«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет32/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

127
Сыныптан тыс сабақ             
Өтебай СЕРӘЛІ,
Қызылорда облысының
                                  Арал ауданының
                                  «Ақбасты» ауылындағы
№22 орта мектептің мұғалімі.
«СӨЙЛЕЙ БІЛУ – ӨНЕР»            
САЙЫСЫ
(10-сынып)
Сабақ мақсаты: ана тілінің қадір-қасиетін, адам қарым-
қатынасындағы  маңызын,  тіл  мәдениетінің  ерекшелігін 
ұғындыру. 
Міндеттері:  1)  ана  тілін,  оның  мол  қазынасын 
меңгереді,  ауызекі  және  жазба  тілінде  сауаттылыққа, 
мәдениетті сөйлеуді үйренеді; 2) дүниетанымы кеңейіп, ой-
қиялы дамиды, ақылы кемелденіп, тұлға ретінде толығады. 
шешен  сөйлеп,  шебер  жауап  беруге  дағдыланады;  3) 
ана  тілінің  тәрбиелік  маңызын  ұғынады,  ұлтын  сүюге, 
отаншылдыққа  тәрбиеленеді. 
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдісі
түсіндіру,  пікіралысу,  сұрақ-жауап,  театрланған  көрініс. 
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих. 
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру.  Оқушылардың  сабаққа  қатысуын, 
сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. 
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. 
Жаңа сабақ. Сөйлей білу – өнер.
Оқушылар  екі  топқа  бөлінеді,  топ  басшысын  сайлап, 
топтарына ат қояды. Оқушылар қазылар алқасын сайлады. 
Олар: Қалабаева Балагүл – оқу ісінің меңгерушісі, Қадырова 
Бақыткүл – тарих пәні мұғалімі, Сламбаева Бағила – қазақ 


128
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Сайыс сабақ бөлімдері:
I. Таныстыру 
II. Мақал – сөздің мәйегі 
III. Шешендік сөз – халық даналығы 
IV. Ұлылар ұлағаты 
V. Ән – көңілдің ажары 
VI. Тіл мәдениеті деген не? (пікіралысу) 
VII. Сөз мәнері 
VIII. Сөйлей білу – өнер (ойтолғау).
Әр бөлімді қазылар алқасы оқушылардың тіл байлығына, 
сөйлеу мәнеріне, ой-пікірінің анық, айшықтылығына, сөйлеу 
шеберлігіне байланысты бағалап отырады. 
Оқушылар өз топтарына «Тұлпар» және «Сұңқар» деп ат 
қойды. 
І. Таныстыру.
«Тұлпар»  тобы.  Топ  басшысы  мүшелерін  таныстырып, 
ұранын, девизін топ мүшелерімен айтады.              
«Сұңқар»  тобы.  Топ  басшысы  мүшелерін  таныстырып, 
ұранын, девизін топ мүшелерімен айтады. 
Қазақ  әдебиетінің  классигі  Ғабит  Мүсірепов  «Тілді 
қадірлеу  дұрыс  сөйлеуден  басталады.  Жүйесін  тауып 
айтылған  сөз  жүрекке  тиіп,  жүйкені  босатады.  Адам 
мәдениетінің  алғы  шарты  –  дұрыс  сөйлей  білу.  Түсіне 
білгенге сөйлей білу – өнер. Тілін білмеген түбін білмейді» 
деген екен. 
Ендеше, дұрыс сөйлеп, шешен толғай білейік. 
ІІ.  Мақал  –  сөздің  мәйегі.  Бұл  бөлімде  оқушылар 
айтылған  мақалды  толықтырып,  мағынасын  түсіндіріп 
айтып береді. 
1. Уайым түбі ... ,    (тұңғиық)  Батасың да кетесің. 
Тәуекел түбі ... ... ,   (жел қайық)  Өтесің де кетесің. 


129
2. Еңбек түбі – ...     (береке) Көптің түбі – ...    (мереке) 
3. Жалқау кісі – ... ...    (жарым кісі) 
4. Тіл – ... көрінісі, ... кілті         (ақылдың, бірліктің) 
5. Ине көзінен сынады, шешен ... сынады. (сөзінен) 
ІІІ. Шешендік сөз – халық даналығы. Бұл бөлімде әр 
топ мүшелері шешендік сөзге байланысты көріністер қояды. 
«Тұлпар» тобы: «Малайсары мен Сырым».
«Сұңқар» тобы: «Қоңтәжі мен Қазыбек».
ІV.  Ұлылар  ұлағаты.  Мұнда  екі  топ  мүшелері  ұлы 
адамдардың тіл туралы айтқан сөздерін толықтырып, сөздің 
мағынасын түсіндіруі керек. 
1.  Халықтың мәңгі ғұмыры ... ...         (оның тілінде) 
    Әрбір тіл ... ... үшін ұлы.  (өзінің халқы)  
                                                     (Шыңғыс Айтматов).
2.  Тілден биік ... жоқ,    (асқар) 
     Тілден асқан ... жоқ,  (байлық) 
     Тілден терең ... жоқ.  (теңіз)     (Ғабит Мүсірепов). 
3.  
Егер қазақ тілін білсең ... ... осында, ... ... осында, ... ... 
осында.  (дін де, білім де, әулиелік те)  (Мәшһүр Жүсіп). 
4.  Тіл ... ... өткір.   (қылыштан да)  (Жүсіп Баласағұни). 
5.    Емле  жазу  үшін  ...,  жазу  тіл  үшін  шығарылған 
болса, ... бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ... керек.     
(шығарылған, тілді, ыңғайлау)  (Ахмет Байтұрсынұлы). 
V. Ән – көңілдің ажары  (сергіту сәті). Бұл бөлімде әр 
топтан бір оқушы ана тілі туралы ән айтады. 
VІ. Тіл мәдениеті деген не? (пікіралысу)
Мұнда  әр  топ  оқушылары  тіл  мәдениеті  жайындағы 
өз  ойларын  ортаға  салады.  Өзара  кеңесіп  алуға  5-7  минут 
уақыт беріледі. Әр топтан бір оқушы осы бөлімге қойылған 
тақырыпты қорғап шығады. 
«Тұлпар»  тобынан  Исламия  Сәуелханова:  «Адам 
сөйлеу  арқылы  өзінің  қандай  екенін,  мінезін,  болмысын, 


130
өмірге көзқарасын, мәдениетін де танытады. Сөзге шешен, 
тілге жүйрік жандар өз сөздерінде мақал-мәтелдерді тиімді 
қолдана  біледі.  Шешендікті  үйрену,  оны  өз  бойына  сіңіре 
білу – қазіргі жастарға керек қасиет. Сондай адамдардың да 
тіл мәдениеті үлгі тұтатындай болады». 
«Сұңқар»  тобынан  Айсұлу  Жаңабаева:  «Тіл 
мәдениетін дұрыс негіздеу үшін тек сөздерді байланыстыра 
білу  жеткіліксіз.  Сөз  мағынасын  толық  түсініп,  жеке 
ұғым  қалыптастыру,  асыл  сөздің  қыры  мен  сырына  терең 
үңілу  керек.  Сыпайы,  келісті  сөз  сөйлеушінің  абыройын 
арттырады,  тыңдаушының  ықыласына  бөлейді,  ол  туралы 
жақсы  пікірлердің  қалыптасуына  септігін  тигізеді,  тіл 
мәдениетіне деген ықыласының артуына игі ықпал етеді». 
VІІ. Сөз мәнері. Мұнда әр топтан бір оқушыдан шығып, 
өзара  телефонмен  сөйлесу  мәдениетін  көрсетеді.  Екеуінің 
сөз  алысуынан  басқа  оқушылар  қандай  жетістіктер  мен 
олқылықтар жіберілгенін ортаға салып, ой бөліседі. 
Телефон  арқылы  сөйлесу  –  қазіргі  қоғамымызда, 
заманымызда үлкен маңызды мәселе. Жеке тұлғаның сөйлеу 
мәдениеті, шешендігі, оралымды, ойлы сөйлем құрай білуі 
бұдан да байқалып тұрады. 
Талқылау  барысында  мыналарға  ерекше  мән 
берілуі  керек:  1)  сіз  телефондау  жағдайында;  2)  сізге                  
телефондау  жағдайында;  3)  телефонмен  сөйлесу  кезіндегі 
қолданылатын сөз орамдары. 
VІІІ.  Сөйлей  білу  –  өнер    (ойтолғау).    Оқушылардың 
сабақ  барысындағы  білген-түйгендерін  жинақтау.  Әр  топ 
өзара  6-8  минут  кеңесе  отырып,  ойтолғауларын  жазып 
таныстырады. 
Қорытынды.  Қазылардың  пікірлері  тыңдалып,  жеңім-
паз  топ  анықталады.  Әр  бөлім  бойынша  топ  мүшелеріне 
бағалары беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау