Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жоспарлы аэрофототүсіру



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет128/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   141

422

Жоспарлы аэрофототүсіру. Жоспарлы аэрофототүсіру бір-

ша  


ма кең таралған. Жоспарлы аэрофототүсіру кезінде оның 

оптикалық білігі жердің кіндігіне бағытталған ауырлық сызы-

ғына сəйкес келеді немесе одан 4º ғана ауытқиды. Жергілікті жер-

дегі жазықтар мен төбелі жергілікті жердің фотографиялық сұл-

басы (планы) болып табылады. Оның масштабы тұрақты бола-

тындықтан жергілікті жердегі нысанның пішінін, орналасқан ор-

ны мен мөлшерін анықтауға сонымен қатар, ауданды, бұрыш пен 

арақашықтықты анықтауға мүмкіндік береді.



10.45 сурет. Жергілікті жердің аэрофотокескіні а-жоспарлы; 

ə-перспективті



Перспективті аэрофототүсіру. Перспективті аэрофототүсіру 

жұмыстары аэрофотоаппараттың оптикалық білігінің  жердің 

кіндігіне бағытталған ауырлық сызығынан ауытқуы 4º жоғары 

болған жағдайда орындалады. Жоспарлы аэрофототүсіру 

кезінде ұшақтың астындағы нысандар түсірілсе, перспективті 

аэрофототүсіру кезінде ұшақтың алдындағы, артындағы неме-

се екі жағындағы орналасқан жер бетіндегі нысандар түсіріледі. 

Жоспарлы аэрофототүсіруден айырмашылығы перспективті 

аэрофототүсірудің масштабы айнымалы. Алдыңғы жағының мас-

штабы ірі болғанымен артына қарай біртіндеп кішірейеді.

Перспективті аэрофототүсірілімдерге бейнелердің 

перспективтілігі айқын байқалатын аэрофотосуреттер жатады. 

Олар біршама көрнекі жеңіл оқылғанымен масштабы бірдей 

болмағандықтан өлшеу жұмыстарын жүргізу қазіргі кезеңде жо-

спарлы күрделі жəне перспективті аэрофототүсіру жұмыстары 

қатар жүргізіледі.




423

Аэрофототүсірілімдердің  геометриялық мəні мен мас-

штабы. Аэрофототүсірілімдерде  жергілікті жердің беті орталық 

проекцияда бейнеленеді. Аэрофотоаппараттың объективі s 

проекцияның ортасы болып табылады. Объективтің тоғысу 

нүктесі s арқылы өткен жарық сəулесінің жер бетіндегі ОВ 

нысандарын шағылыстырып, пленкада аов бейнесін беретін 

жазықтықты бейнелеу жазықтығы деп атайды. Жердің тегіс 

бетін түсіру кезінде оған бағыттас жатқан бейнелеу жазықтығы 

болып табылатын фотоаппараттың пленкасында сол аумақтағы 

нысандардың кішірейтілген бейнесі түзіледі. Жазық жердің жо-

спарлы түсірудің масштабы ұшақтың ұшу биіктігін жəне фокустық 

қашықтыққа f

к

 тəуелді. Оны 



:

:

k



ab AB

f

H

=

 қиындыларының 



бір-біріне қатынасымен есептеп шығарады.

10.46 сурет. Жоспарлы 

(1) жəне перспективті (2)

аэрофототүсіру

10-47сурет. Жер бетінің 

тегіс болмауына 

байланысты 

аэфотосуреттердің ығысуы

Н–ұшақтың ұшу биіктігі; ОS–Аэрофототүсірілімнің  фокус-

тың қашықтығы; О–Аэрофототүсірілімнің бас нүктесі; Оо– 

оптикалық білігі; d–Оо білігінің ауытқу бұрышы; АВ жəне 

А’В’-кескіндейтін аумақтың бөліктері; в–кескінделетін жер бетін -

дегі аумаққа сəйкес келетін аэрофокескіндегі бөлігі кескіндердің 

масштабы:  

/

/

1



2

1

1



;

;

ab



ab

m

AB m

A B

=

=



   

2

1



1

1

m



m

 масштабты  



m

1

 белгілеп 



H

f

m

k

=

1



аламыз. Перспективті Аэрофототүсірілімдерде  бұрмалану 

болады, түсірілім бөлігінде бейненің пішіні бұзылады. Осыған 




424

орай көлбеу түсірудің нəтижесінде түсірілімнің  масштабы 

да əртүрлі болады да бұрмалану пайда болады. Жер бедерінің 

ойлы қырлы болуынан аэрофотокескіндегі нүктелердің ығысуы 

жоспарлы түсірудің өзінде де байқалады. Жоғарыда суретте 

көрсетілген объективтің түсіру білігі тік болып келетіндіктен 

аталған аумақтың көлденең жазықтықтағы орташа биіктігіне 

қатысты алғанда аэрофотокескін жоспарлы болып табылады. 

Егер А жəне В бір көлденең жазықтықта жатса онда олардың 

фотопленкадағы кескіні а

1

 жəне в


1

 болар еді. Жер бедері тегіс 

болмағандықтан жергілікті жердегі А жəне В нүктесі кескінде 

а жəне в нүктесіне түседі. Осыған орай жер бетіндегі нүктелер 

аэрофотокескінде  аа

1

 жəне вв



1

 бөлігіне ығысады. Жер бедеріне 

байланысты бұрмалануды азайту үшін түсірілімнің  бас нүктесінің 

маңындағы жұмыс алаңы қолданылады. Таулы жерлерді түсіру 

барысында ортотопографиялық план құру ісі қолға алынады.  

Аэрофототүсірілімдерді топографиялық дешифрлеудің 

мəні.  Аэрофототүсірілімдерді жергілікті жердегі нысандармен 

дала жағдайында байланыстырумен қатар камералық өңдеу үшін 

оларға дешифрлеу жұмыстары да жүргізіледі.

Аэрофототүсірілімдер аэрофотосұлбалар мен фотосызбаларда-

ғы жергілікті жердегі нысандардың кескіндерін тану үдірісі 

дешифр леу деп аталады.

Топографиялық дешифрлеу барысында топографиялық 

сұлбалар (пландар) мен карталар түсірілуге тиісті барлық нысан-

дар танылып, олардың кескіндері анықталады (өзендер, жолдар, 

елдімекендер, ауылшаруашылығына жарамды жерлер, орман 

алқаптары т.б.). Топографиялықтан басқа арнайы дешифрлеу 

де болады. Онда топографиялық элементтерден басқа арнайы 

міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін нысандар (ботаникалық, 

геологиялық, гидрологиялық т.б.) дешифрленеді. Дешифрлеу 

далалық жəне камералық болып екіге бөлінеді. 



Дешифрлеу белгілері. Аэрофототүсірілімдердің нысандарды 

тануға мүмкіндік беретін белгілерді бүркемеленбеген белгілер деп 

атайды. Олар тура немесе жанама болуы мүмкін.

Тура белгілерге пішіні, өлшемі жəне бейненің суреттегі 

түр-түсі, жанамаға көлеңкесі, нысандардың өзара орнала-

суы, іс-əрекеттің белгілері (іздері) жатады. Бейненің пішіні 




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау