Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет309/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   420

625 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Сонымен  қатар  проблемалық  активтермен  байланысты  мәселелерді  шешуде  арнайы 

«Проблемалық активтер комитетін» (ПАК) құрудың да аса қажеттігі бар. Аталған комитет 

нақты қарызгерлермен жұмыс бойынша стратегиялық сипаттағы шешім қабылдауға тиіс. 

ПАК құрамы банктердегі несиелік комитет құрамынан саны жағынан аздау болады. Оның 

құрамына  ПАББ-нің  жетекшісі,  несиелік,  заң  департаментінің,  қауіпсіздік  қызметінің, 

стратегиялық талдау, тәуекел басқармасының  және ішкі аудит бөлімдерінің жетекшілері 

кіргені  дұрыс.  ПАК-тің  кейбір  ерекше  отырыстарына  өзге  де  мүдделі  бөлімшелердің 

жетекшілерін шақыруға болады.  ПАК-тің отырысын айына бір рет немесе қажет болған 

жағдайларды өткізу қажет. ПАК-тің қарамағында үнемі жиналып отыратын коллегиялық 

ұйымды  ұйымдастыруға  да  болады.  Коллегиялық  ұйымның  төрағасы  ретінде  ПАББ-нің 

жетекшісін сайлау қажет.  

Коллегиялық  ұйымға  мүшелері  оның  құрамына  кіретін  бөлімшелердің 

орынбасарларының  арасынан  сайланады.  Коллегиялық  ұйым  аптасына  бір  рет  жиналуы 

тиіс.  


Оның болуы мүмкін құрамын қарастырамыз [1, 13б.]. 

1.  Бөлімшенің  жетекшісі  –  банктің  жұмысында    тәжірибесі  көп,  жүйелі  ойлауға 

қабілетті, бас ұйымдастырушы.  

Проблемалық  активтерді  басқару  бөлімшесінің  жетекшісі  мынадай  қызметтер 

атқарады: 

ПАББ-нің  қызметіне  жалпылама  жетекшілік  жасай  отырып,  жұмысын 



ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және жоспарлау жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-

ақ шұғыл мәселелерді шешеді; 

Бөлімшенің  құзіретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  істердің  жағдайына  жүйелік 



талдау жасайды, және оның негізінде банктің қызметін жетілдіруге бағытталған шешімдер 

қабылдауға  арналған  ұсыныстарды  банктің  жетекшісіне,  комитеттерге  және  басқармаға 

жасайды; 

Бөлімшенің қызметіне қатысты нұсқаулық материалдарын жасай отырып, оларды 



тәжірибеге енгізу шараларын қабылдайды; 

Банкте өтетін мәжілістер мен жиналыстарда өкіл ретінде қатысады. Проблемалық 



активтер жөніндегі комитет пен Несиелік комитеттің шешуші дауысы бар мүшесі болады. 

Банктің  өзге  де  бөлімшелерімен  өзара  қарым-қатынаста  жұмыс  жасай  отырып, 



оладың жетекшілерінің келісімімен мамандарды жұмысқа тартады; 

Бөлімшенің  штаты,  кадрларды  таңдау  және  тағайындау,  көзге  түскен  



қызметкерлердің  қызметін  өсіру,  марапаттау  жұмыстан  босату  туралы  мәселелерді  банк 

басшыларының қарауына береді; 

Банк  басқармасы  мен  комитеттерінің  шешімдерінің  уақтылы  орындалуын 



ұйымдастырады және операцияларды жүргізу ережелерінің сақталуына бақылау жасайды 

[2]. 


2.  Экономикалық  білімі  бар  маман  проблемалық  активтерді  есепке  алып,  есептік 

құжаттарын  жасайды,  резвертерді  құрады,  ПАББ-нің  жұмысының  нәтижелерін 

жоспарлайды және болжайды. 

3.  Бухгалтерлік  білім  бар  маман  банктің  бухгалтерлік  есебін  жетік  білуге  және 

бөлімшенің  ұсынған  проблемалық  активтермен  жұмысының  сызбасының  үлгісін  жасай 

білуі  тиіс.  Ол  банктің бухгалтерлік  бөлімінің  негізгі  опоненті  болып  табылады.  Мұндай 

маманның басты артықшылықтары ретінде оның кәсіпорынның бухгалтерлік есебін білуі, 

себебі  қарызды  қайтару  сызбасын  іске  асыру  қарыз  алушы-кәсіпорынның  қызметін 

талдайды және есебін жүргізеді.  

4.  Несие  бойынша  маман  несиелеу  тәжірибесін  жетік  білуге,  банктің  нормативтік 

материалдарын, экономиканың өнеркәсіптік секторының қызметінің ерекшеліктерін және 

күрделі қаржыландыру сызбасын құра білуге тиіс. 




626 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



5. Салық саласының маманы тек қана банктік емес корпоративтік секторға салық салу 

тәжірибесі  мен  заңдылықтарын  білуге,  сондай-ақ  банктің  ішкі  аудит  қызметімен  өзара 

байланысты болуы тиіс. 

6.  Арбитраждық  білімі  бар  заңгер  банктің  атынан  арбитраждық  сотта  банктің 

мүдделерін қорғай білуі және банктің заң қызметімен тікелей байланыста болуы қажет. 

7.  Қауіпсіздік  мәселелері  бойынша  маман  банктің  қауіпсіздік  қызметі  мен 

мемлекеттік билік ұйымдарының құқық қызметкерлерімен өзара қарым-қатынаста болуға 

тиіс. 


Бұл  жерде  біздің  ойымызша,  әрбір  банктің  өзіндік  ерекшеліктеріне  қарай  ПАББ-ні 

өзінше  құруға  және  оның  құрылымына  қажеттілігіне  байланысты  өзге  де  өзгерістерді 

енгізуде өзіндік тәсілді қолдануға болады. 

Сонымен қатар, ең маңызды мәселе бұл аталған бөлімшенің мамандарына еңбек ақы 

төлеу,  яғни  банктің  қызметкерлеріне  қарағанда  көп  төлейтін  болса,  онда  өзге 

бөлімшелерден  осы  бөлімшеге  ауысу  мәселесі  орын  алуы  мүмкін.  Дегенмен  де  ПАББ 

қызметкерлерінің  өмірінің  тәуекелмен  байланыстығын  және  өте  күрделілігін  ескере 

отырып,  біздің  ойымызша  қайтарылған  проблемалық  активтердің  көлеміне  қарай  5-10% 

мөлшерінде сыйақы төлеуді банк жетекшілерінің келісімі негізінде шешуге болады. Оған 

қоса банк жетекшілерінің рұқсатымен әр түрлі марапаттау шараларын қолдану қажет. 

ПАББ  жұмысының  тиімділігіне  қол  жеткізуде  материалдық-техникалық 

жабдықталуының  да  маңызы  зор.  Бөлімшенің  қызметкерлеріне  орын  беру,  дербес 

компьютермен жабдықтау және телефон, Интернет және факс желілерін қосу қажет. Бұл 

жерде олардың банктің мәліметтер базасына қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін де 

шешкен дұрыс.  

Сонымен қатар ПАББ қызметкерлерінің іс-сапар және өзге де жол жүру шығыстарын 

төлеу, көлік бөлу және т.с.с. мәселелерін бірінше кезекте шешуге мән беру қажет. 

Жоғарыда  аталған  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету  нысандары  батыс 

банктерінде бұрыннан нормаға енгізілген және оларды біздің тәжірибемізге енгізу қажет 

деп  санаймыз.  Біздің  тәжірибемізде  аталған  бөлімше  басқару  субъектілері  ретінде 

активтер мен пассивтерді басқару жүйесінің жаңаша құрылымынан орын алуға тиіс. 

Кейбір банктер бастапқыда мұндай жаңа бөлімшенің басқару құрылымында болуын 

бәсекелестік  тұрғыдан  қаламауы  мүмкін.  Бірақ  та  уақыт  өте  келе  ондай  құрылымының 

қызметінің  тиімділігіне  көздері  жететіне  күмән  келтіруге  болмайды.  Қазақстандық 

банктерінің активтерінің бүгінгі жағдайы немесе сапасы ПАББ  сияқты активтерді, оның 

шінде  жіктелетін  (проблемалық)  активтерді  жаңаша  басқару  бөлімшесінің  құрылуын 

қажет етіп отырғаны сөзсіз. 

Қорыта  айтқанда  ұсынылып  отырған  активтер  мен  пассивтерді  басқару  жүйесін  үш 

ішкі жүйеге бөлуге болады: ұйымдастырушылық, уақыттық және ақпараттық. 

Ұйымдастырушылық  жүйе  негізінен  басқаруға  қатысушы  тиісті  бөлімшелердің, 

соның  ішінде  Проблемалық  активтерді  басқару  бөлімшесі  мен  Проблемалық  активтер, 

онымен тығыз байланысты өзге де бөлімдерінің болуын білдіреді.  

Уақыттық жүйе ағымдағы қысқа және ұзақ мерзімдерде қабылданатын басқарушылық 

шешімдерді қамтиды.  

Ақпараттық  жүйе  құрылған  басқару  жүйелеріне  негізделеді.  Ағымдағы  басқару  - 

ұстанымдарды  басқаруды,  ал  ұзақ  мерзімді  басқару  –  шығындарды,  табыстылықты 

басқаруды,    қашықтан  және  барып  тексеру  шаралары  мониторинг  негізінде  басқаруды 

сипаттайды.  



Қолданылған дереккөздер тізімі 

15 


Мақыш  С.Б.  ҚР  екінші  деңгейлі  банктердің  проблемалық  активтерін  басқару 

тәжірибесін жетілдіру // Қаржы-қаражат. -  2008.- №1 .- 10-15б. 

16 

www.nationalbank.kz



 

 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау