Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет311/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   420

629 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Нарық  қатынастарын  дамытудың  қазіргі  кезегінде  Қазақстанда  инновациялық-

инвестициялық  саясатты  құру  және  жүргізу  үшін    алғышарттар  қалыптасты: 

кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін  реттеудің  нарық  құралдарын  пайдалану; 

макроэкономикалық  процесстер  арқылы  басқарудың  нарықтық  әдістерін  әзірлеу  және 

енгізу; қос деңгейлі банк жүйесіне өту; мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оны  

қаржыландыру  көздерін  әзірлеу;  инновациялық  және  инвестициялық  саланың  ролін 

түсіну және елдің ішкі резервтерінің есебінен инвестициялау көздерінің қажеттілігі. Бірақ, 

қалыптасқан  алғышарттарға  қарамастан,  экономиканың  инновациялық  және 

инвестициялық тартымдылығы қалай ішкі, солай сыртқы инвесторлар үшін әлі төмен. Бұл 

жағдайдағы,  мемлекеттің,  аймақтағы  өкімет  органдарының  міндеттері  ресурстарды 

ғылымның және өндірістің басымдырақ салаларына шоғырландырудан және инвесторлар 

бұл  процесстерге  қатысу  үшін  қолайлы  инновациялы-инвестициялық  ахуал 

қалыптастырудан тұрады.  

Мемлекеттік  реттеу  тетіктерінің  жоқтығы,  қаржылы-несиелік  саясаттағы 

жаңсақтықтар нарық жағдайында тұрақтылықты қамтитын кәсіпорындардың инвесторлар 

үшін  тартымдырақтығына  алып  келді,  себебі,  өз  өніміне  сұраныс  шектеулері  жоқ.  Бұл 

көбінесе,  үлкен  экспорттық  мүмкіншіліктері  бар  және  осыдан  шығатын,  инвестиция 

көздерін  қалыптастырудағы,  артықшылықтары  бар  мұнай  мен  газ  өндіру  өнеркәсіптері. 

Осы мұнай мен газ өндірісінің өнеркәсібі инвестиция белсенділігінің деңгейін анықтады. 

Ол  экономиканы  ұзақ  уақытқа  қалыптастырушы  фактор  болып  келеді.  Нарық 

қатынастарына  өту  жағдайында  инвестициялардың  өндірістік  емес  және  кен  өндіруші 

өнеркәсіп  салаларына  қайта  бағдарлануы  болған.  Бұл,  өңдеуші  өнеркәсібіне  капитал 

салымдарының  қысқаруына  алып  келіп,  инвестиция  қызметінің  сапалы  параметрлерінің 

жақсыруына жағдай жасамады. 

Инвестицияның салалық құрылымы біздің толықтай тиімді емес құрылымымызды 

бекітеді  де,  түбінде  экономика  өсіміне  жағымсыз  әсер  етеді.  Осы  құрылымдық 

қиғаштықтар консервациясының себептерінің біреуі-аймақ экономикасының дамуындағы 

артықшылықтарды  анықтайтын  және  шетел  инвестицияларын  тартуға  сараланған 

тәсілдемені  іске  асыратын  экономикалық  саясат  шараларының  жоқтығы.  Шетел 

инвесторлары  салынған  капиталға  жоғары  табыс  нормасын  басшылыққа  ала  отырып, 

салаларды  өздері  таңдайды.  Өкінішке  орай  біздің  мемлекет  бұл  процесске  елеулі  әсер 

етпейді.  

Отандық өндірістің құлдырауынан болған ішкі ұсыныстың жеткіліксіздігі, сол ішкі 

сұраныстың  көп  бөлігі  импорт  есебінен  өтелуіне  алып  келеді.  Екіншіден  инфляцияның 

жоғары  қарқыны,  отандық  өндіріс  тиімділігінің  төмендігі  және  тұрақсыздығы,  ел 

капиталының кемуіне алып келетін, инвестициялауға жағымсыз жағдай жасайды.  

Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік инвестициялық саясатының 

мақсаты,  жеке  меншік  секторы  мемлекеттің  араласуынсыз  жүзеге  асыра  алмайтын 

тауаршаларына,  қаржыландыру  көздерін  және  инвестицияны  қолдау  және  тартудың 

қатысты  механизмдерін  анықтаудан  тұрады.  Мемлекет  қолдауы  мен  нарық  ынтасының 

сәйкестігінде  ғана  мүмкін  болатын,  инвестиция  белсенділігін  арттыру  арқылы 

экономикалық дағдарыстан шығуға және өндірісті жандандыруға болады [3]. 

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің негізгі бағыттары болып, 

жоғары  техникалық  және  технологиялық  деңгейді  сақтаған,  салалар  мен  өндірістің 

экспорттық  және  импорттық  орнын  алмастырушы,  бәсекеге  қабілетті  салаларында  

қолдау табылады. 

Дүниежүзілік  тәжірибені  талдау,  құрылымының  қайта  құрылуының  шешуші 

шарты  болып  қарастырылатын,  экономикадағы  инвестициялық  үрдістерді  мемлекетпен 

қолдау  экономика  өсуінің  тұрақты  қарқындарын  қолдау  және  жетістік  түріндегі  нақты 

нәтиже  береді.  Қазақстанда  инвестицияларды  ынталандырудың  заңды  және 

экономикалық  негіздері2011  жылы    8  қаңтарда  қабылданған  ҚР-сының  “Инвестициялар 



630 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



туралы”  заңында  анықталған.  Бұл  заң  ҚР-дағы  инвестицияларға  байланысты 

қатынастарды  реттейді,  инвестицияларды  ынталандырудың  құқықтық  және 

экономикалық  негіздерін  айқындайды,  ҚР-да  инвестицияларды  жүзеге  асырған  кезде 

инвестициялардың  құқықтарын  қорғауға  кепілдік  береді,  инвестицияларды мемлекеттік 

қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.  

Қазіргі  технологияларды  пайдаланатын  қолданыстағы  өндірісті  жаңарту,  кеңейту 

және жаңаларын жасаудағы инвестицияны ынталандыру үшін және экономиканы дамыту 

үшін  жағымды  инвестициялық  ахуалды  қалыптастыру  мақсатымен  инвестицияны 

мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.  

Инвестицияны  мемлекеттік  қолдау  келесі  преференцияларды  ұсынумен 

тұжырымдалады: 

− 

инвестициялық салықтық преференциялар; 



− 

кеден баждарымен салық салудан босату; 

− 

мемлекеттік натурдық гранттар; 



Өңдеуші  өнеркәсіпті  дамыту  үшін  инвестицияға  сұраныс  ұсынатын  тауарларын 

экспорттайтын салаларға бағдарлану қажет, оларға бюджеттік қаржыландыру, салықтық 

престі  төмендету,  мемлекеттік  тапсырыс  беруді  кеңейту  және  сыртқы  экономикалық 

саясаттағы  орынды  қолдампаздық(протекционизм)  түрлерінде  көмек  көрсету  қажет. 

Халықтың әл-ауқаттық деңгейін және отандық өнімдерге деген оның төлем қабілеттілігі 

бар  сұранымын  қалпына  келтіру  бойынша  шаралар  қабылдануы  қажет.  Бұл 

мультипликативті  әсер  беріп,  кәсіпорындарға  инвестициялар  іздеуге,  оларды  төлеуге, 

несие  берушілермен  және  мемлекетпен  төлеп  құтылуға,  өндірісті  дамытуға  мүмікіндік 

беретін еді. 

Инвестициялық  процеске  кәсіпорынның  өз  қаражатын  және  халықтың  жинақ 

ақшаларын тарту халықтың әл-ауқатын жоғарлату және экономикалық өсу үшін маңызды 

болып  келеді.  Зейнетақы  қорлары,  сақтандыру  компаниялары,  инвестициялық  қорлар 

және  басқа  да  институционалдық  инвесторлар  капиталдың  отандық  нарығын  дамытуға 

жәрдемдесу керек және осы  арқылы-сапалы  экономикалық өсуге, басқа ТМД елдерімен 

салыстырғанда  Қазақстан  Республикасы,  инвесторлар  үшін  тартымды  болып  келетін, 

жоғары несиелі рейтингке ие. Батыс сарапшылардың көзқарасы бойынша саяси дамудың 

тұрақтылығы  ҚР-  сының  артықшылықтарының  бірі  болып  табылады.  Салық 

тәртіптемесінің 

тұрақтылығы, 

қоғамның 

демократияландырылуы, 

нарық 


реформаларының жалғасуы жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік 

туғызады.  Әлеуетті  инвесторлар  алдында  тұрған  проблеммаларды  мемлекетпен  ұғыну 

қажет. 

Қазақстан  шетелдік  инвесторларға  күрделі  қаржылардың  технологиялардың, 



басқару  мен  маркетинг  саласындағы  тәжірибенің  маңызды  көзі  ретінде  қарай  отырып, 

дәйексіз және бұлыңғыр саясат нәтижесінде өзінің ұлттық мүдделеріне қысым жасуына 

жол бермеуге тиіс.  

Үкіметтің  саясаты,  ұлттық  түдде  тұрғысынан  қарағандағы  құқықтық  және 

әкімшілік  шаралар  шетел  инвестициялардың  тарту  міндеттеріне  және   инвесторлар  өз 

мүдделеріне  жауап  беретін  жағдайларды  қамтамасыз  етуге  тиіс.  Сонымен  берге  шетел 

инвесторлары  операцияларының  Қазақстан  экономикасына  тигізетін  қажеттсіз 

зардапттарын болдырмауға немесе, ең болмағанда, бәсеңдетуге мүмкіндік беретін тетіктер 

әзірлеу қажет. 

Инвестициялық ахуалды жақсарту мынадай шаралар қолдануы тиіс: 

-  Заңнаманың  даму  дәрежесі  мен  тұрақтылығы,  мемлекеттік  саясаттың 

болжамдылығы инвестициялық ахуалды салауатты жай-күйінің кепілі болуға тиіс; 

-  Заңнаманы  тиімді  қолдану  мәселесі  шешілуге  тиіс;  Қазақстанның  іскер 

қауымдастығы  иен  Үкіметтің  беделін  арттыру  үшін  жергілікті  және  халықаралық  сот 

шешімдерін орнатуды, шарттарды сақтауды және күшіне енгізуді қамтамасыз ету қажет; 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау