Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет61/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73

132
Бұл  кезеңде  ауқымы  үлкен  командалық-салалық  басқару 
құрылымы  айтарлықтай  қысқартылып,  оңтайландырылды  және 
нарықтық  экономиканың  талаптары  мен  жаңа  саяси  процестерге 
бейімделген  мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты. Орталық басқару 
органдарын  оңтайландыру  негізінен  әртүрлі  мемлекеттік  органдардың 
функцияларының  қосарлануын  болдырмауға,  басқару  буындарының 
санын азайтуға, сонымен қатар ведомствоаралық қарым-қатынас және 
жауапкершілік пен есеп берушілік мәселесін реттеуге мүмкіндік берді. 
Қазақстанның  мемлекеттік  басқаруын  одан  әрі  жетілдірудің  негізгі 
бағыттары «Қазақстан – 2030»  Стратегиясында  айқындалды. Дамудың 
осы кезеңінде стратегиялық міндетті табысты  іске асыру  негізі жоғары 
тиімді  мемлекеттік  басқару  жүйесі  болды.  Бұл  кезеңде  мемлекеттік 
басқару  жүйесінде  бірқатар  күрделі  қайта  құрулар  жүргізілді.  Осыған 
байланысты,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  1999  жылғы  22 
қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы», 1999 
жылғы 13 қазандағы «Мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру 
және  олардың  құзыреттерін  нақтылау  жөніндегі  іс-шаралар  туралы», 
2000  жылғы  13  желтоқсандағы  «Жекелеген  мемлекеттік  органдарды 
қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы» Жарлықтарға қол қойды.   
Қайта  құру  жұмыстарының  жүргізілгеніне  қарамастан,  мемлекеттік 
органдардың қызметінде шешімін таппаған мынадай мәселелер болды:
–  мемлекеттік аппарат үлкен күйінде қалды;
–  мемлекеттік  басқарудың  горизонтальдық  және  вертикальдық 
деңгейлерінде функциялардың қайталануы сақталды;
–  бюджетаралық қатынастар саласында өзгеріс енгізу талап етілді;
–  жекелеген  мемлекеттік  органдардың  жұмысы  ашық  болмай 
қалды.
  Мемлекет  басшысының  тапсырмасы  бойынша  осы  мәселелерді 
шешу үшін басқару және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру 
деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату бағдарламасы дайындалды. 
Бағдарламада Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін 
реформалауды жүргізу барысында негізге алынатын қағидаттар бекітілді. 
Оның ішінде ең негізгілері: мемлекеттік басқарудағы тікелей және жанама 
басқарудың  ара  жігін  нақты  ажырату;  құрылымдардың  қайталануын 
болдырмау; мемлекеттік басқару функцияларын тиімді жүзеге асыруды 
қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; бюджеттік 
мәселелермен бірге өкілеттіктерді бөлу мәселелерін шешу; мемлекеттік 
органдардың бақылау функцияларын қысқарту және және т.б. болды. 
2004 жылдың 17 қыркүйегінде  әкімшілік реформаны өткізу бойынша 
өткен  кеңесте    Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаев  елімізде  кең  ауқымды  әкімшілік  реформаның  басталғаны 
туралы  жариялады.  Ол  мемлекеттің  дамуының  жаңа  кезеңінде 
мемлекеттік  басқару  жүйесін  реформалаудың  негізгі  бағыттарын 
айқындап берді, атап айтқанда:
- орталық деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру;
- мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін 
ажырату және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын реформалау. 
Бұл  мемлекеттік  басқаруды  орталықтандыруды,  жергілікті  билік 
органдарына  жалпы  мемлекеттік  саясат  шеңберінде  жергілікті  даму 


133
мәселелерін дербес шешуді ұсынуды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін 
қалыптастыруды көздейді;
–  мемлекеттік  басқаруды  қағазбастылықтан  арылту.  Шаруашылық 
субьектілерін  тіркеу  рәсімін  жеңілдету,  «бір  терезе»  тиімді  қағидатын 
енгізу, электрондық үкіметті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені 
ұсынылды;
– мемлекеттік қызметті жетілдіру, ұлттық және шетелдік оқу орындары 
негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау, біліктілігін 
арттыру.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын 
алу.  2006  жылы  1  қыркүйекте  Қазақстан  Республикасы  Парламенті 
палаталарының бірлескен отырысында әкімшілік реформа жүргізуді одан 
әрі дамыту идеясы Қазақстан Республикасы Президентінің  «Мемлекеттік 
басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғам алдында 
есептілік  қағидаттары  негізінде  жаңғырту»  туралы  баяндамасында 
жалғасын  тапты.  Мемлекет  басшысы  мемлекеттік  қызметті  жетілдіруге, 
мемлекеттік  аппарат  жұмысына  ерекше  назар  аударды.  Қазақстан 
Республикасының Президенті әкімшілік реформаның басым бағыттарын 
анықтады және Үкіметке мынадай шараларды жүзеге асыруды тапсырды:
–  мемлекеттік органдардың құрылымы, басқару шешімдерін қабылдау 
кезінде мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру;
–  мемлекеттік  қызметшілердің  еңбегінің  нақты  нәтижесі  негізінде 
олардың жалақыларын арттыру;
– мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына қол жеткізу;
–  мемлекеттік  органдар  қызметінің  рейтингін  және  бюджеттік 
процеске жаңа тәсілдерді енгізу;
–  мемлекеттік  аппараттың  басқарушылығын,  тұрақтылығы  мен 
орнықтылығын арттыру;
– сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету;
– мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту.
2004  жылы  бастау  алған  әкімшілік  реформа  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  2007  жылғы  13  қаңтардағы  «Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  басқару  жүйесін  жаңғырту  жөніндегі 
шаралар  туралы»  Жарлығында  анықталған  қағидаттар  негізінде 
жүзеге  асырылғанын  атап  өткен  жөн.  Бұл  кезеңдердің  жүйелілігі 
мен  кезектілігі;  болжамды  шешімдердің    жүйелілігі  мен  реформалау 
бойынша  қойылған  міндеттердің  кешенділігі;  транспаренттілік; 
қабылданатын  шешімдер  мен  барлық  қатыстырылатын  мемлекеттік 
органдардың  өзара  іс-қимылының  тиімділігіне  тұрақты  мониторинг.
Осы  кезеңде  әкімшілік  реформа  бойынша  іс-шаралар  кешені  іске 
асырылуына  қарамастан,  мемлекеттік  басқару  жүйесінде  мынандай 
шешілмеген  мәселелер  қалды:  сыбайлас  жемқорлықтың  болуы, 
ашықтық және айқындықтың болмауы, мемлекеттік органдар қызметінде 
қайталанудың  болуы  және  және  т.б.  Сәйкесінше,  реформаларды  іске 
асыру тиімділігі мемлекеттік органдар жұмысының сапасына байланысты 
болатындықтан,  мемлекеттік  басқару  жүйесін  жаңғырту  бойынша 
жұмыстарды  жалғастыру  міндеті  тұрды.  Мемлекеттік  қызметке  аса 
талантты мамандарды тарту үшін жағдай жасау, мемлекеттік қызметтің 
оң  имиджін  қалыптастыру,  мемлекеттік  қызметшілердің  еңбегіне  ақы 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау