Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет307/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   420

621 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



оның  жеке  бөлімшелеріне  де  әсерін тигізеді. Стратегиялық  шешімдер  категорияларына 

келесілер  енеді:  жақсартылған  немесе  жаңа  өнімдер,  тауарлар,  қызметтер  немесе 

ұйымдық үрдістерді жасап шығару; құрал-жабдықты сатып алу және орналастыру; жаңа 

арықтарды  айқындау  және  игеру;  өткізудің  жаңа  каналдарын  табу;  кәсіпорынның 

реинжинирінгі; ұйымдық құрылымды өзгерту; стратегиялық серіктестік, қосылу мен бір 

ұйымның  басқа  ұйымға  енуі;  компания  капиталының  құрылымын  қайта  ұйымдастыру; 

сапаны басқару жүйесін құру; өндірістен өнімнің жеке түрлерін алып тастау; персоналды 

оқыту және т.б. 



Ұйымды  стратегиялық  басқару  жүйесі  мен  жобаны  басқару  жүйесі  бір-бірімен 

өзара әрекет ете отырып, кәсіпорынның қалыпты стратегиялық әрекет етуі мен дамуына 

негіз  болады.  Ұйымның  таңдалған  стратегиясы,  жүзеге  асыруға  қабылданған  жобалар, 

сонымен қатар стратегиялар ұйымның стратегиялық мақсатына жету үшін «жұмыс істеуі» 

қажет. 

Жоба  стратегиясы  оның  өмірлік  циклының  басында жасалынады және 

бейнеленеді. Оған келесі негізгі элементтер кіреді: жобамақсаты мен оның демеушілерін 

нақты тұжырымдау; осы мақсаттарға қалай жету керектігі жайлы ақпарат; қоршаған орта 

проблемалары мен оларды шешу стратегиясы; жоба сапасының саясаты мен оны жүзеге 

асыру  стратегиясы;  жобаның  қауіпсіздік  саясаты;  меншік  иесі  мен  үшінші  тұлғалардың 

рөлі; жобаның қаржылық және экономикалық мақсаттары; оның қаржылық стратегиясы; 

сақтандыру  проблемалары  мен  оларды  шешу  стратегиясы;  техникалық  стратегия  мен 

саясат; жоба дизайнын жасап шығару философиясы; жобаны бөлу  құрылымы мен оның 

жұмыстарын  бөле  құрылымы;  бақылау  нәтижелерінің  графигі  мен  басқарудың  түрлі 

деңгейлерінде қорытынды жасау графигі; тәуекелді басқару стратегиясы; келісім-шарттар 

мен жеткізу жұмыстарының  стратегиясы;  логистика  саясаты;  жұмысқа  жалдау 

стратегиясы  мен  өндірістік  қатынастар  стратегиясы;  коммуникациялық  (сыртқы  және 

ішкі) саясат; ақпараттық технологиялар саясаты. 

Осы  элементтердің  тізімі,  жобаны  орындаудың  бастапқы  кезеңінде шешуді талап 

ететін  стратегиялық  сипаттағы  мәселелердің  аса  көптігін  сипаттайды.  Жобаны  жүзеге 

асыруда  алдында  қабылданған  стратегияларға  қажетті  түзетулер  енгізіле  алады.  Бұл 

түзетулер  тек  жоба  менеджері  және/немесе  басқарушысының  рұқсатымен  орындала 

алады. 


Жобаны  стратегиялық  басқарудың  құрауыштары:  болашақты  көру,  миссия, 

стратегиялық мақсаттар, стратегиялар, тактикалық мақсаттар мен мәселелер. Стратегияны 

жүзеге  асыру  кезеңінде  ұйымдастыру  дизайны,  жеке  және  ұжымдық  рөлдер,  басқару 

стилі, көмекші жүйелер, ұйымдық қорлардың мәні ерекше. 

Стратегиялық жоспарлау мен жобаны іріленген үлгілеудің басты құралдары – оның 

стратегиялық жоспары мен негізгі кезеңдері бойынша жоспар. 



Стратегиялық  жоспар  немесе  жобаның  мастер-жоспары  –  компанияның 

стратегиялық мүддесіндегі жобаны жүзеге асыратын негізгі кезеңдерінің тізімі бар құжат. 

Сонымен қатар бұл жоспарда жобаны жүзеге асырудың жетістіктері мен түсімдері, 

оның стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралар, оған қажетті қорлар мен 

шығындар бейнеленеді. 

Негізгі  кезеңдер  бойынша  жоспарда  жоба  қорлары  бойынша  бақыланатын  

шетеулер,  сонымен  қатар  оның  негізгі  кезеңдері  –  жобаның  басталуы  мен  аяқталу  күні, 

белгіленген келіссөздер, кездесулер, көрмелер, келісім-шарттар мен қорларды жеткізудің 

мерзімдері, климаттық мезгілдердің басталуы бейнеленген [3]. 

Негізгі кезеңдер бойынша жоспардың көмегімен жобаны орындаудың тәптіштелген 

күнтізбелік жоспары жасалынады және орындаушыларға жұмыс тапсырмалары құрылады. 

Негізгі  кезеңдерді  айқындау  жобаның  орындалуын  тиімді  ағымдық  бақылауды 

ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 

Жобалық  командалардың  стратегиялық  ықыласы  стратегиялық  басқарудың 



622 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



картасы  сияқты  көрнекті  құралды  пайдалану  арқылы  жасалынады  және  жүзеге 

асырылады.  Олардың  көмегімен  кәсіпорын  дамуының  жалпы  жолы  белгіленеді,  сәйкес 

стратегиялар  таңдалады  және  қойылған  мақсаттарға  жету  немесе  өзгеруінің  үрдісін 

бағалау  үшін  Бақылау  нүктелері  тағайындалады.  Стратегиялық  карталардың 

құрауыштары:  болашақты  айқындау,  бәсекелестікті  бағалау,  ұйымның  күшті  және  әлсіз 

жақтары, салыстырмалы талдау, орындаудың стратегиялық стандарттары, білімнің түрлі 

саласындағы  хабардарлық,  болашақ  жайлы  көріністі  іздеу,  қызығушылық  білдірген 

жақтармен өзара әрекеттестік, нарық қажеттіліктері, өнімдерді, қызметтер мен үрдістерді 

жетілдіру, кері байланыс. 

Жобалық  командалардың  белсенді  жұмысы  компанияның  ұйымдастырушылық 

мәдениетінде  өз  ізін  қалдырады  да,  былай  айтқанда  триггерлі  әсер пайда болады. 

Басқарудың  дәстүрлік  бюрократтық  құрылымдары  икемді  және жетілгендерге 

ауыстырылады. Дербес бөлімшелер көбірек ықылас білдіреді және бір-бірімен жақсырақ 

әрекет  етеді,  сонымен  қатар  клиенттермен,  жеткізушілермен,  басқа  да  қызығушылық 

танытқан  тұлғалармен  жақсырақ  әрекет  етеді.  Ескірген  идеяларды  жаңамен  алмастыру 

тенденциясы пайда болады, өзгерістерге кедергі әлсірейді, ұжымның игілігіне айналатын 

кәсіби  білімдер  жинақталады,  персоналдың  шығармашылық  және  инновациялық 

белсенділігі  күшейеді.Компанияның  жобалары  сәтті  жүзеге  асырылған  сайын,  оның 

бәсекелік артықшылығы күшейеді [4]. 

Егер  ұйым  іс-әрекеті  көптеген  мүмкін  жобалардан  нақтысын  жүзеге  асырумен 

байланысты  болса,  тиімді  жобалардан  негізделгенін  таңдау  үшін  жобаларды  ранжирлеу 

мәселесін шешу қажет. Мұнда жобаны бағалаудың түрлі критерилері пайдаланыла алады. 

Негізінде  мұнда  келесі  көрсеткіштер  қолданылады:  жоба  шығындары,  күтілетін 

пайда,  инвестицияны  қайтару  мерзімдері,  олардың  тиімділігі  және  т.б.  Сонымен  қатар 

жобалардың  бизнеске  әсерінің  дәрежесі,  компанияның  қабылданған  стратегиясына 

сәйкестігі, тәуекел дәрежесі және т.б. есепке алынады. 

Таңдалған  критерилердің  жиынтығын  есепке  ала  отырып,  олар  бойынша 

жобаларды  бағалаудың  сәйкес  шкаласы,  бағалаудың  сәйкес  принциптері  мен  таңдалған 

критерилерінің коэффициенттері жасалынады. 

Осының  негізінде  жобаларды  ранжирлеу  жолымен  оларды  шоғырланған  бағалау 

жүзеге асырылады. Осындай түрде ұйымның стратегиясын орындауға таңдалған жобалар 

арқылы тиімді жүзеге асыру қамтамасыз етіледі. 



Қолданылған дереккөздер тізімі 

1.  Жобалық қаржыландыруға жол ашылмақшы // Егемен Қазақстан. – 29.12.2010.  

2.  Н.Ш. Әлжанова Жобаларды талдау: оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 

2012. - 163 б.  

3.  Қ.С.  Мұқтарова  Инвестициялық  жобаларды  басқарудың  теориясы  мен 

әдістемесі: оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2012. - 93 б. 

4.  Л.Т. Елеусиз Қазақстан  экономикасын  жобалау  әдістерін  жетілдіру  жолдары: 

автореферат дис. - 2010. - 24 б.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау