Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет89/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   192

      1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын:
 
      1) тауарларды өлшеп орау, сату және импорттау кезінде кез келген қаптамадағы өлшеп 
оралған тауарлар санының қаптамаларда белгіленген шамаға сәйкес келмеуіне жол беру;
 
      2) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар санын 
сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа да шамаларды анықтаудың бақылау 
(тауар) чегінде немесе тексерілетін тауарлардың сатып алынғанын растайтын өзге де 
құжатта көрсетілген тауарлар санына сәйкес келмеуіне жол беру;
 
      3) аккредиттеусіз өлшем құралдарын салыстырып тексеру, өлшемдерді орындау 
әдістемелерін метрологиялық аттестаттау;
 
      4) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын, түрін бекіту мақсаты үшін сынақтан 
немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және 
(немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген 
өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналысқа шығару, қолдану, өткізу және 
жарнамалау;
 
       5) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан 
және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуден 
өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану түрінде жасалған бұзушылық 

 
      өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу аттестатын, техникалық 
сарапшы сертификатын, салыстырып тексеруші сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
 
      өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу аттестатынан, техникалық 
сарапшы сертификатынан, салыстырып тексеруші сертификатынан айыра отырып, жеке 
тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 
тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш 
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 419-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      420-бап. Жабайы сораны жоюға шара қолданбау
 
      Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер 
мен парктерде, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң 
жиегiнде, тас және темiржолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, 
кенттер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ 
мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк запас жерінде және нұсқамадан кейiн 
ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерде жабайы сораны жоюға шаралар қолданбау 

 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      421-бап. Құрамында есiрткi бар егiстiктердi күзетудi
 
                қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
 
      Сора, көкнәр немесе құрамында есiрткi заттары бар басқа да өсiмдiктер 
егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмiн сақтау мен өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген 
режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар 
аңыз қалдықтарын және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау 

 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      422-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды
 


                өткізудің және (немесе) медициналық емес
 
                тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар
 
                қолданбау
 
      1. Ойын-сауық мекемесі, сондай-ақ білім беру ұйымы иесінің есірткі, психотроптық 
заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың 
жолын кесуге шаралар қолданбауы –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – 
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Осы Кодексте көрсетілген ойын-сауық мекемелеріне ойын мекемелері, түнгі 
клубтар, дәмхана-барлар, мейрамханалар, интернет-дәмханалар, компьютер, бильярд, 
боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсатындағы объектілер және көңіл 
көтеру-демалыс, театр-ойын-сауық, спорт, мәдени-демалыс мақсатында қызметтер 
көрсетілетін өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар жатады.
 
      423-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды
 
               насихаттау және заңсыз жарнамалау
 
        1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз 
жарнамалау 

 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есiрткi, психотроптық заттар 
мен прекурсорлар тiзiмiне енгізілген есiрткi мен психотроптық заттарды медицина және 
фармацевтика жұмыскерлерiне арналған мамандандырылмаған баспасөз басылымдарында 
жарнамалау, сол сияқты құрамында есiрткi мен психотроптық заттар бар дәрiлiк 
препараттардың үлгiлерiн жарнамалау мақсатында тарату –
 
      тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып не онсыз, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       Ескертпелер. 
 
       1. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке 
және заңды тұлғалардың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, дайындау 
және пайдалану әдiстерi, тәсiлдерi туралы, сатып алу орындары туралы мәлiметтердi 
таратуға, сондай-ақ кiтап өнiмдерiн, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн шығаруға және 
таратуға, көрсетілген мәлiметтердi телекоммуникациялар желілерінде таратуға немесе осы 
мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауға бағытталған қызметiн түсiну керек. 
 
      2. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп 
жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсiгiне өзі сезiне алмайтындай әсер 
ететiн, оның есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын 
қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегiмен кез 
келген нысанда тарату және орналастыру жөнiндегi қызметiн түсiну керек.
 
      
Ескерту. 423-бапқа өзгеріс енгізілді
 
- ҚР 24.11.2015
 № 419-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      424-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық
 
                қызмет
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау