146
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама 2003–
2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму
Стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылары»
бағдарламасының, сондай-ақ индустриаландыру саласындағы өзге
құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктіре отырып, жүргізіліп отырған
экономиканы әртараптандыру саясатының қисынды жалғасы болып
табылады.
Өндірістік
саясатты
кезең-кезеңімен
дамыту
мақсатында
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы
№ 874 Жарлығымен 2015–2019 жылдарға арналған индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасы қабылданды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-
инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының жалғасы болып саналады және оны
жүзеге асырудағы тәжірибені ескереді.
Негізі әкімшілік кедергілерді азайтуға, еркін бәсекелестікті дамытуға
жағдай жасауға, қазақстандық мазмұнды кеңейтуге, тиімді тарифтік
саясатты жүргізуге, ірі өндіріс өндірушілері айналасында шағын
және орта бизнес кәсіпкерліктері жүйесін мақсатты қалыптастыруға
арналған шаралардан тұратын индустриялық-инновациялық даму
бағдарламаларының көмегімен, соңғы жылдары елімізде серпінді
өзгерістер орын алды, жаңа салалар ашылып, жемқорлықтың орын
алуын азайтудың қолайлы ортасы қалыптасты.
Бағдарламалық-мақсатты бағдарламалауды жүзеге асыру «Өңірлерді
дамытудың 5 жылдық бағдарламаларын» жасау арқылы іске асырылады.
Әртүрлі өңірлік салалық бағдарламалар орнына енгізілген бірыңғай
құжат болып саналады.
Бағдарламаның алғашқы міндеті аясында келесі бағыттар бойынша
іс-шаралар жүргізілуде:
1) қолданылмайтын шаруашылық активтері мен қолда бар
резервтерді (оның ішінде қаржылық) айналымға енгізу арқылы өңір
экономикасының
әртараптылығын қамтамасыз ету;
2) отандық және шетелдік инвесторларды тартуда жүйелі жұмыстар
жүргізу;
3) инновацияларды дамытуда оңтайлы жағдайлар жасау (шағын
инновациялық компаниялар мен жоғарғы технологиялы өндірісті
дамыту);
4) өңір экономикасының барлық саласында шағын кәсіпкерлікті
дамытуға атсалысу (әкімшілік шараларды, рұқсат жүйелерін және т.б.
жеңілдету);
5) өңір әкімдерінің жүйе құрушы ірі кәсіпкерліктердің шаруашылық
қызметін
тиімді экономикалық қадағалауы;
6) өңір экономикасының барлық саласында энергия мен ресурстар
үнемдеу технологияларын енгізу және энергияның баламалы көздерін
қолдану;
7) республика қалаларының айналасында азық-түлік аймақтарын
құру.