Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет310/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   420

627 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



ПРОБЛЕМЫ УЧЕТА, АУДИТА, АНАЛИЗА В СОВРЕМЕННЫХ УСЛОВИЯХ 

РАЗВИТИЯ ЭКОНОМИКИ 

___________________________________________________________________ 

 

 

Инвестициялау стратегиясы және бағалы қағаздардың есебі 



 

Айгинина С.А., Дүйсенова А.Е., 

Алматы экономика және статистика академиясы 

Е-mail:  

sayginina@mail.ru

 

 

Бүгінгі  күні  өнеркәсіп  салаларының  басты  міндеті  импорт  алмастырушы  және 

экспортқа  бағытталған  өнім  өндірісінің  көлемін  арттыру,  толық  қуатын  қамтамасыз 

ету болып табылады. Бұл  қазіргі  уақытта  кез-келген  кәсіпорынның  өмір  сүруі  мен 

оның  нарықтағы  тұрақтылығы  қаржылық  ресурстары  тиімді  пайдалану және 

инвестициялық  жоба  тиімділіктерін  анықтау,  инвестициялық  қаржылық  көздерін 

пайдалану болып табылады. Нарық  жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігін кепілмен 

даму  сатыларының  негізі  оның  қаржы  тұрақтылығы  болып  табылады.  Ол  ақша 

қаражаттың  еркін  орын    алмастыра  отырып  қолданып,  тиімді  пайдалану  жолымен 

өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін   қамтамасыз   ете   алатын   өзінің   қаржы   

ресурстары  жағдайын  көрсетеді.  Кәсіпорынның  қаржы  тұрақтылығын  бағалау, 

инвестициялық  жобаларды  талдау  объективті,  ғылыми  негізделген  және  үйлесімді 

басқару  өндірістік,  әсіресе  қаржылық  шешімдер  қабылдау  және  инвестициялык 

жобаларды жүзеге асыру үшін оның қаржылық жағдайын талдауы қажет. 

Нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде инвестициялық процесті басқару 

мен  реттеудің  көздерін  кеңейту  проблемаларына  әлемнің  түрлі  елдерінің  ғалымдары 

назарын  аударуда.  Қазіргі  заманның  экономикалық  ғылымындағы  аталмыш  бағыттың 

теориялық  негізін  А.Маршалл,  Дж.М.Кейнс,  А.Пигу,  П.Самуэльсон  қалаған  болатын. 

Инвестициялық іс-әрекеттің ғаламдық аспектілерін, өндіріс пен қор рыногының дамуына 

арнап  қаражаттарды  ұзақ  уақыт  салымдаудың  қолайлы  жағдайларын  қалыптастырудың 

терең  зерттеулерін  Э.Дж.Долан,  Л.Дж.Гитман,  М.Джонк,  Н.Г.Мэнкью,  У.Ф.Шарп  және 

өзге  де  жетекші  шетелдік  ғалымдар  жүргізген  болатын.  Олардың  қатарына  Ресейде 

Л.И.Абалкин,  В.П.Красовский, Т.С.Хачатуров, Я.Уринсон, Ю.Плышевский, В.Фальцман 

және өзге де бірқатар ғалымдарды жатқызуға болады. 

Инвестициялық  саясаттың  және  оның  Қазақстанның  қазіргі  кездегі 

экономикасында  жүзеге  асырылуының  тиімділігін  арттырудың  басты  проблемалары  ең 

алдымен академиктер  Н.Ә.Назарбаев,  Я.А.Әубәкіров,  А.К.Қошанов,  К.А.Сағадиевтың 

ғылыми  еңбектерінде  ашылған.  Оларды  шешудің  түрлі  теория  мен  тәжірибесі  жайлы 

мәселелерін келесі экономист-ғалымдар  зерттеген:  Н.К.Мамыров,  У.Б.Баймұратов, 

С.С.Сатыбалдин,  Г.А.Сейтқасымов,  Э.А.Түркебаев,  М.Б.Кенжеғозин,  К.О.Оқаев, 

А.Е.Есентүгелов,  Н.К.Кучукова,  Ж.О.Ихданов,  Н.К.Нұрланова,  П.С.Пасеченко, 

Н.Н.Хамитов,  А.Д.Шелекбай,  Б.П.Чумаченко,  Чанг-ЧунгНгиа,  А.К.Қанатчинова, 

Т.И.Мұхаметов және өзге де бірқатар ғалымдар. 

Сонымен  қатар,  проблеманы  шешудің  басқарушылық  аспектісі  қазіргі  кезде 

экономикадағы  нарықтық  қайта  құрулардың  талаптарынан  кейін  қалып  отыр,  ал 

мемлекеттік  реттеу  механизмінде  қолданылатын  қаржылық-несиелік тетіктер тиісті 

дәрежеде  өндірістік  инвестицияларды  жұмсауға  ынталандырмайды және әлемдік 

жетістіктерді ескерумен өздерін жетілдіруді қажет етуде. 

Инвестиция  түсінігі  мен  оның  әлеуметтік  –  экономикалық  мәні  жөнінде  әртүрлі 

пікірлер мен көзқарастар бар. Осыған байланысты инвестицияны зерттеумен айналысып 

жүрген  отандық  және  шетелдік  ғалымдар  әртүрлі  сипаттайды.  Үлкен  экономикалық 



628 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



сөздікте  «инвестиция»  түсінігі  біршама  өзгеше  сипатталады.  Бұрынғы    экономикалық  

ғылымда  ол«күрделі  қаржы  бөлу»  деген    түсінікте  болып,  «негізгі  қорлар  бойынша 

біржолғы  шығын»  секілді  мағына  берген.  Қазірдің    өзінде  де,  шаруашылықпен 

айналысудың нарықтық жағдайына өткен кезде, инвестиция негізін материалдық немесе 

материалдық емес  белсенділікке  түрлі  қаржы бөлу, яғни, нағыз  капитал  деп түсінеді. 

Атап айтсақ, инвестиция  «капиталды өндіру үшін (өндірісті  жаңартуға және ұлғайтуға) 

берілген ақшалай қаражат шығыны» үлгісі болып саналады. Дж.М. Кейнстің «Жұмыспен 

қамту,  процент  және  ақша  туралы  жалпы  теория»  атты  еңбегінде  «инвестиция-бұл 

берілген  кезеңдегі  өндірістік  жұмыстың  нәтижесіндегі  капиталдық    мүлікті  бағалау 

деңгейінің  ағымды  түрде  өсуі»,  не  болмаса,  берілген  кезеңдегі,  тұтынуға  

пайдаланылмаған,  яғни,  халық-кәсіпорын-қоғамға    арналған    әлеуметтік    тиімділік. 

Басқаша айтқанда, инвестиция-бұл бағалы капиталдық мүліктің негізгі, айналмалы, өтімді 

капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі-деп анықтама берді. 

Қазақстан Республикасының  «Инвестиция туралы» Заңына сәйкес инвестициялар-

ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа да құнды 

қағаздар,  технологиялар,  машиналар,  құрал-жабдықтар,  айналым  құралдары,  лицензия, 

соның ішінде  тауарлық белгілерге беретін, несиелер, кез-келген  мүлік немесе мүліктік 

құқық, интеллектуалдық құн, өнеркәсіп обьектілеріне салым немесе кәсіпкерлік, өзге де 

іс-әрекет  түрлерінен  табыс  табу  және  әлеуметтік  оң  нәтижеге  қол  жеткізу  мақсатына 

жұмсалатын зияткерлік құндылық [1]. 

Нарықтық экономикада ең кең тараған және  жалпылама ұғым бойынша бұл табыс 

табу немесе басқа да бір нәтиже алу мақсатында кез келген түрдегі қаржы жұмсау үдерісі. 

Осының  бәрі  пайда  табу  мен  әлеуметтік  жақсы  әсерлерге  жетуді  көздейді.  Осы 

тұрғыдан  инвестиция  түсінігі  нарықтық  тәсілге  едәуір  жақын  келеді.  Келтірілген 

анықтамалар  нарықтық  және  жоспарлық  жүйелерде  инвестицияның  мәнін  түсінудегі 

айырмашылықты  көрсетеді.  Ресурстардың    бөлінуі  әкімшілік  жүйесі  жағдайында 

меншіктің  бір  түрімен  жүзеге  асатындықтан,  инвестицияландырудың    қаржылық  және 

басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады.  

Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір 

уақыттық    сипатымен  ғана  айрықшаланатын  залал  түрінде  көрінді.  Экономика  ғылымы 

мен  тәжірибесі  дәлелдеп  отырғандай,  капиталдық  салымдар  инвестицияның  синонимі 

болып  табылмайды,  берілген  терминдер  ұқсас  емес.  Капиталдық  салынымға  қарағанда  

инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса 

назар  аударады,  себебі  нарықтық  экономикасы  дамыған  елдерде  (АҚШ,  Канада, 

Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. 

Қазақстан  Республикасында  қалыптасқан  инвестициялық  жағдайдың  негізгі 

белгілерін  және  сипаттамасынан  бұрын  экономикалық  әдебиеттердегі  «шетел 

инвестиция» туралы ұғымды анықтаған дұрыс.  

Республикамыздағы 1997 жылғы «Шетел инвестициялары туралы» заңына сәйкес, 

шетел инвесторлары тауар өндіруге және басқа қызметтерге әкелген мүліктердің барлық 

түрлері мен валюталық қаржылары шетелдік  капиталға жатады. 

Инвестициялық  қызмет-шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  жүзеге  асыратын 

табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсау қызметі. ҚР-ң 

«Инвестиция  туралы»  заңына  сәйкес  инвестициялық  қызмет  деп  инвестициялық 

бағдарламалар  мен  жобаларға  капитал    жұмысымен  байланысты,  сондай-ақ  оларды  іске 

асыру  жөніндегі  тәрбиелік  іс-әрекеттердің  жиынтығын  айтады.  Бөлінген  инвестициялар 

және оны іс жүзінде игерудегі қызметтер жиынтығы инвестициялық қызметті білдіреді.  

Мемлекет,  инвестициялық  ресурстар  нарығындағы  жағдайды    реттейтін,  негізгі 

операторлардың  бірі  болып  бой  көрсетеді,  ал  оның  шетел  инвестицияларына  деген 

саясаты  көбіне  елдегі  инвестициялық  ахуалдың  күйін  анықтайды,  әлеуетті 

инвесторлардың шешім қабылдауларына әсер етеді [2]. 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау