5
КІРІСПЕ
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде
қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне
қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен
елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани-
этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді
тәсіл екенін көрсетті.
Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет
бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан
бастап барлық жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты жаңа пән енгізіле
бастады. Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің
дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін
тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық аспектілерін ашуға
бағытталған.
Қалыптасқан мән-жайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
ғалымдар тобы бұл проблема бойынша оқу процесін әдістемелік
қамтамасыз ету үшін оқу құралын жасау туралы бастама білдірді.
Ұсынылатын оқу құралы Академияның профессор-оқытушылар
құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу орнының құрылымдық
бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік моделдерін
қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері
жүйелі түрде әзірленуде.
Авторлар ұжымына әртүрлі бейіндегі мамандар кірді, олардың
ішінде – практикалық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, педагогика,
философия, экономика, юриспруденция саласында зерттеулер жүргізетін
ғалымдар бар. Авторлық ұжымның мұндай іріктелуі белгіленген
міндеттерді шешуге және тарихи әрі қазіргі заман тұрғысынан алғанда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті
проблемаларын байыптауға кешенді көзқарасты қамтамасыз етті. Жүйелі
тәсілдің міндетін белгілеген авторлар сыбайлас жемқорлықтың мәнін,
табиғатын, шығу тегін, оның орнықтылығының себебін ашу, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени,
рухани-этикалық аспектілерге сапалы талдау ұсыну әрекетін жасады.
Оқу құралында қамтылған мәселелер кешеніне орай оларды
төрт тарауға топтау орынды деп табылып, олардың әрқайсысы тиісті
тақырыптық блокты қамтыды.
6
Оқу құралы аясында оқырмандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сияқты ұғымдармен
танысып, қазіргі күннің құбылысы ретіндегі сыбайлас жемқорлық және
оның тарихи тамырлары туралы мәлімет алады. Тұлғаны сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет тұрғысынан тәрбиелеуде отбасының
рөліне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздеріне,
шетелдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға
айрықша назар аударылған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралында
авторлар оқытудың тәрбиелік сипатына сүйенді, сондықтан ол
жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары мен дайындық
бағыттары бойынша оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясының соңғы жылдары жинақтаған тәжірибесін
пайдаланғанымызды, Академияда еліміздің мемлекеттік қызметшілерін
оқытудың барлық бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы
бағыттылық пәндері енгізгенін атап көрсету қажет.
Бұл тақырып бойынша бірінші оқу құралының жарыққа шығуы
және оның отандық жоғары оқу орындарының білім беру процесінде
пайдаланылуы бұл пәнді оқытудың жаңа модельдері мен әдістемелерін
өмірге әкелуі мүмкін. Оқу құралының мән-мазмұны бойынша берілетін
кез келген ескертулер, ұсыныстар бұл ұжымдық еңбектің мазмұнын
жақсарту тұрғысынан алғанда мұқият қаралады және Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясы білім беру саясатының бұл маңызды бағыты бойынша
ынтымақтастыққа дайын.
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
§ 1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас
жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың
тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси
әдебиетте кеңінен қолданылады.
«Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген
мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан
тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау,
алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу,
қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын
«со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің
қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді.
Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру»
дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де
материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді.
Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау,
алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық,
нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген
мағынаны білдіреді[1].
Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен
қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан,
рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға
сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені,
оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату,
іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы
өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.
Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы. Ежелгі
дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың
туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде
барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің
бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші
жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары
(біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр).
Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны
үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: «§ 5. Егер судья істі талқылап,
шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе,
онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы
істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста
оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп,
сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс. § 6. Егер адам құдайдың
затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан
ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс» [2].
Достарыңызбен бөлісу: |