
жерлерде көлдердің шекарасы айқын білінбейді. Жасанды
су қоймалары жіңішке түзу жолақ түрінде кескінделетін тас
бөгеттері арқылы ажыратылады. Каналдар мен арықтар бірдей
болып келетін енімен ажыратылады. Көпірлер жол қиып өтетін
сызық түрінде кескінделеді.
Ормандар шекарасының кескіні ағаштардан түсетін
көлеңкелер арқылы анықталады. Батпақтар аэрофотокескінінде
ылғалдану дəрежесіне қарай сұр немесе күңгірт сұр болады.
Жоспарлы аэрофототүсірілімдерді пайдаланып топогра-
фия
лық карталар құру. Аэрофототүсіруден топографиялық
карталар құру үшін құрамдасқан жəне стереотопографиялық
əдістерді қолданады. Құрамдасқан əдіс жазық жəне шағын белесті-
төбелі аумақтардың аэрофототүсірілімдерінен топографиялық
карталар құру кезінде қолданады.
Құрамдасқан əдісті қолдану кезінде аэрофтотүсірілімдержасау
жергілікті жердегі тірек нүктелермен далалық геодезиялық бай-
ланыс орнату арқылы жүзеге асырылады.
Фотопландар жергілікті жердегі тірек нүктелерін жоғары
дəлдіктегі приборлармен жиілетіліп, белгілі бір масштабқа
келтіріліп, алдын ала трансформацияланған аэрофотокескіндерді
құру арқылы жүргізіледі. Фотопландармен фотокөшірмелер,
шифрлеу арқылы жергілікті жердің топографиялық карталары
мен пландары құрылады.
Жер бедерін горизонтальдармен түсіру үшін жергілікті жер-
де мензульдың түсіру жұмыстары жүргізіліп, топографиялық
картаның түпнұсқасы құрылады.
Қазіргі кездегі топографиялық карталарды құрудың ең
тиімдісі стереотопографиялық əдіс. Бұл əдісті қолдану барысында
жергілікті жерде геодезиялық тірек нүктелері құрылып, таңдалып
алынған аумақтың аэрофотокескіні қалған жұмыстардың барлығы
аэрофотокескіндерді камералық өңдеу арқылы жүргізіледі.
Аталған іс-шаралардың барлығы арнайы стереотопограм-
метриялық приборлардың көмегімен жүргізіледі. Нəтижесінде
жергілікті жердің стереоскопиялық үлгілері құрылып зерт-
теледі. Ол приборлардың біршама бөліктері атқаратын қызме-
ті мен құрылысы, жұмыс істеу қағидаттары жөнінен бір-бірі-
нен айырмашылықтары бар. Олардың негізгі тетіктеріне
Достарыңызбен бөлісу: |