631
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
- Заңнамаға шетелдік және ішкі инвесторлар үшін бірдей жағдай жасайтын
түзетулер енгізу қажет;
-Инвестициялық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру әлемдік стандарттарға жауап
беретін нақты айқын және бір мәнді құқықтық нормалардың бар болуын қамтамасыз
етуге тиіс;
- Шетелдік күрделлі қаржы және инвесторлардың құқықтары заңнамамен кепілді
қорғалуға тиіс;
-Тіркелген сауда маркалары мен патентерді қорғау қарақшылық өнімдердің заңсыз
айналымына қарсы күрес маңызды міндет болып табылады. Бұл үшін авторлық
құқықтарды қорғау саласында жұмыс істейтін мамандықтар біліктілік деңгейін арттыру
талап етіледі;
-Инвесторлар үшін қаржы ақпаратының айқындығының, уақытылы болуының,
толықтығы мен дұрыстығының аса маңызды мәні бар. Осы орайда бухгалтерлік және
статистикалық есеп беру стандерттарын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру
қажет.
- Шетелдік инвестицияларды тартуда өнеркәсіптің өңдеуші, салаларына басымды
берілуге тиіс. Жаңа ірі инвестициялар есебінен маркетиг пен менедженттің осы заманғы
әдістер қолданылатын технологиялық жағынан күрделі өндірістер құрылуы мүмкін.
Шетелдік тікелей инвесторлар қызметін реттеу кезінде олардың кәсіпорынның
негізі капиталына инвестиция салуы жөніндегі және экологиялық қауіпсіздік нормаларын
орындауды, жөніндегі міндеттемелерін атқаруына бақылау жасау шараларын заң бекіту
қажет.
Инвестициялық преференциялар (салық және кеден жеңілдіктері, мемлекеттік
заттай гранттар) мемлекеттік инвестициялық саясаттың маңызды құралы болады.
Шетелдік және отандық инвесторларды мемлекеттік қолдау жүйесі инвестициялық
преференциялар мемлекеттік инвесторлардың негізі құралдарға инвестиция салу,
сондай-ақ салық төлеуден босатуды оның мерзімін кейінге қалдырумен (жедел
амортиция) алмастыру және жер салығы бойынша жеңілдіктерді алып тастау есебінен
бәскелестік ортаны сауықтыру жөніндегі міндеттемелерді орындауына неғұрлым қатаң
тәуелді болуын көздейтін болады.
Тікелей инвестициялардағы едәуір үлесті және қойнауын пайдалану инвестициясы
иеленді, ол басқа салаларды дамытуға мультипликативтік (еселеген) нәтижесін тигізе еді.
Бұл нәтижеге ие болу үшін жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарт жасаған
кезде кәсіпорындарға жабдықтар мен қосалықы бөлшектер беруге, отандық жұмысшылар
мен мамандықды тартуға, әлеуметтік объектілерді салу мен жөндеуге қаражат аударуға
тапсырыстар орналастыру бөлігінде инвесторлардың міндеттемелерін ескерту қажет.
Ұлттық мүдделерді сақтау үшін шетелдік инвесторлардың нарыққа монополистік
бақылау орнатуына жол беруге болмайды,салық төлеуден жолтару мақсатында
трансферттік баға белгілеуді пайдаланудың жолын кесу керек.
Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық мүдделеріне қолайлы келген жағдайға шетелдік
инвесторлармен жасалған келісімшарттарды қайтақарауға батыл болуы қажет.
Қазақстан инвестиция арқылы дамып қана қоймай. Біз Қазақстандық
мамандардың біліктілігін арттыруымыз керек. Ол үшін шетелдік алдыңғы қатарлы
тәжербиелерін игеру маңызды. Сонымен қатар, мемлекетте өндіріс қарқынды өсуі үшін
кәсіби шеберлігі жоғары мамандарды дайындап, жаңа идеяларды жүзеге асыруымыз
керек. Кадрлардың біліктілігін көтеру, Қазақстандық кәсіпорындардың қатарын көбейтуге
және оларды технологиялық жағынан дамытуға негіз болады. «Біздің стратегиялық
міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да
мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік
қатынастарын жолға қою керек»,-деп жолдады Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 қаңтардағы
632
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
жолдауында. Осындай стратегиялық бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асыруда инвестиция
басты роль атқарады.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. Авдокушин Е.Ф. Международные финансовые отношения (основы
финансомики): Учебное пособие для бакалавров. – 2012 г.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы
3. Бердалиев К.Б. Инновациялық менеджмент.- 2010ж.
Әлемдік экономиканың жаһандану шарттарында қаржылық
есептіліктің тұжырымдамасы
Айгинина С.А., Наурызбаев А.А.
Алматы экономика және статистика академиясы
Е-mail:
sayginina@mail.ru
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ|
олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа
контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық
жауапкершілікте болуымен байланысты [1, 258 б].
Профессор Н.А Русак [2, 115 б] «... кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы
ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Қаржылық жағдай
кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін
қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді
тарату, пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болуымен, міндеттемелерді төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның өз міндеттемелерін уақтылы төлеу мүмкіндігі оның
қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді» деп көрсеткен болатын.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «... қаржы
ресурстарының қалаптасуымен, бөлінуі және олардың пайдалануымен көрсетіледі» деп
жазады [3, 95 б].
Профессор И.Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл
оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын, (яғни, төлем қабілеттілігі, несие
қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа
да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі» деп
жазады [4, 128б].
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын былайша түсіндіреді
«... кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның
саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау» [5, 113б].
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғымның мәнін жеткілікті
дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға
мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдамалар бар. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық
жағдайы қатаң бәсекелі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның сенімді болуын,
тұрақтылығын және болашағына кепіл беретін жағымды көрсеткіштер жүйесі.
Жоғарыда берілген ғалымдар мен тәжірибешілердің ой-пікірлерін қорыта келе біз
кәсіпорынның қаржылық жағдайын былайша түсіндіргіміз келеді, яғни «... кәсіпорынның
қаржылық жағдайы оның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және
шаруашылық қызметінің үздіксіз жүргізілуін, сондай-ақ қарыз міндеттемелерін уақтылы
өтеуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі».