135
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының
33-бабы 4-тармағында, азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге
тең құқығы бекітілген. Бұл тармақ, атап айтқанда, мемлекеттік қызмет
қалыптастырудың маңыздылығын – аталған институттың ерекше қызметін
сипаттайды. Осы нормаға сәйкес, мемлекеттiк қызметшi лауазымына
кандидатқа қойылатын талаптар тек лауазымдық мiндеттердiң сипатына
негізделген. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың осы және басқа
да мәселелері, талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасында белгiленген.
Осындай талаптардың бірі мемлекеттік қызметшілердің адал болуы.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының практикасы мен
барлық мемлекеттік саясаты бүгінгі күні аталған талаптарды іске асыруға
бағытталған, олай болмаған жағдайда адалдықтың болмауы нәтижесінде
сыбайлас
жемқорлық көбейіп, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төне бастайды.
Әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің негізгі
функцияларының бірі болып табылады, 1999 жылдың 23 шілдесінен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің құрылуының саяси-
айқындаушы кезеңінен бастап жүзеге асырылды, оның құқықтық базасы
және жеке уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі құрылды.
Мемлекеттік қызметтің қазақстандық жеке моделін құру бойынша
белсенді жұмыс атқарылумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар да жүргізілді.
Жұмыстың жүйелік сипатын қамтамасыз ету үшін, бірқатар нормативтік-
құқықтық
және
ұйымдастырушылық-практикалық
іс-шаралар
қабылданды, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін
жетілдіру және оның алдын алуға бағытталған, Қазақстан Республикасы
Президентінің мынадай бірнеше Жарлықтары шықты:
- 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»;
- 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 «Қазақстан Республикасы Президентінің
жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі
комиссия құру туралы»;
- 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы»
және басқалар.
Осы және өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделген
шаралар сол уақытта кең ауқымды сипатқа ие болған (өкінішке орай,
осы күнге дейін жойылмаса) сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге
бағытталды.
Сондықтан, жоғарыда атап өткен нормативтік құқықтық акті бойынша
құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия Елбасының
жанындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және мемлекеттік
қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын бұзуына қарсы күресті
күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін
арттыруға бағытталған, консультативтік-кеңестік орган болып табылады.