103
«Жолдама» өлеңінде:
«Қасына ертем сені ағалардың,
Қолына берем сені даналардың.
Саналық сарайында қазына мол –
Сыйлығы саған қалған бабалардың.
Қадірле сол асылды, көзіндей көр,
Кінәлі тата алмасам өзім дей бер.
Еңбек пен еріншектік сыйыспайды –
Мектепке сарылудан безінбей кел», - деп ата-анасын,
туған-туыстарын сыйлай, құрметтей білген, үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсете білген бала ғана болашақта әр
түрлі қоғамдық қатынас арасына түскенде сол қоғамның
беделді мүшесіне айналады, өйткені еңбекке, жұмысқа
қабілеттілікпен қатар кез келген қоғам өз мүшелерінен таза
адамгершілікті, сыйластықты күтеді дегенді әдемі тақпақ
жолдарымен түсіндіріп береді.
«Жалықпа сырлы томмен сырласуға,
Сонда сен шыға аласың шың басына.
Сонда сен ел-анаңды ырза етесің,
Сонда сен шарқ ұрасың Күн қасында»,- деп жырлайды.
Демек, баланың жеке тұлға, қоғамның толыққанды
мүшесі болып қалыптасуы баланың тәрбиеленген, білім
алған, қалыптасқан ортасына және сол өмірлік тәжірибені
меңгере алуына байланысты.
«Әке» өлеңіне назар салсақ:
Мақтайды әкем:
Батырым,
Енді өзіме серік, -деп.
Өсіп келе жатырмын
Өз әкеме еліктеп.
Әкем мені жасымнан
Тастамайды қасынан.
Өз баласының өсіп келе жатқандығына әке мақтанышы
104
кейіпкер сөздерімен берілген. Батырым, өзіме серік деген
сияқты жас балаға сенім арта айтылған сөздер әке мен бала
арасында түсіністік, махаббат бар екенін дәлелдейді. Өз ата-
анасына еліктеу, үлгі ету арқылы бала оларды құрметтеуге,
бағалауға, сыйлауға үйренеді. Ал «Ана» өлеңіне назар
аударар болсақ:
Күн жетпейді, алаң боп
Кітап оқи бастасам...
«Шаруам көп, шамам жоқ»
Демейді анам ешқашан.
Бізді бағып-қағады,
Қайдан мұрша табады.
Баланың атынан айтылған бұл өлеңде баланың анаға
деген махаббатын, сүйіспеншілігін байқаймыз. Түн ұйқысын
төрт бөлген қазақтың аяулы аналар бейнесі көрінеді.
Кішкентай балалардың іс-әрекетіне негізделген өлеңдер
баланы қызықтырып, оған ой тастайды. Ақынның бала
бойында жақын адамдарға, туыстарға деген сүйіспеншілікті
ояту, мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл
қасиетті дарыту мақсатында жазылған шығармаларының
ішінде атаға арналған өлеңдері көп екеніне көз жеткіздік.
Оның «Менің атам осындай» өлеңінде:
... Қиқаң-қиқаң қозғап қойып арқасын,
Жатқа айтады Еуропаның картасын...
Жауынгерлік жас шағымда, ер күнде
Жаяу жеттім Москваға, Берлинге.
Жорықтарда ой мен қырын сүзгенбіз,
Европаның азаткері – біздерміз!
Атасы айтқан қызықты әңгімелерін көңіліне түйген
немере бойында өз атасына деген мақтаныш сезімімен қатар
«Мен де өскенде Отан қорғайтын азамат боламын» деген
пікір қалыптасатыны сөзсіз.
105
«Ата» өлеңінде:
«Елге мәлім атағы,
Белуардан сақалы,
Таусылмайтын өлеңі,
Хикаясы, мақалы...
Атам менің тың әлі,
Аңға жиі шығады»,- деп ұлттық дәстүр мен оның
тәрбиедегі орынына мән береді. Хикаясы мен мақалы
таусылмайтын, аңға шығатын ата бейнесін көре отырып,
әрбір бала өз атасының бойындағы ізгі қасиеттерді
аңғаруға ұмтылады.
«Ата өнегесі» өлеңінде:
«... Ауылдағы мұғалім
Сұрайды ақыл атамнан.
Өзі ұмытса жырларын
Сұрайды ақын атамнан.
«Жанды кітап - шежіре»
Атам солай атанды»,- делінеді. Атасын «Жанды кітап –
шежіре» деуінде үлкен астар жатыр. Атасы соғыс ардагері
ғана емес, елдегі барлық жағдайдан хабары бар, көпті көрген
көргенді ақсақал, өзінен кейінгілерге ақыл-кеңес беретін
ақылгөй дана ретінде көрінеді. Осы туындымен үндес, ұқсас
«Атам – кітап, мен – дәптер» өлеңінде де атаға деген зор
құрмет анық көріне түседі:
Атам – кітап, мен – дәптер,
Ақыл толы сөзінде,
Қызығам да, әлбетте,
Көшіремін өзіме.
...Қанша оқысаң, сарқылмас
Өмір – кітап атамыз!
Баланың кішкентай кезінен атасының өнегелі, ғибраты
мол сөздерін естігені, санасына тоқығаны оның өскенде де
106
тәлімі зор тұлға болатынын аңғартады.
Енді әжелерге арналған өлеңдерін қарастырып көрейік.
«Іше ғой, жей ғой, тоя ғой!
Жылама, Көкем! Қоя ғой!
Тойлардан сарқыт тасыған
Шықпайсың әже қасынан.
Дастарқан болып жайылған
Әжеңдей кім бар мейірбан?!»
Осы өлең жолдарынан әрбір бала өз әжесінің бейнесін
көреді. Бала тойға кеткен әжесін асыға күтеді, әжесі оларға
сарқыт әкеледі. Әсіресе, «Дастархан болып жайылған» деген
жолдардан мейірімді әженің бейнесі айқын көрінеді.
«Әже, әже, жатпашы,
Ауыр ойға батпашы!
Дәрі жасап берейін,
Бәрін жасап берейін.
Ауыртпаймын әжемді,
Ауырмайсың, әже, енді»,- деп баланың әжесіне деген
ыстық ықыласын, махаббатын, мейірімділігін тап басып
суреттейді. Әжесінің ауырғаны жанына батқан бала
«Болашақта дәрігер болам, сені емдеймін, ауыртпаймын»
дейді. Әрине, мұндай сөздер әрбір әженің көңілін
көтеретіні анық.
Бала бойында ата-әжеге, әке-шешеге деген құрмет
сезімдерін оятуға, адамгершілікті дарытуда аталмыш
өлеңдердің орыны ерекше екенін байқадық. Ең бастысы,
Мұзафар атамыздың балаларға арналған өлеңдерінен
біз ұлттық тәрбиені, сана-сезімді аңғардық. Халықтың
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген нақыл сөздерімен
үндес келетінін пайымдадық.
Мұзафар атаның тәрбиелік мәні бар өлеңдерінің ішінде
«Кітап» өлеңіне назар аударар болсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |