137
2014 жылдың тамыз айында атқарушы органдарды оңтайландыру
шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы)
бірігуі арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.
Жаңа Агенттіктің практикалық қызметі сыбайлас жемқорлықтың
алдын алуға бағытталды. Мемлекеттік органның жаңа міндеттері 2014
жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №
986 Жарлығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда
белгіленді.
Қазақстан Республикасының қабылдаған қадамдары әр мемлекеттің
алдына мемлекеттілікті нығайту міндетін қойған жаһандық тегеурінді
талаптары мен қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне сәйкес болды. Осыған
байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
2015 жылы 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде, жалпы
мемлекетті жаңғырту жөніндегі бес институттық реформаны ұсынды. Осы
негізде, ол «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі
100 нақты қадам» Ұлт жоспары (бұдан әрi – Жоспар) әзірленді.
Мемлекет басшысының бірінші институционалдық реформасы кәсіби
мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.
Ол жоғарыда аталған реформаны жүзеге асыру үшін 15 нақты
қадамды қамтиды: мемлекеттік қызметте кіру рәсімдерін жаңғырту,
төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және оларды құзыреттілік
тәсіл негізінде одан әрі ілгерілетуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке
алғаш кіргендер үшін міндетті сынақ мерзімін енгізу.
Сондай-ақ, Жоспарда еңбек нәтижелері бойынша мемлекеттік
қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, лауазымдық
жалақыға өңірлік түзету коэффициенттерін енгізу көзделген.
Мемлекеттік
қызметті
жаңғырту
шеңберінде
мемлекеттік
қызметшілердің мансаптық өсуі үшін конкурстық іріктеуге көшу,
меритократия қағидатын күшейту, тұрақты оқыту жүйесін құру, сондай-
ақ жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерді кешендік аттестаттау
жүргізу жұмыстарына ерекше назар аударылатын болады.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін институттандыру және
мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша барлық теориялық
тәсілдер мен негіздер, сондай-ақ практикалық шаралар аталған Жоспар
шеңберінде қабылдау көзделген, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңда
бекітіледі.
Жоспар қазақстандық қоғамда оң қабылданды. Тек бірлескен іс-
шаралар векторы және қоғам мен мемлекеттің өзара түсіністігі
сыбайлас
жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес алаңын жасай алады. Сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу үшін мақсаттар мен іс-шаралар кешенді
болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жартылай шараларды,
таңдамалы немесе азаматтардың жекелеген санаттарына төзбейді. Тек
заң алдында азаматтардың теңдігінің конституциялық қағидаты толық
іске асырылса, мемлекеттің мақсаттарына деген сенім арта түседі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту Қазақстан
Республикасының мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметінің