2. Жыныс-жас құрамын (көрсетілген жағдайда) заңсыз алудан көрінген, жануарлар
дүниесін пайдалануға
берілген рұқсаттарды, жануарлар дүниесін мекендеу ортасынан алу
мерзімдерін, болжамды алу учаскесінің аумағын және шекарасын, алу тәсілдерін (аулау,
атып алу, жинау) бұзу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері
болмаса, –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
391-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту,
сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын
жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу
Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай
операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл
салуға әкеп соғады.
392-бап. Теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға кедергі
жасайтын және зиян келтіретін етіп теңізде мұнай
операцияларын жүзеге асыру
1. Теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға кедергі жасайтын және зиян келтіретін
етіп теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында пайдалы қазбалар кен
орындарының бүлiнуiне әкеп соғуы, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруі
мүмкiн, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал
келтiруi не қызметтiң басқа
да заңды түрлерiне кедергi жасауы мүмкiн, суасты кәбілдерiн немесе құбыржолдарын
Қазақстан Республикасының аумағына өз бетімен шығару немесе оларды Қазақстан
Республикасының континенттік қайраңына өз бетімен төсеу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық
жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары тәркiлене отырып не онсыз, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
393-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
қайраңында теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу
қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне
кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатында немесе
халықаралық шарттарында көзделген теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу
қағидаларын бұзу не
Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiзде ғылыми зерттеулердің
бағдарламасын заңсыз өзгерту –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
394-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды
көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және
бөлшектеу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген,
Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де жүзетін
құралдарды, ұшу аппараттарын, жасанды аралдарды,
қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар
мен басқа да материалдарды көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және бөлшектеу
қағидаларын пайдалы қазбалар кен орындарының бүлiнуiне әкеп соғуы, адамдардың өмiрiне
немесе денсаулығына зиян келтiруі, биологиялық ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына
залал келтiруі немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi жасауы мүмкiн бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – тоқсан, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
395-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын
қорғау органдары лауазымды адамдарының заңды
талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды
адамдарының кеменi тоқтату туралы
заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ осы лауазымды
адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, оның iшiнде кеменi қарап-
тексеруiне кедергi келтіру –
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi
тәркiлене отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
396-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі)
және ішкі суларындағы минералдық және
биологиялық ресурстарды заңсыз беру
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы
(теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды
шетелдіктерге, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған
заңды тұлғаларға не шет
мемлекеттерге заңсыз беру –
жеке тұлғаларға – заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының
он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –