«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет33/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

131
Жас маманға жәрдем
Элмира ОМАРОВА,
Алматы облысының
Алакөл ауданындағы
 «Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына
 дейінгі шағын орталығы бар» 
мемлекеттік мекемесінің мұғалімі.
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»
(8-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың 
шығармашылық  қабілеттерін  ояту,  Қорқыт  және  «Қорқыт 
ата  кітабы»  туралы  жалпы  мәлімет  беру;  дамытушылық 
  оқушылардың  ойларын,  сөйлеу  дағдыларын  дамыту, 
өзіндік  шығармашылық  жұмыстарды  орындай  білуге                                             
баулу;  тәрбиелік  –  тарихты,  ұлт  тілін,  әдебиетін  сүюге 
тәрбиелеу.  Түрі:  аралас  сабақ  Көрнекілік:  қабырға  газеті, 
слайд,  қосымша  кітаптар  көрмесі,  тест,  ақша  көшірмесі. 
Әдіс-тәсіл:  баяндау,  түсіндіру,  сұрақ-жауап.  Пәнаралық 
байланыс: тарих, музыка.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ.  Үй  тапсырмасын  тексеру.  Тест  арқылы  тексеру 
(деңгейлік тапсырма).
ІІІ. Жаңа сабақ.
Түбі бір түркі халықтарының ойшылы саналатын атақты 
ақын,  күйші,  философиялық  мазмұны  терең  аңыздардың 
кейіпкері  Қорқыт  бабамыз  баршамыздың  рухани 
болмысымыздың алтын арқауы болып табылады.
Қорқыт ата VІІІ-ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент 
қаласында  өмір  сүрген.  Ол  кісінің  мазары  Қармақшы 
стансасынан  18  шақырымдай  жерде  тұр.  Қорқыт  – 


132
түркілердің  оғыз  ұлысынан  шыққан  асқан  сәуегей,  бақсы, 
күйшілік-жыраулық өнердің атасы. 
Аңыз  бойынша  Қорқыт  бабамыз  артына  адамның 
өлімнен қашып құтылмайтындығы, оның өмірін жарық дү-
ниеде бітіріп кеткен жасампаздық ісі мен өшпес өнері ғана 
жалғастыра алатындығы туралы данышпандық, пәлсапалық 
байлам  қалдырды.  Аңыз  желісінде  Қорқыт  жиырма  жасқа 
келгенде  түс  көреді.  Түсіндегі  ақ  киімді  кісі  «Қырықтан 
артық  өмір  сүрмейсің»  деген  соң  нағашылары  сыйлаған 
желмаясына мініп алып өлмейтін жер іздейді. Қайда барса 
да алдынан көр қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» 
деп сұраса олар «Бұл – Қорқыттың көрі» деп жауап береді. 
Жан сақтауға жер қалмаған соң Сыр суының бетіне кілемін 
төсеп,  аңыратып  қобызын  тартады.  Оның  жанын  алуға 
келген  ажал  күйдің  әсерінен  неге  келгенін  ұмытып  тұрып 
қалады.  Қорқыт  қалғып  кеткенде  ғана  ажал  жылан  болып 
шағып өлтіреді. Осындай аңыздар бар.
Қорқыт  бабаның  «Ұшардың  ұлуы»,  «Аққу»,  «Кілем 
жайған»,  «Желмая»,  «Әуіппай»,  «Башпай»,  т.б.  күйлерін 
қобызшылар сақтап қалған. 
Қорқыт баба айтқан жырлар ХV ғасырда қарасөзбен хатқа 
түскен.  Кітапта  он  екі  жыр  бар.  «Қорқыт  ата    кітабының» 
екі  түрлі  нұсқасы  бар.  Бірі  –  Дрезден  /Германия/,  екіншісі 
– Ватикан /Италия/ нұсқасы. Дрезден нұсқасында 12 түрлі 
жыр  болса,  Ватикан  нұсқасында  соның  тек  алтауы  ғана 
жазылған.  Бұл  жырлар  дүниежүзі  түркологтарына  мәлім. 
Ол  жөнінде  314  зерттеу,  462  еңбек  жазылған.  Осылардың 
ішінде В.Бартольд үлесін ерекше атап өту керек. Ол Дрезден 
нұсқасын түсіріп алып, 1922-1925 жылдар арасында аударып 
шыққан болатын. Осы жазбада алғы сөз ретінде Қорқыттың 
нақыл  сөздері  жазылған,  одан  кейін  жырлары  жалғасын 
табады.
1.  Оқушыларға  «Қорқыт»  туралы  дайындалған  бейне 


133
үзінді көрсету.
2. Оқулықпен жұмыс
«Қорқыт  ата  кітабы»  (VІІІ  –  ІХ  ғ.)    мәтінін  тізбектей 
оқыту.
3.  Қорқыт  күйлерінің  мазмұнымен  таныстыру,  күйін 
тыңдату.        Топтастыру стратегиясы
                                                                                                      
                                            
4.Сөздікпен  жұмыс:  Баят  бойында  –  оғыздардың  баят 
руы мекендеген жерде. Әулие – байлыққа қызықпайтын адал 
жан. Әзелде жазылмаса – тағдырда.
5. Топтық жұмыс (ізденіске жетелеу).
Сыныпты төрт топқа бөлу. Тапсырмалар орындату.
1. Нақыл сөздердің мағынасын ашу және қазіргі кезеңдегі 
мақал-мәтелдермен ұқсастығы барларын табу. (Нақыл-өсиет 
сөздерде өткен заман кескіні, үй-тұрмыс жағдайы, ата-ана, 
ұл  мен  қыз,  табиғат  көрінісі,  хайуанаттар  тіршілігінен 
түсінік беріледі)
2.  Әйел  мінезіне  байланысты  айтылған  нақыл-өсиеттің 
төрт түрлі мағынасын ашу.
IV. Сабақты қорытындылау.
Сұраққа жауап: Ол қандай қасиетімен ел есінде қалды? 
2.Өмірде  өлмейтін  не  нәрсе?  3.«Қорқыт  ата  кітабының» 
неше нұсқасы бар? Онда неше жыр жазылған?
Дәптермен жұмыс. Кестені жазбаша толтыру.
 
ЖЫРАУ 
СӘУЕГЕЙ 
 
ОЙШЫЛ 
КҮЙШІ 
АБЫЗ 
БАҚСЫ 
ҚОРҚЫТ 
ӘУЛИЕ 


134
Сәндігүл ЕЛЕУОВА,
Жезқазған қаласының
 дарынды балаларға
арналған облыстық қазақ-түрік 
ерлер лицей-интернатының
мұғалімі.
ТОЛЫҚТАУЫШ ЖӘНЕ ОНЫң 
ТҮРЛЕРІ
(8-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  толықтауыштың 
тұрлаусыз  мүше  екендігін  игереді,
  оның  негізгі 
грамматикалық белгілері мен жасалу жолдарын, байланысу 
түрлерін    біледі,
  жанама  және  тура  толықтауыш  туралы 
мәлімет  алады;  дамытушылық  –  логикалық  ойлау 
сұрақтарына  жауап  береді,  берілген  сұраққа  тура  емес, 
жанама жауап береді,  сауатты талдауға үйренеді; тәрбиелік 
ұжыммен бірлесіп жұмыс атқара біледі, топтық ережелерді 
сақтай  отырып  жұмыс  атқарады,  бір-бірінің  пікірін,  ойын 
тыңдау  арқылы  сөйлеуге  дағдыланады,  топтағы  оқушылар 
бірін-бірі тыңдап, пікір алмасады, даму аймағына бір-бірінің 
жұмысы арқылы қол жеткізеді.
Типі:  аралас.  Түрі:  жаңа  білімді  меңгерту.  Әдіс-тәсіл
топтастыру, кешенді талдау, тірек сұрақтармен жұмыс, тірек 
сөздермен  жұмыс. 
Құрал-жабдық:  маркер,  интерактивті 
тақта,  қима  қағаздар,  кестелер.  Пәнаралық  байланыс: 
әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.  Оқушыларды  түгелдеу.  Топтарға  бөлу. 
Микроклимат орнату.
Толықтауыштың жасалуы.  


135
№1 кесте
Сөз табы
Шарты
Мысалдар
Зат есім
Кез келген зат 
есім
Әлияның балалық шағы 
жақсылыққа толы.
Есімдік
Зат есім орынына 
қолданылатыны
Оған аздап көмектесуге 
болады.
Сен мұны аналарға 
сездірген жоқсың ба?
Сын есім
Заттану немесе 
субстантивтену
Білімдіге дүние жарық.
Сан есім
-
Он екіге бөлінеді
Етістіктің есімшелі 
түрі
-
Білгенге жол бос.
Толық мағыналы 
сөз туралы, 
жөнінде, жайында 
шылаулары
-
Бақыт туралы әркім әр 
түрлі түсінеді.
Астана жайында түрлі  
шығармалар жазылды.
Сатылай кешенді талдау.
Ақылдыға айтқан сөз  қолға ұстаған тумен тең.
Бекіту  әрі бағалау кезеңі.
Қазақстанның  туын  кімнің  жоғары  көтергісі  келеді? 
Ол  үшін  мына  сұрақтарға  шапшаң  жауап  бере  отырып, 
толықтауышты  табу  керек:  1.Нені  арман  етесің?  2.  Кімді 
құрмет тұтасың? 3. Немен шұғылданасың? 4. Кімге ұқсағың 
келеді? 5. Неге қызығасың? 6. Неден әсер аласың? 7. Кімнен 
үлгі  аласың?  8.  Досыңмен  не  туралы  әңгімелесесің?  9. 
Кіммен  жолдассың?  10.  Неге  риза  боласың?  11.  Кімді 
қуантқың  келеді?  12.  Кіммен  мақтанасың?  13.  Нені  талап 
етесің? 14. Кімге ризасың? 15. Неден қорқасың? 16. Кіммен 
сөйлескенді қалайсың? 
Үйге  тапсырма.  Берілген  тірек  сөздерге  атау  және  ілік 
септіктен  басқа  жалғауларды  жалғап,  толықтауыш  етіп 
сөйлем құраңдар.


136
Алмат ШАРАПАДИНҰЛЫ,
Қызылорда облысының
Қармақшы ауданындағы
№185 орта мектептің мұғалімі.
АБАЙДЫң «ЕСКЕНДІР»  
ПОЭМАСЫ
Сабақтың  мақсаты:  а)  оқушыларға  «Ескендір» 
поэмасының мазмұнын  меңгерту, идеясын ашу, поэмадағы 
кейіпкерлерге талдау жұмысын жүргізу; ә) оқушылардың өз 
ойын айта білу, ойлау қабілетін арттыруға, шығармашылық 
ізденіске  жол  ашу;  б)  ақынның  бейнесі  арқылы  ұлтжан-
дылыққа,  елін,  жерін,  туған  отбасын  сүюге  тәрбиелеу, 
тойымсыздық, қатыгездік қасиеттерден бойын аулақ ұстауға 
үйрету. 
Типі:  жаңа білімді меңгерту. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: 
сұрақ-жауап,  топтастыру. 
Пәнаралық  байланыс:  тарих. 
Көрнекілігі: шығармалары, сөзжұмбақ, плакаттар.
Сабақтың барысы.
І.  Ұйымдастыру.  Оқушылармен  амандасу,  түгелдеу. 
Сабаққа әзірліктерін пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрап бағалау.
Абайдың қарасөздері
Қарасөз
Не айтылған? Айтар ойыңыз
Бесінші 
Отыз бірінші
Жиырма сегізінші
ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау. Сөзжұмбақ «Қарасөз»


137
1.  Сансызбай,  Қаршыға  атты  кейіпкерлер  қай                         
шығармада кездеседі?
2. Абайға жеңгелері қойған есім.
3. Екі мәрте қажылыққа барған қазақ ақыны.
4. Халықтың Төле биге қойған аты.
5. Ер Тарғын батырдың жары.
6. Ыбырай Алтынсарин өлеңі.
7.  Дулат  Бабатайұлы,  Шортанбай  Қанайұлы,  Мұрат 
Мөңкеұлы қай ағымның өкілдері? 
ІV. Жаңа сабақ.
Абайдың «Ескендір» позмасы
Оқушыларға  Ескендір,  Аристотель  туралы  мәлімет 
беріледі. Поэманың мазмұнын меңгертемін.
б.з.б. 384-322 ж.   б.з.б. 356-323 ж    ІІ Филипп патшаның
өмір сүрген          өмір сүрген                       баласы
физик, 
мате-                             грек  патша 
                  «Азияның
матик                         ғалымы                                    патшасы»       
                        Жердің шар  Александр маягын  атанды.
Ескендірдің       тәрізді            салды             Александрия  
ұстазы, ғалым      екендігін ашқан                     мемлекетінің
                                                                        негізін қалады.
 
Қ  Ы 
І 
Ж 
Б  Е 
А 
К 
А 
Р 
Ғ 
Л 
Е 
Т 
Ш 
И 
І 
Р 
М 
Ә 
К 
Ә 
Қ  А  Р  Л  Ы  Ғ  А  Ш 
Б 
З 
С 
І 
Н 
Ү 
Ж 
Қ 
А 
А  М  А 
Ө  З 
Е  Н 
З 
А  Р 
З 
Н 
 
Аристотель  
кім? 
 
Ескендір 
кім? 


138
Ти  кестесі 
Мұғалім сұрағы
Оқушы жауабы
Поэманың идеясы қандай?
Ескендір қандай билеуші?
Поэмада теңеу сөздер кездесе ме?
Қандай билеушіні білесіңдер?
Сөздікпен  жұмыс:  шаһар  –  қала;  бодан  –  бағынышты, 
тәуелді; қол – әскер, жасақ; хакім – ғалым, данышпан; ғибрат 
– үлгі-өнеге, тәрбие; 
шаужай – киімнің төменгі жағы, етегі.
Кейіпкерлермен жұмыс
Шығарманың 
аты
Ав-
торы 
Кейіп-
керлер 
Іс-
әрекеті
Адами 
қасиеті
 «Кім жылдам?» ойыны. Төмендегі сөздердің синонимін 
табыңыз.
Қу  өмір  –  жалған  дүние,  бес  күндік  дүние,  қамшының 
сабындай қысқа ғұмыр. Қайғы – қасірет, уайым, мұң, шер, 
зар. Ұят – ар-ождан, намыс. 
V. Сабақты бекіту.
VІ. Оқушыларды бағалау. Мадақтау.
VІІ  .  Үйге  тапсырма:  «Абай  шығармаларының                
тәрбиелік мәні» (ойтолғау). 
 
«Ескендір» поэмасынан 
қандай тәрбие алдыңыз? 


139
Көмекші  құрал
Гүлден РАМАЗАНОВА,
Батыс Қазақстан облысының
Теректі ауданындағы 
«Ақсуат» жалпы орта білім 
беретін мектебінің мұғалімі.
5-СЫНЫП «ӘДЕБИЕТІНЕ» 
АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
                           (Бастапқы бөлігі өткен сандарда)
13-тақырып. Ғабит Мүсірепов.
1. Жазушы өмірінен хронологиялық кесте жаса.
Мерзімі
Болған оқиғалар
2.  Ана  тақырыбына  көбірек  қалам  тербеген  қазақ 
жазушысы  мен  орыс  жазушысының  осы  тақырыптағы 
қандай шығармаларын білесің? Толықтыр.
                                                                                  «Мать»
«Ананың анасы»                                                   
                                                                              «Старуха                                                                               
                                                                            Изергиль»
3. Қайроштың қалаға қашу себебі не?
1)  --------------------------------------------
 
Ғабит 
Мүсірепов 
 
Максим 
Горький 


140
2)   -------------------------------------------
4.  Қайроштың  қалаға  қашып  баруы  дұрыс  па?  Қалай 
ойлайсың? Өз пікіріңді қағаз бетіне түсір.
------------------------------------------------------------------------
5. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Жер-су 
атаулары Кейіптеу
Мақал-
мәтелдер
 Тұрақты 
тіркестер
1.Қаракөк Каспийдің бір 
сарынмен ғана дем алған 
ауыр ыңыранысы естіле 
бастады.
6.  Түсіндірме  сөздікті  пайдалана  отырып  берілген 
терминдердің мағыналарын жаз.
Опера –    Театр –     Цирк –      Пейзаж – 
7.  Мәтіннен  Шеген  мен  Бораштың  портреттерін  тауып 
жаз.
Шеген  –    ................................................................................
.......................................................................................................
Бораш – ..................................................................................
.......................................................................................................
8.  Талқылау  картасын  пайдалана  отырып  өз  ойыңнан 
дәлелдер келтір.
        Иә                                                         Жоқ
Шеген – қашқын емес,               Шеген – қашқын
жақсы бала
1 аргумент                                 1 аргумент
.......................................            .........................................
2 аргумент                                2 аргумент
.......................................            .........................................
9. Қайрошты салыстыр.
Оқыған Қайрош
Оқымаған Қайрош


141
10.  Шығармадан  Қайроштың  анасына  деген  сағыныш 
сезімі бейнеленген үзіндіні негізге ала отырып, «Сағыныш» 
атты шағын эссе жаз.
Сағыныш /эссе/ ......................................................................
..................................................................................................
14-тақырып. Сапарғали Бегалин.
1.
                    Әдебиетші
                 
                                                                          Саяхатшы
2. Шығарма кестесін толықтыр.
Шығарманың аты
«Жаңа достар»
«Бала Шоқан»
Авторы
Идеясы
Оқиға орыны
Кейіпкерлері
Оқиға туралы ой
3.  Мәтіннен  көнерген  сөздерді  тауып,  түрлеріне 
ажыратып,  мағыналарын жаз.
Историзм
Архаизм
Аға сұлтан – .............................
...................................................
Пәуеске – төбесін, сыртын 
былғарымен жапқан, 
 
Шоқан 
Уәлиханов 


142
Төре – қазақ қоғамындағы 
үстемдік еткен ақсүйек.
 ...................................................
..................................................
күймелі жеңіл арба.
Терте – ..................................
...............................................
4.  Мысықтың  Шоқан  ауылына  алғаш  келгенін                 
көрсететін  тұстар  қиялыңда  қандай  көріністер  тудырады? 
Сол сәтті елестете отырып, қағазға түсіріп көр.
.................................................................................................
5. Берілген кестені толтыр.
Үзінді
Қай 
кейіпкердің 
сөзі?
Мінездеме
1. – Не бересің, бауырсақ бересің 
бе, қант бересің бе?
2. - Өй, жынды, әрі кет, мұнда 
нең бар?
3. – Ей, кәдуілгі түйе. Өй, өзің 
қандай шеберсің! Жүр, менімен. 
Апама ұрыстырмаймын.
4. – Мына шіркінді қайдан ертіп 
жүрсің? Дауысы қалай ащы еді, 
әкетші әрі.
5. - Өй, кет былай, жолдан!
6. – Иә, дәл өзі. Бірақ мына 
қойының құлағы тым үлкен 
екен.
7. – Түк те қойға келмейді, 
пәлі, құйрығын қара, тап иттің 
құйрығы.
8. – Уәде беріп, артынан 
алдасам, ұят емес пе? Бұдан 
былай ол менің сөзіме сенбейді 
ғой.
9. – Мә, Шоқан, істеп қойдым. 
Мен сені келмей қалар деп ем...


143
10. – Мына Мысыққа менің 
ана қоңыр шапанымды, жеңіл 
етігімді беріңізші, кисін.
6. Орыс ғалымы Сотниковтың «Халық таланты дегендер 
осылар-ау!  ...  Мынау  кең  далада  қандай  тамаша  талант-
тар жоқ дейсің. Тек бұлардың көзін ашатын білім керек» 
деген  сөзінің  бұл  әңгімемен  байланысы  бар  деп  ойлайсың 
ба? Неліктен? -----------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
15-тақырып.  Иса Байзақов.
1. Өлең құрылысына талдау жаса.
Өлеңнің тақырыбы:
Мазмұны:
Өлең шумағы:
Бунақ, ырғақ:
Ұйқас:
Тармақ:
Буын саны:
16-тақырып.   Мұхтар Шаханов.                                
1.  Мұхтар  Шахановтың  өмірінен  хронологиялық                     
кестені толтыр.
Мерзімі
Болған оқиғалар
1842 ж.
1961-1965ж.
1965-1970ж. «Лениншіл жас» /қазіргі «Жас Алаш»/ 
газетінің оңтүстік облыстардағы тілшісі.
1971-1976ж.
1976-1979ж.
1984-1993ж. «Жалын» альманағының бас редакторы.
                                                              (Жалғасы бар).


144
Бас редакторы – Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
Қазақ тілі мен әдебиеті» – 
ай сайын шығатын республикалық ғылыми-
педагогикалық және әдістемелік жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы – Рыскелді САБЫРБАЙ.
Корректоры – Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы 
ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 
қою туралы №6266-ж Куәлігі берілген.
Басуға 02.07.2013 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0.
Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы – 3840.
Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75746.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,
Гайдар көшесі, 123-үй. Бас редактордың қабылдау 
бөлмесі және бөлімдер...............268-32-48.
Факс..............................................243-15-53.   
Электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru.
Басылатын жері – «Према» ЖШС.      
ЕЖЕМЕСяЧНЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ 
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ И МЕТОДИЧЕСКИЙ 
ЖУРНАЛ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ 
ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
ӘДЕБИЕТІ» ЖӘНЕ «ҰЛАҒАТ»
 © «Қазақ тілі мен әдебиеті», №9, 2013 ж., 144 бет, Алматы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау