Арсланова Маншук Табылдиева
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,
Жарық орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Металдан жасалатын ыдыстар. Құман жасау
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: металдан жасалатын ыдыс жайлы мағлұмат бере отырып, құман жасауды үйрету. Сондай-ақ, оқушылардың еңбектеріне ерекше мән бере отырып, оны өмірде қолдана білуге баулу. Оқушылардың еңбекке деген көзқарасын, адамгершілік мінез-құлқының қалыптасуына жол ашу,
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, танымдылығын, сөздік қорын, ой –өрісін, ойлау қабілеттерін дарыта отырып, шығармашылыққа жетелеу. Сондай-ақ, оқушылардың жұмыс істеу ептілігін қалыптастыру, еңбек мәдениетіне баулу.
ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, еңбекке, еңбек ете білуге, өз бетімен жұмыс жасауына септігін тигізе отырып, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: іші қуыс арнайы қатырмақағаз, ермексаз, жіңішке жіп, қағаз, емен, оқушыға қажетті құрал – жабдықтар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану.
Қажетті құрал- жабдықтар: ермексаз, қалақша,жез, сым, су құятын ыдыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Металдан жасалатын ыдыстар. Құман жасау
МЕТАЛЛ
|
Шойыннан
|
Алюминйден
|
Қазан
Шөген
Таба
|
Теген
Тостаған
Шелек
Қасық
Ожау
Шәйнек
|
Шойын металынан және алюминийден жасалған ыдыстарға жеке тоқталып, сипаттама беріп кету.
Мысалы: Қасық – алюминийден жасалған, тамақ жеу үшін қолданылатын құрал. Сол сияқты басқа ыдыстарға қысқа мәлімет беру.
Оқушыладың қызығушылығын ояту мақсатында жұмбақты шешу.
От басады табаны,
Тек қана су тамағы. (Құман).
Аузы төбесінде,
Тұтұасы денесінде. (Құман).
Ерте кездегі қазақ халқының пайдалынылатын ыдыстары қазіргі кезде мұражайларды сақталған. (22 – бет суреттерді көрсету).
Құман пішінін ермексаздан жасау. 22-23 беттегі үлгі бойынша қолдана отырып, оқушыларға құман жасауды үйретуге бағыт беру.
Құман (құмған) – қолға су құюға арналған, мыстан не шойыннан істелген ыдыс.
ІV. Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың, Теріп – теріп алайық,
Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!
V. Сабақты қорытындылау:
Ыдыс – аяққа байланысты ырымдар айту.
Мысалы: Кетік ыдысқа шай құйма.
Кетік ыдысқа ас салма.
Ыдыс – аяқты күтіп ұстауға арналған ережелер:
Ыдыс- аяқты күтіп ұстау
|
Тамақ әзірлейтін газ пештерін арнайы тазартқышпен жуу.
Ыдыс – аяқ тұрған сөрелерді дымқыл шүберекпен сүртіп тазалау.
Ыдыстарды жылы суға ыдыс жуатын сұйықтықты қолданып, көрсетілген нұсқауды орындау отырып жуу.
Кесе, шанышқы, қасық, тәрелке, тағы басқа ыдыстарды өз орнына қою.
|
VII. Үй жұмысы: 22 – 23 беттегі үлгі бойынша құман жасау.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жасаған жұмыстарынан көрме жасау, өздерін – өздері топпен бағалау жұмысын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |