107
«Көрдің талай аралап
Мәуелі жеміс бақшасын.
Тәттілерін таңдап ап,
Жемісін талай татқасың.
Зақым түссе, ал бірақ
Ағаш қалар семер де.
Жылдағыдай балбырап
Жемісі қайта өнер ме?
Кітап та – алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін», - деп тәтті жемісті қалай сүйсініп
жесең, сол сияқты кітаптың әр бетін тәтті жеміске балап,
сүйсініп оқы, өмір жолыңда жеміс беретіні анық дегенді
аңғартады.
Ақынның бала бойында болатын ұмытшақтық,
жалқаулық, салғырттық сияқты жаман әдеттерді сынайтын
өлеңдерін оқи отырып, еріксіз езу тартасың. Мұны оқыған
әр бала сондай болмауға тырысатыны анық. «Ұмытшақ
Үмітхан» өлеңі:
«Класқа келіп Үмітхан,
Жаутаңдап қара көздері,
Үйінде өзі ұмытқан
Дәптерін таппай іздеді.
Сылтауратып бұлтара,
Күмілжіді Үмітхан:
Дәптерді салмай сөмкеме
Мен емес, әжем ұмытқан.
Айтқаны, тіпті, сөз емес,
Жалтарғаны – о несі?
Үмітханның өзі емес,
Оқи ма екен әжесі?!»
108
«Бас пен қол» өлеңінде:
- Сабақ қалай, бала?
- Жаман емес, аға!
Біледі жөнін,
Ақылды басым, ақылды!
Бірақ та қолым
Ұятқа талай батырды.
Ақылға сүйеу бола алмай,
Қаламға ие бола алмай,
Сызықтан асып кетеді,
Сиясын шашып кетеді, -
деп Сәкен төмен қарады...,- дейді. Бұл жолдардан
өз кемшілігін мойындағысы келмейтін бала бейнесін
аңғарамыз.
-Шәкір!
Көршіні шақыр.
-Мақұл!
-Шәкір!
Тіге қой шатыр!
-Мақұл!
-Шәкір,
Бұл – біздің батыр. «Шәкір - мақұл» деп аталатын бұл
өлеңінде ақын Шәкір деген баланың бойындағы жалқау-
лықты, берген тапсырманы орындауға құлықсыздықты,
үлкендер сөзіне құлақ аспаушылықты ойнақы түрде әжуалап
жеткізеді. Шәкір берілген тапсырманың біреуіне де жоқ
демегенімен, ешқайсысын да орындамайды. Үлкендер
жұмсағанда «Қазір, қазір» деп қарын тойғызып, теледидар
немесе компьютерден бас көтере алмай отырған баланың
бейнесін көз алдыңа алып келеді.
Жалқаулық тәрізді мінездегі мінді сынайтын Мұзафар
атамыздың тағы бір өлеңінде жалқау бала тұрып есікті
жабуға да ерінеді. «Ана есікті жаба салшы» деген өтінішке
109
ол әрең ыңыранып:
- Жел соқпай ма,
Сол жаппай ма?- деп жауап қайтарады. Осылайша ақын
ата құрғақ ақыл бермей, өмірде кездесетін, болып тұратын
мысалдар арқылы баланы ойланта отырып оларға тәлім-
тәрбие береді. Өзіне жүктелген жұмысқа жауапкершілікпен
қарап, ұқыптылық таныту қажеттігін бала кішкентай кезден
бастап түсіну қажет деп ойлаймыз. «Самат пен сағат» атты
өлеңінде де сылтаушыл бала бейнесін анық көреміз.
«Сағат тоқтап қалыпты,
Самат ұйықтап қалыпты.
Сағат ұйқышыл ма?
Самат ұйқышыл ма?» – деп сабаққа кешігіп келгенін
сағаттың тоқтап қалғанынан көріп тұрған ұйқышыл бала
түрін ап-айқын байқаймыз. Өлең астарында жатқан мысқыл
мен әжуа әрбір баланы ойландыратыны сөзсіз.
Мақаламызда қарастырған өлеңдердегі ортақ тақырып
– балаларды бауырмалдыққа тәрбиелеу, үлкендерді
сыйлау, еңбекті сүю, жалқау болмау. Мұнан басқа Мұзафар
Әлімбаевтың кішкентай оқырмандарына арналған еңбек
тақырыбындағы, кәсіп, мамандық таңдау, жыл мезгілдеріне
байланысты, табиғаттың тылсым күштерін сипаттаған
өлеңдері, дене шынықтыру тақырыптарына арналған
өлеңдері өте көп. Оларда ақын балаларды қоршаған орта
табиғатын қорғауға, аялауға үндейді. Мамандық пен еңбек
тақырыбындағы өлеңдерінде балаларды сан алуан мамандық
және кәсіп түрлерімен таныстырады әрі тынбай еңбек етуге,
еңбекті, еңбек адамдарын құрметтей білуге шақырады.
Ақын атамыз көтерген тақырыптардың қай-қайсысы
да жас ұрпақ үшін өте маңызды. Өлеңдерінің таным
тарапындағы мағынасы мен тәрбие саласындағы мәні орасан
зор.
110
Авторлық бағдарлама
Гүлжан ҚОСЫМОВА,
Ақтөбе облысының
Әйтеке би ауданындағы
«Жабасақ» орта
мектебінің мұғалімі.
«ҚАЗАҚ ЖАЗУ ТАңБАЛАРЫ
ЖҮЙЕСІНІң ТАРИХЫ» ТАңДАУ
КУРСЫ
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім
беру ісінде оның жеке-даралық ерекшеліктеріне мейлінше
мән бере отырып, бейіндік оқыту жүйесі іске асырылуда.
Алдағыны болжау үшін өткенді білу – өмір, ғылым
қажеттілігі. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тек
гендерлік мағынада ғана емес, ел тарихын, мәдениетін,
әдебиетін, жазу-сызуын біліп, зерделеп, көңілге тоқи алу
қажеттілігін де ұғындырады. Қазіргі таңда қазақ жазуына
өзгеріс енгізу, латын графикасына көшу туралы ұсыныстар
мен пікірлер айтылып талқылануда. Осы мәселеге деген
өзіндік көзқарасын білдіру – әр азаматтың парызы. Бүгінгі
бала – ертеңгі мемлекет тірегі. Қазақ ұлттық жазу тарихын
оқи отырып, оқушының білімі толығады, түрлі графика
туралы мәлімет ала отырып, қолдануға талпыныс жасайды.
Қазақ жазуы қандай кезеңдерде қандай өзгерістерге
ұшырағанын біледі. Осы салада еңбек еткен, зерттеулер
жүргізген ғалымдар туралы хабардар болады және олардың
еңбектерімен танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |