Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет313/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   420

633 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Енді  біреулер  «...өз  қаражаттары  есебінен  активтерге  жіберілген  қаражаттарды 

жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін 

және  міндеттемелерін  уақтысында  қайтаратын  шаруашылық  субъектілері  қаржылық 

тұрақты болып табылады» деп жазады [6, 87б]. 

Бұл  ұғымды  А.Д.  Шеремет  пен  Р.С.  Сайфуллин  былайша  түсіндіреді:                      

«...  қаржылық  тұрақтылық  -  бұл  әрдайым  төлем  қабілеттілігін  кепілдендіретін 

кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы» [7, 342б]. 

В.М. Родионова мен М.А. Федотова «Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың 

шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша 

қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу 

процесінің  үздіксіздігін  қамтамасыз ететін, сондай-ақ  қәсіпорынды  кеңейтуге  және 

жаңартуға  қажетті  шығындарын  қаржыландыратын  кәсіпорынның  қаржылық-ресурстық 

жағдайын  сипаттайды.  Қаржылық  тұрақтылық  кәсіпорынның  жалпы  тұрақтылығының 

негізгі бөлігі болып табылады» деп көрсетеді [8, 125б].      

В.Г.  Артеменко  мен  М.В.  Беллендир  бұл  ұгымды  былай  түсіндіреді:                       

«...  қаржылық  тұрақтылық  -  табыстың  шығыннан  тұрақты  дәрежеде  артуы.  Ол  ақша 

қаражаттарын  еркін  пайдалануды  қамтамасыз  етеді  және  оларды  тиімді  пайдалану 

арқылы  өндіру  мен  сату  процесінің  үздіксіз  болуына  жағдай  жасайды.  Сондықтан  да 

қаржылық  тұрақтылық  барлық  өндірістік-шаруашылық  қызмет  процесінде  қалыптасады 

және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады» [9, 112б].  

Сонымен  жоғарыда  айтылған  ғалым  дар  мен  тәжірибешілердің  ой-пікірлерін 

қорыта отырып, біз қаржылық тұрақтылық бұл – кәсіпорынның табысының шығындардан 

артуын  қамтамасыз  ететін  ақша  ағымының  қозғалысы  және  ол  ең  алдыменен  өнімді 

(жұмыс,  қызмет)  өткізуден  түсетін  табыстың  тұрақтылығын  талап  ете  отырып,  оның 

мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және 

тағы  басқа  да  кредиторлармен  есеп  айырысу  үшін  жеткілікті  дәрежеде  болуы  тиіс. 

Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық 

міндеттемелерді  орындағаннан  кейін,  осы  кәсіпорында  өндірісті  дамытуға,  оның 

материалдық-техникалық  базасын  жаңартуға,  әлеуметтік  климатты  жақсартуға  және 

басқаларға мүмкіндік беретіңдей дәрежеде табыс қалуы қажет» деп санаймыз. 

Нарық  жағдайында  қаржылық  жоспарлау  кәсіпорынға  оның  қызметі  жөнінде 

көптеген  параматрлерді  сырттан  бекітетін  орталықтандырылған  әкімшілік  сипатты 

жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық 

коньюнктура  жағдайында  өзінің  хал-жағдайын  нығайтуға  ұмтылатын  кәсіпорынның 

шаруашылық  әрекетінің  икемді  стратегиясы  мен  тактикасын  жасауға  қызмет  етеді. 

Қаржылық  қызметте  нормативтерді  пайдалану  кәсіпорынның  өз  еркінде,  сондықтан 

нормативтер  туралы  ақпараттар  коммерциялық  құпияға  айналады.  Жоспарланған 

нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып 

табылады.  Бухгалтерлік  есеп  беруге  негізделген  қаржылық  жағдайды  талдау,  сыртқы 

талдау  сипатына  ие  болады,  яғни  бұл  кәсіпорынның  қызметі  туралы  ақпараттардың 

шектеулі  бөлігінен  тұратын  есеп  мәліметтері  негізінде  осы  кәсіпорынның  мүдделі 

контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның 

шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын 

үшін  тек  потенциалды  әріптестерін  бағалау  мақсатында  ғана  емес,  сонымен  қатар 

қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі 

бағалау үшін де қажет. 

Тереңдетіліп  нақтыланған  талдау  экспресс-талдаудың  бөлек  тәртібін  кеңейтеді, 

толықтырады  және  дәлелдейді.  Оның  мақсаты  –  шаруашылық  субъектісінің  қаржы 

жағдайы  туралы,  оның  өткен  есепті  кезеңдегі  қызметінің  нәтижесі,  сондай-ақ 

кәсіпорынның  болашақтағы  даму  мүмкіндіктеріне  соңғы  толық  баға  беру  болып 

табылады. Осыған орай нақтылау дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты. 



634 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Қорыта  айтқанда,  кәсіпорынның  қаржы  жағдайын  талдауда  аудитордың  түрлі 

әдістер  мен  тәсілдерді  қолдануға  еркі  бар.  Оларды  ұтымды  пайдаланып,  осы  талдауды 

жүргізудің  дәйектілігіне  байланысты  дұрыс  әдісті  таңдай  отырып,  аудитор  қаржылық 

жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және 

анық  баға  береді,  қаржылық  тұрақтылықтың  нығаюы  мен  кәсіпорынның 

табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды. 

Қаржылық  тұрақтылықтың  ішкі,  маңызды  факторларынын бірі -  бұл  қаржы 

ресурстарының  құрамы  мен  құрлымы,  оларды  басқару  стратегиясы  мен  тактикасының 

дұрыс  таңдалып  алынуы.  Кәсіпорынның  өз  қаржы  ресурсы,  соның  ішінде  таза  табысы 

қаншалықты көп болса соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза 

табыстың  көлемі  ғана  емес,  сонымен  қатар  оны  тарату  құрылымы,  әсіресе  өндірісті 

дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады. 

Сонымен,  қаржылық  жағдай  кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілетін  және  оның 

іскерлік  қарымқатынастағы  потенциалын  анықтайды,  кәсіпорынның  өзінің  және  оның 

серіктестерінің  қаржылық  және  басқа  қатынастар  тұрғысындағы  экономикалық 

қызығушылықтары  қаншалықты  дәрежеде  кепілдендірілгенін  бағалайды.  Кәсіпорынның 

қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі бұл - талдау, ол 

кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға 

беруге  мүмкіндік  береді  және  осындай  жолмен  басқарушылық  шешімдерді  өңдеумен 

кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін 

атқарады. 

Нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпорындардың  қаржылық  жағдайын 

талдаудың басты міндеті келесілер болып табылады: 

- қаржылық  жағдайға  баға  беру  және   оның   есеп беру мерзіміндегі өзгерісі; 

- активтер   мен   олардың   қалыптасу   көздері   арасындағы   сәйкестікті,   оларды   

таратудағы   рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу; 

- айналым    капиталының    көлемін,     оның     өсу (кемуін)   және   ағымдағы   

міндеттемелермен   арақатынасын анықтау; 

- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау; 

- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу; 

-  ағымдағы  активтердің  айналымдылық  есебі,  оның  ішінде  дебиторлық  борыш 

және қорлар есебі; 

-  баланстың      өтімділігін,      кәсіпорынның      қаржылық    тұрақтылығының    және  

төлеу  қабілеттілігінің абсолюттік     және     салыстырмалы     көрсеткіштерін анықтау

- кәсіпорын табыстылығын бағалау; 

- кәсіпорын   табысының   салыстырмалы   көрсеткіштерін сондай-ақ   олардың   

деңгейінің   өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару; 

- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау; 

-  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының  тұрақтылығын  және  оның  қаржылық 

стратегиясын анықтау. 

Кәсіпорынның  шаруашылық  қызмет  жағдайы  мен  қаржылық  көрсеткіштеріне 

талдау  жүргізу  үшін,  алдыменен  нақты  дәйектелінген  және  айғақталынған  мәліметтер 

жүйесі қажет болады. Бұл мәліметтер, әрине ұйымның қаржылық есептілігінен алынады. 

Кәсіпорынның  қаржылық  есептілігі  бұл  оның  өткен  кезеңдегі  қаржылық- 

шаруашылық  қызметін  кешенді  түрде  сипаттайтын  барлық  көрсеткіштер  жүйесін 

айтамыз. Есеп беру процесін жасау -  есеп  жұмысының  соңғы  сатысы.  Оның  деректері 

бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және 

алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады.  

Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы да дәл көрініс беруі, барлық 

көрсеткіштердің  тығыз  байланысты  болуы,  бухгалтерлік  есеп  беру  мен  статистикалық 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау