95
І топ
Тақырыбы Табиғат
пен қоғам арасындағы байланыс
«Жазғытұры» Халық тұрмысын, салт-санасын табиғат
көріністерімен
астастыра бейнелейді
ІІ топ
Тақырыбы
Табиғат пен қоғам арасындағы
байланыс
«Қараша, желтоқсан-
мен сол бір екі ай»
Дала күзінің жүдеу
бейнесін
халықтың әлеуметтік теңсіздігімен
байланыстырады.
ІІІ топ. «Қонсонарда бүркітші шығады аңға»
Сұрақтар
Жауаптар
1
Аңшылық өнеріне
байланысты қандай аң-
құстарды білесің?
Бүркіт, қаршыға, тұйғын,
ителгі, сұңқар.
2
Аңшы болу үшін не
керек?
Тұлпар ат,
қыран құс, жүйрік
тазы.
3
Аңшылық кәсіп пе
әлде өнер ме?
Аңшылықты қазақ
қоғамында тұрмыс-тіршілік
үшін де қолданған.
Аңшылық – өнер.
4
Бүркіт
туралы қандай
мақал-мәтел білесің?
Қыран ұясын қияға салады.
Ақын жыл мезгілдеріне арналып жазылған өлеңдерінде
(«Күз», «Қыс», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай»)
қазақ ауылындағы әлеуметтік қайшылықтарды терең аша
түседі.
Сауаттылық хат.
Әр топтан топ басшысы «Абайдан алған білімім» атты
тақырыпта хат жазу (2 мин).
Ұлылар үндестігі.
Венн диаграммасы бойынша Абай мен Мұқағали
үндестігін анықтап, кестені толтыру.
96
Абай Мұқағали
Қорытынды. Біз бәсекелестікке лайықты ұрпақ
болуымыз үшін Абайша білім алып, Абайша ойлауымыз,
Абайша өмір сүру қажет деп ойлаймын.
Тұрсын ШҮКІРБЕК,
Астана қаласындағы
№63 орта мектептің мұғалімі.
СӘБИТТІң «САяТШЫ ОРАЗ»
ӘңГІМЕСІ
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – Сәбит Мұқановтың
шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру, тақырыпты
меңгерту;
тәрбиелік – табиғатты аялай білуге шақыру,
ынтымақ пен бірлікті, адамгершілік қасиеттерді бағалай
білуге үйрету;
дамытушылық – ойлау қабілетін дамыту,
сөздік қорын молайту, шапшаңдыққа баулу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау,
кубизм әдісі, тест, салыстыру,өзін-өзі бағалау.
Пәнаралық
Желсіз түнде – жарық
ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы –
терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Ұялып барады өтіп бұлақ бала,
Бұйығып үн қатпайды жылап
қана.
Баланың маңдайынан
сипалаған
Дірілдеп айдан тамған шуақ
қана.
98
3. Ораздың аңшылығы,
адамгершілігі;
4. Шығармадағы көркемдегіш құралдар.
Сөздік жұмыс:
Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.
Сауға беру –
ақысыз беру, садақа беру .
Поселке – шағын ауыл.
Шілік
– төрт түлік мал сүйсініп жайылатын өсімдік.
Ителгі –
Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен
құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.
Қаршыға – өте
алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау
тауларының бөктерлерінде мекен етеді.
Тұйғын – қанаты
қысқа, құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ аңдар
мен құс аулауға өте ыңғайлы.
Мәтінмен жұмыс.
- Қане, балалар, енді мәтіннен көркемдегіш құралдарды
табайық.
1) Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-
тұлғасын суреттеу. Орта бойлы, кең жауырынды, төстік
кеуделі, мұрынының екі жақ сайынан басқа бетін түгел
жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды,
кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген
дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең
маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы
киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағын
ішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне
қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде мылтықтың
оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын
салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы,
сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін,
арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...
2) Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша
көркем суреттеуі. Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын
тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа