Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет318/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   420

644 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



капиталдың  өсуіне  әкелмейді.  Сондықтан  олар  түсімнен  алынып  тасталды.  Агенттік 

қарым-қатынас кезінде тап осылай экономикалық пайданың жалпы ағыны компанияның 

өз  капиталының  ұлғаюына  әкеліп  соқтырмайтын  принципал  пайдасына  жиналатын 

сомадан тұрады. Принципал пайдасына алынған сомалар түсім болып табылмайды. 

Түсім    алынған  немесе  алынуға  тиіс  қарама-қарсы  ұсыну  әділ  құны  бойынша 

бағалануы тиіс. 

Операциядан  пайда  болатын  түсім  сомасы,  әдетте,  компания  және  сатып  алушы 

немесе  акцияны  пайдаланушы  арасындағы  шартпен  анықталады.  Ол  компаниямен 

ұсынылатын қандай да бір сауда жеңілдігінің сомасы немесе санға жеңілдіктерді ескере 

отырып, алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құн бойынша  бағаланады. 

Көпшілік жағдайда қарама-қарсы ұсыну ақша қаражаты немесе оның баламалары 

нысанында  ұсынылады,  ал  түсім  сомасы  -  алынған  немесе  алынуы  күтілетін  ақша 

қаражаттарының  немесе  оның  баламаларының  сомасы.  Алайда,  ақша  қаражаттарын 

немесе  оның  баламаларының  түсімін  кейінгіге  қалдырған  жағдайда  қарама-қарсы 

ұсынудың әділ құны алынған немесе алынуы күтілетін  ақша қаражаттарының номиналды 

сомасынан  азырақ  болуы  мүмкін.  Мысалы,  компания  сатып  алушыға  пайызсыз  кредит 

ұсынуы  мүмкін  немесе  тауарларды  сату  кезінде  қарама-қарсы  ұсыну  ретінде  одан 

нарықтағыдан төмен пайыз ставкасын алуға вексель қабылдай алады. Шарт шын мәнінде 

қаржы  операциясы  ретінде  болғанда,  қарама-қарсы  ұсынудың  әділ  құны  шартты  пайыз 

ставкасының көмегімен барлық болашақ түсімдердің дисконттауымен анықталады.  

Тауарлар немесе қызметтер сипаты және көлемі жағынан бірдей тауарлар немесе 

қызметтерге  айырбасталған  жағдайда,  айырбас  түсім  пайда  болатын  операция  ретінде 

қаралмайды. Бұл белгілі бір жерде  уақытша  негізде сұранысты қанағаттандыру  үшін әр 

түрлі  жерлерде  жабдықтаушылар    қорды  ауыстырған  кезде  май  немесе  сүт  өнімдерінде 

жиі  болады.  Ерекшеленетін  тауарлар  немесе  қызметтер  тауарлар  сатылғанда  немесе 

қызметтер көрсетілгенде айырбасталса, онда айырбас түсімді жасайтын операция ретінде 

қаралады.  Түсім  ауыстырылған  қаржы  құралдары  немесе  оның  баламасы сомасына 

түзетілген алынған тауарлар немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді. Алынған 

тауарлардың  немесе  қызметтердің  әділ  құны  сенімді  өлшене  алмаған  жағдайда,  түсім 

ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына берілген тауарлардың 

немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді.  

Тауарларды 

сатудан 

түскен 


түсім 

мынадай 


аталған 

талаптар 

қанағаттандырылғаннан кейін танылуы тиіс: 

- компания сатып алушыға тауарларды иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді 

және сыйақыларды аударғанда; 

-  компанияның  әдетте  иелену  құқығымен  байланысты  қауымдасатын  және 

сатылған тауарларды бақыламайтын дәрежеде басқаруға қатыспағанда; 

- түсім сомасы сенімді өлшенгенде; 

-  компанияға  мәмілемен  байланысты  экономкалық  тиімділіктің  пайда  болуы 

ықтимал болып табылғанда; 

мәмілемен байланысты кеткен немесе күтілетін шығындар сенімді өлшенуі мүмкін 

болғанда. 

Компанияның  сатып  алушыға  иеленумен  байланысты  елеулі  тәуекелдерді  және 

сыйақыларды  аударғанда  беру  кезін  бағалауы  мәміленің  шарттарымен  танысуын  талап 

етеді. Көпшілік жағдайда иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды 

аударғанда меншіктенудің заң құқығын берумен немесе меншікті сатып алушыға берумен 

сәйкес  келеді.  Бұл  көпшілік  бөлшектеп  сатуда  болады.  Иеленумен  байланысты  елеулі 

тәуекелдерді және  сыйақыларды  аударудың  басқа  жағдайларында  бір  уақытта 

меншіктенудің  заң  құқығын  берумен  немесе  меншікті  сатып  алушыға  берумен  сәйкес 

келмейді. 




645 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Егер  компания  иеленудің  елеулі  тәуекелдерін  сақтап  қалса,  мәміле  сату  болып 

табылмайды және ол бойынша түсім танылмайды. Компания бірқатар жағдайда иеленудің 

елеулі тәуекелін сақтай алады.  

Егер  компания  иеленумен  байланысты  елеусіз  тәуекелдерін  сақтап  қалса,  мәміле 

сату  болып  табылады  және  ол  бойынша  түсім  танылады.  Мысалы,  сатушы  оған  тиесілі 

соманың  жинақталуын  қамтамасыз  ету    үшін  өзіне  меншіктік  заң  құқығын  қалдыруы 

мүмкін.  Осындай  жағдайда  егер  компания  иеленумен  байланысты  елеулі  тәуекелдерін 

және  сыйақыларын  аударса,  мәміле  сату  болып  табылады  және  түсім  танылады. 

Иеленудің елеусіз тәуекелін сақтайтын компанияның тағы бір мысалы ретінде, клиенттің 

сатып алғанына қанағаттанбаған жағдайда, ақшаның қайтарылуына кепіл болатын бөлшек 

сауда дүкені бола алады. Егер сатушы болашақ қайтарымдарды сенімді бағалай алса және 

алдыңғы тәжірибе мен басқа да елеулі факторлар негізінде қайтару бойынша міндеттемені 

өзіне алса, мұндай жағдайларда түсім сату кезінде танылады. 

Компанияға экономикалық пайданың мәмілемен байланысты тиісті ағынның пайда 

болуы ықтимал болған жағдайда ғана түсім танылады. Кейбір жағдайларда қарама-қарсы 

ұсыныс  алмағанға  дейін  немесе  бар  белгісіздік  жойылмағанға  дейін  ол  ықтимал  бола 

алмайды.  Мұндай  белгісіздік,  мысалы,  осы  шетел  мемлекетінде  жүзеге  асырылған  сату 

бойынша  тиісті  қарама-қарсы  ұсыныстарды  жіберуге  шетел  мемлекеттерінің  органдары 

рұқсат  беруіне  қатысты  болуы  мүмкін.  Рұқсат  берілгеннен  кейін  белгісіздік  жойылады 

және  түсім  тиісінше  танылады.  Алайда  түсімге  қосылып  кеткен  соманы  инкассациялау 

туралы  белгісіздік  пайда  болған  кезде  соңына  дейін  алынбаған  сома,  немесе  алынуы 

ықтимал  болған  сома  басынан  танылған  түсім  сомасының  түзетуі  сияқты  емес,  шығыс 

ретінде танылады. 

Сол  мәмілеге  немесе  басқа  жағдайға  қатысты  түсім  және  шығыстар  бір  мезгілде 

танылады; бұл процесс әдетте түсім және шығыстың сәйкестігі деп аталады. Егер түсімнің 

танылуы  үшін  керекті  басқа  талаптар  орындалса,  шығыстар,  соның  ішінде  кепілдік 

міндеттемелері  және  тауарларды  тиеп  жөнелтуден  кейін  пайда  болған  басқа  шығындар 

сенімді  бағалануы  мүмкін.  Алайда  шығындардың  сенімді  бағалабаған  жағдайда  түсім 

таныла алмайды, мұндай жағдайда тауарды сатқаннан кейін алынған кез келген қарама-

қарсы ұсыну міндеттеме ретінде танылады. 

Қызмет көрсету болжанатын мәміленің нәтижесі сенімді бағалана алған жағдайда, 

осы мәмілемен байланысты түсім есеп беру күніне мәміленің аяқталу сатысына  қатысты 

танылуы  тиіс.  Мынадай  талаптар  орындалса,  мәміленің  нәтижесі  сенімді  бағалануы 

мүмкін: 


- түсім сомасы сенімді өлшенсе; 

-  компанияға  экономикалық  пайданың  мәмілемен  байланысты  тиісті  ағынның 

пайда болуы ықтимал болып табылса; 

-  есепті  күнгі  жағдайы  бойынша  мәміленің  аяқталу  сатысын  сенімді  өлшеу 

мүмкіндігі болса; 

мәмілені  жүзеге  асыру  үшін  кетірілген  шығынды  және  оны  аяқтау  үшін  қажетті 

шығынды сенімді өлшеу мүмкіндігі болса.

 

Мәміленің  аяқтау  кезеңі  бойынша  түсімді  тану  көбінесе  «дайын  болуына  қарай» 



әдісі деп атайды. Осы әдіске сәйкес түсім қызмет көрсету кезінде танылады. Осы негіздегі 

түсімді тану қызмет көрсету бойынша қызмет масштабы туралы және есеп  кезеңі ішіндегі 

қызмет нәтижелері туралы маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.  

Сәйкес  келетін  ағымның  компанияға  мәмілемен  байланысты  экономикалық 

пайданың  шығуы  ықтимал  болған  кезде  ғана  түсім  танылады.  Алайда,  түсімге  кірген 

соманың  инкассациялануы  жөнінде  белгісіздік  туған  жағдайда,  соңына  дейін  алынбаған 

сома немесе өтелу мүмкіндігі жойылған сома, басынан танылған түсім сомасының түзетуі 

сияқты емес, шығыс ретінде танылады. 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау