12) карантинге жатқызылған әкелінетін өнiмдi межелі пунктiнде қайталап карантиндік
жете тексеру үшін ұсынбау;
13) карантиндік арамшөптермен қоқысталған тұқымдық немесе отырғызылатын материалды
егу үшін пайдалану;
14) карантиндік объектілерден бос аймақта дайындалған карантинге жатқызылған
өнiмнен карантиндік объектілер таралатын аймақта дайындалған карантинге жатқызылған
өнiмдi сақтауды немесе тазартуды жүзеге асыру;
15) қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге,
сақтауға, тасымалдауға және өткізуге
байланысты егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды
жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етпеу;
16) карантинге жатқызылған өнімді карантиндік сертификатсыз облысаралық
тасымалдауды жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын
карантинге
жатқызылған өнімді әкелу, мемлекетішілік тасымалдау кезінде және өткізу
кезінде:
1) Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді, сондай-
ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын
әкелу;
2) Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салуларды
немесе оған шектеулерді бұзу;
3) карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді өткізу;
4) Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан шығарылған карантинге
жатқызылған өнімді алып бара жатқан жолда басқа
мекенжайға жіберу;
5) ғылыми-зерттеу мақсатында әкелінетін кенелерді, нематодтарды және тірі
жәндіктерді дәндi, дәндi-бұршақтық, жемшөп, майлы, техникалық дақылдармен және оларды
қайта өңдеу өнімдерімен, мәуелермен, көкөністермен, жемістермен және картоппен,
отырғызылатын немесе
тұқымдық материалмен, тірі гүлдердің және құмырада өсетін
өсімдіктердің кесінділерімен, сүрек, буып-түю және бекіту материалдарымен бір мезгілде
тасымалдау;
6) карантиндік объектілермен залалданған, карантинге жатқызылған өнімді
карантиндік фитосанитариялық аймақтан әкетуге тыйым салуларды немесе шектеулерді бұзу
түрінде жасалған бұзушылық –
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған
жағдайда,
оны тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Карантиндік объектілердің таралуын есепке алуды уақтылы немесе тиісінше
жүргізбеу не өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
объектілерінде өсімдіктер карантині бойынша шараларды уақтылы немесе тиісінше
ұйымдастырмау –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескерту. 400-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
401-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 09.04.2016
№ 502-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).
401-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын
бұзу
1. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының
тиісті паспорттарынсыз өткізу -
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2.
Алып тасталды - ҚР 04.12.2015
№ 435-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
3. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық
қолхаттарын беру, олардың айналысы мен өтелуі қағидаларын:
1) астық қабылдау кәсіпорындарына түсетін астықты
тиісінше ресімдемеу;
2) астықты тазартуды, кептіруді тиісінше ресімдемеу;
3) астықты тиеп-жөнелтуді тиісінше ресімдемеу;
4) астықтың сандық-сапалық есебі кітабын тиісінше жүргізбеу;
5) астықтың есепке алынатын физикалық салмағын дұрыс айқындамау;
6) астық қолхатын беру мерзімдерін сақтамау;
7) астық қолхаты тізілімін дұрыс жүргізбеу;
8) қойма куәлігі бойынша құқықтарды беру тәртібін бұзу;
9) астық қолхатын өтеу мерзімін сақтамау;
10) астық қолхаттарын сақтау мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылық –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Астық қабылдау кәсіпорнының, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында
рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге қатысы жоқ қызметті жүзеге асыруы, үшінші
тұлғалардың міндеттемелері
бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз
жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
5. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сан мен сапа көрсеткіштері
құжаттамамен расталған жағдайда оларды ұдайы (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі
және одан да көп рет) бұрмалауы -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
6. Негізгі құралдарсыз астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмай
қалатын не едәуір
нашарлап кететін негізгі құралдарды астық қабылдау кәсіпорынының иеліктен шығаруы –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз
жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың
төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп
соққан бұзушылықтарды жоймау –