623
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Екінші деңгейлі банктердің активтері мен пассивтерін басқару ерекшеліктері
Халық Г.К.
Алматы экономика және статистика академиясы
E-mail: gulzhan09_94
@mail.ru
Банк активтері мен пассивтерін басқаруды жүйелі түрде зерттеуге келсек, ол
кез келген басқару түрі сияқты белгілі бір элементтерді қамтуға тиіс. Бүгінгі күні банк
активтері мен пассивтерін басқару жүйесі туралы бірде бір әдебиетте берілмеген.
Сондықтан да біздің ойымызша банк активтері мен пассивтерін басқару жүйесінің
құрылымдық элементтері мынадай болуға тиіс.
«Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» (ПАББ) сияқты басқару
құрылымдары шетелдік банктер тәжірибесінде бөлім түрінде кездеседі. Ондай бөлім
ретінде отандық банктер тәжірибесінде «проблемалық несиелермен жұмыс бөлімі» алуға
болады. Олар екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде бертінде ғана құрылып қызмет
етуде және оның тиімділігі де дәлелденіп отыр. Демек, «Проблемалық активтерді басқару
бөлімшесінің» құзіреті жоғарыда аталған бөлімге қарағанда кең, яғни ол бөлімнің сол
бөлімшенің құрылымына жатқызуға толық негіз бар.
«Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» бұл кез келген банктің
проблемалық активтерін басқарумен тікелей айналысатын өкілетті ұйым болып табылуға
тиіс. «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» өз қызметінде банктік
заңдылықтарды, ҚҰБ ҚҚД-нің нормативтік актілерін, банктің жарғысын, Басқарманың
шешімдерін, өзге банктің нормативтік және үкімдік құжаттарын және аталған бөлімше
туралы ережесін басшылыққа алады [1, 11 б.]. «Проблемалық активтерді басқару
бөлімшесі» мынадай типтік міндеттерді шешуге тиіс:
1)
Жоғары мөлшерде пайда табу мақсатында банктің тиімді несиелік-
инвестициялық стратегиясын қалыптастыруға және іске асыруға қатынасу.
Бұл жерде ең бастысы проблемалық активтердің пайда болуының алдын алу және
пайда болған жағдайларда оларға мониторинг жұмыстарын ұйымдастыру шараларының
іске асырылуы көзделеді. Ал енді пайда табу мақсатына келсек, мұнда аталған бөлімшенің
ықпалымен банктің шығындарын азайта отырып, проблемалық активтерді барынша
қайтаруға жағдайлар жасау туралы айтылады.
2) Проблемалық активтермен жұмыс бойынша қызметін жүзеге асыру барысында
банктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қатынасу қағидаттарын, стратегияларын,
нысандары және әдістерін жасау.
Жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
-
Активтердің проблемалық активтер тобына өтуін ескерту, яғни ПАББ активтік
операцияларды жүргізетін банктің өзге негізгі бөлімшелерімен бірге активтерді
орналастыру туралы шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысып, банк активтері
қоржынының жағдайына жүйелі түрде бақылау жасауға және төлемді кешіктірген күннен
бастап қарыз алушылармен жүргізілетін жұмыстарына қатысуға тиіс. Егер де қарыз
алушының қарызды кешіктіруі техникалық себептерге байланысты болса, онда әрі қарай
бақылау жұмыстарын жалғастыра береді.
-
Проблеманы шешу тәсілдерінің толықтығы мен кешенділігі, яғни банктің, заңдар
мен нормативтік актілер шегінде қарыз алушыға ықпал ету мүмкіндіктерін жасау.
Нақтырақ айтсақ, банктің экономикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, өндірістік-
техникалық ерекшеліктерін, қарыз алушының жеке басының мінез құлқын және
психологиясын ескеретін әр түрлі стратегияларды жасап қомай, сондай-ақ проблеманы
шешудің әр түрлі нысандары мен әдістерін жүргізуге тиіс.
-
Қабылданатын шаралардың өз уақтылығы, яғни проблемалық активтермен жұмыс
жасау барысында, кейде қарызды толық қайтару немесе проблемалық активтен қалыпты
624
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
активке айналдыруға мүмкіндік беретін тез арада шешім қабылдау қажет болады. Егер
уақыт өтіп кететін болса, онда активтердің үмітсіз санатына айналуы мүмкін.
-
Қабылданатын шешімдердің тиімділіг, яғни бөлімшенің жұмысының нәтижесі
банктің табысының нақты өсуімен сипатталуға тиіс. Ең басты назар аударатыны бұл
жерде уақыт факторы. Банк өз қызметінде кейде ағымдағы шығыстарды басынан кеше
отырып, нәтижесінде стратегиялық оң нәтижеге қол жеткізуі қажет.
-
Оң тиімділіктің артуы, яғни уақтында банктің алдындағы қарызын қайтара алмаған
қарыз алушы, қарызын бөлшектеп, бірақ келісілген кесте бойынша қайтаруға және
комитеттің қатаң бақылауында болуға тиіс.
3) несиелердің қайтарылмау тәуекелі мен бағалы қағаздарды өтеуге байланысты
дефолттарды төмендету бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру барысында өзінің
қарамағындағы бөлімшелермен немесе филиалдармен өзара байланысты дамыту;
Аталған бөлімше банктің өзге де бөлімшелер және филиалдарымен ақпарат алмасуды
дұрыс жолға қоя білуі қажет. Егер филиал проблемалық активтерді қайтаруға байланысты
шараларды жүргізуге қатысатын болса, онда оның атқаруына тиісті іс-әрекеттерді және
міндеттерді айқындауға араласуы керек. ПАББ-нің орталық аппаратының қызметкерлері
өңірлердегі филиалдарда жиі бола отырып, ондағы әріптестеріне тәжірибелік көмек
көрсетуге тиіс. Проблемалық активтермен жұмыс жасау барысында банк
қызметкерлерінің білікті маман ретінде бір-біріне деген сенімдерінің болуының маңызы
зор.
4) проблемалық активтердің пайда болуы тәуекелдерден қашу және оларды
төмендетуге байланысты операцияларды жүзеге асыруда шетел банктерінің тәжірибелерін
үйрену және ПАББ-нің жұмысына енгізу.
ПАББ-нің қызметкерлері жүйелі түрде өздерінің білімдерін жетілдіріп отыруға тиіс.
ПАББ қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда орталық аппараттың және филиалдардың
қызметкерлердің, сондай-ақ шетелдік банктердің осы саладағы әріптестерінің бірігуімен
семинарлар өткізген дұрыс.
5) ПАББ қызметінің барлық бағыттары бойынша әдістемелік, нормативтік, нұсқаулық
және талдамалық материалдармен банктің құрылымдық бөлімшелерін ақпараттық
қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
ПАББ өзінің құзіретінің шегінде банктің нормативтік және үкімдік құжаттарын
жасауға қатысады және оларды өзінің қарамағындағы бөлімшелердің міндетті түрде
орындауына бағыттайды. Ондай құжаттарға ПАББ-не жетекшілік жасайтын банк
басшысы қолын қояды.
ПАББ-тің жоғарыда ұсынылған типтік міндеттеріне байланысты, оның атқаруға тиісті
мынадай қызметтерін бөліп қарастыруға болады:
1.
бөлімшенің қарауында болатын проблемалық активтер бойынша қарыздарды
қайтару жұмыстарымен байланысты кешенді шараларды жүзеге асыру;
2.
өзге бөлімшелермен бірлесе отырып, проблемалық қарыздарды қайтаруға
байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және өзінің құзіретіне қарай банктің жоғарғы
коллегиялық ұйымдарына арналған сараптамалық қорытынды даярлау;
3.
активтердің проблемалық топқа ауысу кезеңінен бастап, олардан нақты нәтиже
шыққанша жұмыс жүргізу;
4.
проблемалық активтермен жұмыс жасауға қатыстырылатын банктің құрылымдық
бөлімшелерінің қызметіне бақылау жасау және есепке алуды ұйымдастыру;
5.
бөлімшенің қарауында есепке алынатын қарыздарды қайтаруға байланысты
туындайтын зияндардың орнын жабуға арналған резервтермен есеп айырысуды, есептеуді
және бақылау қоюды жүзеге асыру.
Банктерде ПАББ жұмысының сызбасын әр түрлі жасауға болатыны белгілі.
Біздің ойымызша, 6 ай және одан жоғары мерзім ішінде қайтару кестесі бұзылған кез
келген банктің жіктелетін активі осы ПАББ-нің тікелей құзіретіне берілуге тиіс.