5) бүтіндігі бұзылған қаптамадағы пестицидтерді (улы химикаттарды) қайта буып-түю;
6) пестицидтердің (улы химикаттардың) қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағып жіберу
жолымен экологиялық бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
жөніндегі мемлекеттік органдар заңнамаға сәйкес айқындаған
орындарда жағылатын
қоспаларды жою үшін уытты емес (қауіпті емес) заттарға айналғанға дейін ыдырауын
қамтамасыз ететін жоғары температуралық қондырғылардың болмауы;
7) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және
олардың ыдыстарын тиеуге, тасымалдауға және түсіруге арналған механикаландыру
құралдарының болмауы түрінде жасалған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды
жүргізбеу және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi емес жай-күйде ұстау –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Арнаулы сақтау қоймаларын (көмiндiлердi) салу бойынша шаралар қабылдамау –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген,
әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде
қайталап жасалған әрекеттер
(әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 403-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
404-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту
туралы заңнамасын бұзу
1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтаға қатысты жасалған операцияларды көрсететін
құжаттарды есепке алу мен сақтаудың белгіленген тәртібін бұзуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын, мақта талшығы, шитті мақта
сапасына сараптама жүргізу және мақта
талшығы сапасының паспортын, шитті мақтаның сапасы
туралы куәлік беру қағидаларын:
1) өрт және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін,
мақта талшығын классерлік бағалау үшін меншік құқығындағы не мүліктік
жалдаудағы тиісті
үй-жайлардың болмауы;
2) тиісті арнайы білімі және өнімділігі жоғары мақта талшығын сынайтын
автоматтандырылған өлшеу жүйесіне (HVI типтегі) қызмет көрсету бойынша бір жылдан кем
емес
жұмыс тәжірибесі бар, өнімділігі жоғары мақта талшығын сынайтын автоматтандырылған
өлшеу жүйесіне (HVI типтегі) функционалдық және техникалық
қызмет көрсететін білікті
мамандардың болмауы;
3) тиісті арнайы білімі және мақта талшығының сапасын классерлік бағалау бойынша
екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, мақта жөніндегі білікті сарапшылардың
(классерлердің) болмауы;
4) стандарттау жөніндегі техникалық регламенттердің және нормативтік құжаттардың
болмауы;
5) мақта талшығының сынамаларын мақта тазалау зауыттарынан уақтылы жеткізуге
арналған мамандандырылған
автокөліктің болмауы;
6) мақта талшығының сынамаларын сақтауға арналған үй-жайлардың талаптарға сай
келмеуі;
7) түстің керамикалық үлгілері жиынтығының, калибрлік эталондардың және микронейр
көрсеткішін анықтауға арналған аспаптың, мақта талшығының сыртқы түрінің
стандарттық
үлгілерінің бекітілген немесе Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген
жиынтығының болмауы немесе олармен толық жарақтандырылмауы;
8) мақта талшығының сынамаларын іріктеу актісін және оларды тіркеу журналын дұрыс
ресімдемеу;
9) мақта талшығының сынамаларын іріктеуді жүргізу тәртібін бұзу;
10) мақта талшығы сынақтарын жүргізу тәртібін бұзу;
11) мақта талшығы сапасының паспортын дұрыс ресімдемеу және уақтылы бермеу;
12) мақта талшығы сапасының паспортын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дұрыс
ресімдемеу;
13) мақта талшығының сынақтардан кейін мақта талшығының иесі партияны тиеп
жөнелткенге дейін сарапшылық ұйымның зертханасында сақталу мерзімін бұзу;
14) мақта талшығы сынамаларын іріктеу актісін және сынамаларын тіркеу журналын
дұрыс және толық ресімдемеу;
15) шитті мақта сынамаларын іріктеуді жүргізу тәртібін бұзу;
16) шитті мақта сынақтарын жүргізу тәртібін бұзу;
17) шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті дұрыс ресімдемеу және уақтылы бермеу;
18) шитті мақта сынамаларын сақтауға арналған үй-жайлардың талаптарға сай келмеуі
түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне
қатысудан жалтару –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма
бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi
атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын
анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада
белгiленген
мерзiмдерде орындамау не тиiсiнше орындамау –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мақта өңдеу ұйымының «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының талаптарын бұзып, кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін үшінші тұлғалардың
міндеттемелері бойынша кепілге қоюы, сондай-ақ негізгі құралдарсыз мақта
қолхаттарын
беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру
толық мүмкін болмайтын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды иеліктен шығаруы –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мақта қолхаттарын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының
көрсеткіштерін олар құжаттамамен расталған жағдайда жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік
алты ай ішінде екі және одан да көп) бұрмалау –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензиаттың лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат беруі –