«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет25/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

99
жотасында.  Жотаның  ұзындығы  төрт-бес  шақырымдай, 
қапталының  кеңдігі  екі-үш  шақырымдай.  Осы  жотаның 
батыс  пен  шығыс  жағын  және  екі  жақ  қапталдығын  жаба 
өскен  қалың  ну  ағаш.  Ағаштары  –  түп-түгел  қайың  мен 
терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның  арасында тұрады. 
Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл 
ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде 
сай  бар,  көктем  кезінде  бұл  сайда  аттың  бауырлығынан 
келерлік су жатады да, төңіректей қалың ағаш  өскен ауыл 
осы сайда дөңгелене орналасқан. 
Кейіпкерлерге_мінездеме.'>3) Кейіпкерлерге мінездеме. Сүлеймен – орта дәулетті, 
сараң адам.  
Ораз – жалғыз оқты шитімен ататын мерген, қыс бүркіт, 
жаз қаршыға мен тұйғын салумен айналысқан құсбегі, өзінің 
олжасын елмен бөлісе білетін қайырымды жан. 
- Балалар, саятшылық деген не?
Саятшылық  –  қазақтың  ежелден  келе  жатқан  ұлттық 
өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни, қыран бүркіт асыраумен, 
баптаумен айналысу өнері. 
Аңшылық туралы қандай шығармаларды білеміз?
Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін кім 
жатқа айтып береді.
Концептуалдық кесте
Кейіпкер
Өмірге 
деген 
қызығу-
шылығы
Адамгершілік 
қасиеті
Кейіпкерге  
берілетін 
баға
Ойтолғаныс. Бес жолды өлең.
Зат есім (кім?): саятшы.
Сын есім (қандай?): әзілқой, жайдары.
Етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?): құс салды, аң 
аулады, сауға берді.


100
Синоним: құсбегі.
Сөйлем  құра:  Саятшы  Ораз  есін  білгелі  қыс  бүркіт 
салудан, жаз қаршыға мен тұйғын салудан  қол үзбеген.       
V. Тест (сабақты бекіту).
1. Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды? 
а) Он жеті;      ә) Он сегіз;    б) Он тоғыз.
2.  “Есіл  бойында”  әңгімесіндегі  әнші  жігіттің  аты            
кім? 
а) Мұратбек;      ә) Мырзатай;       б) Бекберді.
3. “Саятшы Ораз” әңгімесіндегі басты кейіпкер  немен 
шұғылданады?
а)  Балық аулаумен;   ә) Тері илеумен;  б) Құсбегілікпен.
4. Ораз құс салумен қай жыл мезгілінде  айналысады?
а) Жазы-қысы;      ә) тек  жазда;     б) Тек  қыста.
5.Ораз өзі аулаған аң терілерін не қылады?
а) Сатып пайда қылады;     
ә) Сауғаға береді; 
б) Тұрмысқа пайдаланады.
6. Сәбит Мұқановтың  көлемді еңбегін белгіле.
а) “Өмір мектебі”;   ә) “Көксерек”;  б) “Саятшы Ораз”.
Тесттің дұрыс жауаптары:
1.  б;    2.  ә;    3.  б;    4.  а;   5.  ә;   6.  а.
Бағалау реті
«5»
«4»
«3»
5-6 жауап дұрыс 
болса.
4 жауап дұрыс 
болса.
3 жауап дұрыс 
болса.
VI.  Үйге  тапсырма:  «Саятшы  Ораз»  әңгімесін  оқу, 
аңшылық туралы шығарма жазу.
VII.  Бағалау.  «Өзін-өзі  бағалау  парағы»  бойынша 
қорытынды баға қойылады
.


101
Оқулыққа қосымша
Бибігүл ҚУАНЫШҚҰЛҚЫЗЫ,
Павлодар облысының
Шарбақты ауданындағы
«Шегірен» орта 
мектебінің мұғалімі.
БАЛАЛАР ЖЫРШЫСЫ –           
МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ
Қазақтың  көрнекті  ақыны,  балалардың  сүйікті  жыршы-
сы,  айтулы  публицист,  майталман  аудармашы,  әдебиет 
зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы 
мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұзафар Әлімбаевтің есімі 
аталса  болды,  алдымен,  балалар  ақыны  ретіндегі  орыны 
ойға оралары анық.
Әлемдегі қай елде болмасын балалар әдебиетіне, балалар 
ақын-жазушыларына  деген  көзқарас  пен  құрмет  ерекше. 
Дүниеден  хабары  жоқ,  бесікте  жатқан  сәбиді  өз  ырқына 
көндіріп, өз дегенін істететін – өлеңнен артық керемет бола 
ма?  Бөбектерге  арнап  өлең  жазудың  қиындығы  да  осында 
болса  керек,  өйткені  ол  барлық  жырдың  нәрі,  барлық 
жырдың басы ғой. Мұзафар атамыздың балалар әдебиетінің 
қалыптасып дамуына өзінің әр жастағы баланың ой-өрісіне 
сай  лайықталған  азаматтығы  асқақ,  мұраты  асыл,  тілі 
шұрайлы, қызық оқиғалы, күлдіргі әрі тапқырлығы жағынан 
әр  алуан  ойлы  туындылары  бала  психологиясының  нәзік 
сырына жетік білгірлігін танытады.
«...Мені  балалар  ақыны  жасаған  балаларым  мен 
бауырларым.  Бүлдіршіндерге  дегенімнің  денін  мен  солар 
үшін  жаздым,  алғашқы  нұсқаларын  соларға  тыңдаттым, 
мектепке  барған  соң  соларға  оқыттым,  соларға  сынаттым, 
жаттай  алмаса  не  ұқпаса,  солардың  ыңғайына  қарай 
өңдедім,  қысқарттым,  кәдеге  жаратпай,  толайым-түгел 


102
лақтырғандарым да болды…» дейді Мұзафар Әлімбаев.
Балажүректілік,  болмыс  атаулыны  балаша  қабылдап, 
балаша  сүю  немесе  балаша  ұнатпау  сияқты  балалар 
жазушысының  басты  бағалы  қасиеттерін  меңгерген 
Мұзафар Әлімбаев өмір бойы балаларды үйретіп қана емес, 
балалардан  үйреніп  келеді.  Оған  «Көңіл  күнделігіндегі» 
кішкентай  достары  туралы  «Балалардың  ақындық  қиялы 
ұшқыр», «Бала біткен – шетінен туасы талант» жолдары куә.
Балалар  ақыны  Мұзафар  Әлімбаевтың  «Ақсерек  те 
көксерек»  (Тақпақтар,  дастандар,  ән-өлеңдер,  жұмбақтар, 
жаңылтпаштар.  А.,  «Жалын»,  1971,  191-б.),  «Аспандағы 
әпке»  (Өлеңдер,  ертегілер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар.  А., 
«Жалын»,  1982,  136-б.),  «Екі  тақта  –  бір  көпір»  (Өлеңдер, 
тақпақтар,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  ертектер.  А., 
«Балауса»,  1992,  102-б.)  деген  жинақтары  жас    оқырман-
дардың  сүйікті  кітаптарына,  сырлас  серігіне  айналды 
(Келтірілген  мысалдар  ақынның  осы  жинақтарынан 
алынды).
Ақын 
шығармашылығы 
балаларды 
адалдыққа, 
еңбекқорлыққа, ізгілікке, әдептілікке,  инабаттылыққа және 
басқа  да  игі  қасиеттерді  игеруге  тәрбиелейді.  «Қол»  атты 
өлеңінде:
«Қолың сенің жаралған
Жақсылықты жинауға.
Аямай дос-жараннан
Өз барыңды сыйлауға.
Ен далаға – тың жерге
Иен жеміс егуге.
Елге келіп тигенде 
Жау  сазайын  беруге»,  -  дей  отырып,  дос-жаранды 
сыйлауға, еңбекқорлыққа, Отан сүюге шақырады. Оны, екі 
қолдың не үшін керектігін айта отырып, қарапайым тілмен, 
бала санасына жеңіл сөздермен түсіндіріп береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау