138
тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады. Бұған
мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, монополия
субъектілерінің қызметінің ашықтығын, айқындығын, қоғам алдындағы
есептілігін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
өкілеттіктерін кеңейту септігін тигізуі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларын іске асыру
аясында мына заңдар қабылданды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл туралы, мемлекеттік бақылау және аудит туралы, мемлекеттік
сатып алу туралы, қоғамдық кеңестер туралы, ақпаратқа қол жетімділік
туралы және т.б. Енгізілген жаңашылдыққа сәйкес, 2017 жылдан бастап
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өз табысын ғана емес,
сонымен қатар шығындарын да жариялаулары керек.
Осылайша, Қазақстанда халықаралық тәжірибе мен ел дамуының
ұлттық ерекшеліктерінің негізінде мемлекеттік басқару және мемлекеттік
қызмет саласында реформалар жүргізуде өз тәжірибесін жинақтады
деп қорытынды жасауға болады. Орталық және жергілікті мемлекеттік
басқару органдары жүйесінде функционалдық және құрылымдық
өзгерістер өтті, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі құрылды. Қоғамдық
өмірдің әр түрлі бағыттары мен салаларында қойылған мақсатқа сәйкес,
реформа кезеңді түрде жүзеге асты. Бұрын қойылған көптеген міндеттер
орындалды немесе орындалуға жақын қалды десе де болады, олардың
кейбіреулері мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті жаңғыртуға
бағытталған әкімшілік реформаның жаңа кезеңінде өзекті болып отыр.
Тірек сөздер:
мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, әкімшілік
реформа, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл және оның алдын алу.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Әкімшілік реформаның ерекшелігі неде?
2. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік қызметтің
рөлі қандай?
3. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
қалай атқарылады?
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет қағидаттарын іске
асыру мәселелері қандай?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1. Әкімшілік реформа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін
жаңғырту негізі ретінде
2. Қазақстан Республикасының ресми құжаттары және мемлекеттік қызмет.
3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғам.
4. Мемлекеттік қызметші және Қазақстан Республикасының бәсекеге
қабілеттілігі.
Әдебиет
1. Байменов А. М. Государственная служба. Международный опыт.
Казахстанская модель. - 2-е издание. - Астана: Академия государственного
управления при Президенте Республики Казахстан, 2013.
139
2. Капаров С. Г. Совершенствование государственной службы в Казахстане. -
Екатеринбург: Контекст-АП, 2005.
3. Федотова З. Л. Реформа системы государственного управления в Республике
Казахстан: постепенность и последовательность этапов // Государственное
управление и государственная служба. - 2010. - № 4. - с. 13-17.
4. Мемлекеттік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
23 шілдедегі № 453-I Заңы // АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы: Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы // АҚЖ
«Әділет» (23.12.2015).
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы: Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-I Заңы // АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының
Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V // АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
8. Әкімшілік рәсімдер туралы: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
27 қарашадағы N 107 Заңы // АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
9. Нормативтік құқықтық актілер туралы: Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-I Заңы // АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
10. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы:
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы //
АҚЖ «Әділет» (23.12.2015).
140
§15. Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл тетігі ретінде
Мемлекеттік басқарудағы реформалар: нәтижеге бағдарланған,
мемлекеттік стратегиялық жоспарлау.
Шет елдің озық тәжірибесі
көрсеткендей, мемлекеттік басқару жүйесінде, тиісінше мемлекеттік
жоспарлауда және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда сыбайлас
жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін негізгі факторлар дегеніміз
бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және көптеген жағдайларда тек
қаражатты игеруге бағдарлану болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік
бағдарламаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың тууына
себеп болатын факторлар, жоспарлау процесінің күрделілігі, еңбек
және қаржы ресурстарының шектеулігі, ақпараттардың қолжетімсіздігі
және және т.б. болып табылады.
2008 жылы 6 ақпанда ел Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына
Жолдауында «нәтижелілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік
басқару жүйесін дамыту бойынша» іс-шараларды жедел іске асыруды
басымдықтардың бірі ретінде атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан
Республикасының Үкіметіне «бюджет қаражатын жоспарлау және
пайдалану тиімділігін арттыру жүйесін жаңғырту мен жетілдіру бойынша
жұмысты жеделдету» міндеті қойылды [1]. Әкімшілік реформаны жүзеге
асыру шеңберінде нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне
көшу іске асырылды.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік жоспарлау
жүйесінің құжаттары мемлекеттік экономикалық, индустриялық және
әлеуметтік саясатты іске асыру үшін тиімді құрал болуы мүмкін. Олар
жалпы республикалық, салалық сипаттағы белгілі бір міндеттерді
орындауды және әлеуметтік процестерге мақсатты түрде, кешенді
әрі жүйелі ықпал ету мүмкіндігін береді. Оларда белгілі бір қоғамдық
мәселелерді шешу бойынша алдағы уақыттағы іс-әрекеттер алгоритмі
көрініс табады. Стратегиялық бағдарламалық құжаттарды іске асыру
тиімділігін бағалау қажеттілігі, шығындарды бақылаумен ғана
байланысты емес. Стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттардың
атқарылуын бағалау орындаушылардың нақты нәтижелерге қол
жеткізуге баса назар аударуына, ағымдағы үрдістерді талдауға; заманауи
түзетулерді қамтамасыз етуге; қызмет нәтижелерін табу арқылы
жұртшылықтың сеніміне ие болуға көмектеседі [2].
Мемлекеттік қызметшілердің жалақыларының өзгермелі бөлігін
айтарлықтай арттыра отырып және оны алуды мемлекеттік орган
алдына қойылған сол не өзге мақсаттар бойынша мақсатты мәнге қол
жеткізу фактісімен байланыстыру арқылы нәтиже бойынша еңбекақы
төлеу тетіктерін енгізу қажет. Бұл процесс мемлекеттік қызметшілерді
ынталандырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді барынша азайтудың
тиімді стратегиялық жоспарлау процесі мынадай өлшемдерді қамтиды:
–
миссия (мемлекеттік органның болу қажеттігін түсіндіру);
–
мақсаты (қоғамдық қатынастардың келешектегі жай-күйі, ол
ведомство өзінің күш-жігерін жұмсайды);
Достарыңызбен бөлісу: |