159
Бизнес-ортада
сыбайлас
жемқорлыққа
қарсы
мәдениетті
қалыптастыру бизнес-ортада қаншалықты дәрежеде белең алғанын
ескергенде, айтарлықтай қиын процесс. Компаниялардың менеджерлері
өз құзыреттерін пайдалана отырып, «тойтарыс» береді және олар
ресурсқа қол жеткізу үшін ақша беру және т.с.с. қажеттіліктерін
тудырады. Дегенмен, бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністері
жөніндегі ақпарат, мемлекеттік органдарда көрініс табатын жемқорлыққа
қарағанда толық болмайды.
Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері:
–
компаниялардың ішкі регламенттері мен рәсімдерінің анық болмауы;
–
әлсіз мониторинг пен бақылау;
–
компанияның басқару органдары қабылдайтын түпкі шешімдердің
айқындығының жеткіліксіздігі;
–
компания басшыларының жұмыста әдеп қағидаларын сақтамауы.
Компания басшылығы қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы
нөлдік төзімділік тәрбиелеуде үлгі болуы тиіс. Егер басшылық мәселені
пара алу арқылы шешуді қаласа, компания қызметкерлері де мәселе
шешудің осындай жолынан бас тартпайды.
Шетел компанияларының тәжірибелері көрсетіп отырғандай,
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті парасыз жүргізуге болады. Жемқорлық
орын алған жекелеген жағдайлармен компанияның ішкі рәсімдері
арқылы күресуге болады.
ЖАҒДАЙ
Қазақстанда жұмыс істеп, косметикалық қызмет көрсететін корей
фирмасы лицензиялық талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке
тартылды. Салынған айыппұл –
90 000 теңге. Шенеунік істі сотқа дейін
жеткізбей, орнына оған ноутбук «сыйлауды» ұсынған. Фирма басшысы
әділ тұжырым жасады, яғни, сотта талаптың негізгі бөлігімен келіспей
және шенеунікке кейін үлгі болатындай үнемі «қалтасын толтыруға»
жағдай жасамауға бел буды.
Сот талқылауының нәтижесінде, кәсіпкерге қойылған бес талаптың
біреуі ғана қалдырылды. Айыппұл құны 30 000 теңгеге дейін түсірілді.
Алайда, істі қарау барысында фирма жұмыс жүргізу бойынша бағалы
тәжірибе алды. Енді ол ешқандай тексерушілерден қорықпайды, себебі
жұмысын толық ретке келтіріп алды. Фирма басшысы мұндай білім мен
тәжірибе 30 000 теңге төлеуге тұрарлықтай екенін, және істі әдеттегідей
пара берумен аяқтаса, одан да жаман боларын мойындады.
Қиындық туғызып отырған тағы бір мәселе бұл – қызметкерлердің
компания ресурстарын жеке мүдделеріне қолдануын жемқорлық
әрекетіне жатқызу. Бұл жағдайды қызмет бабын теріс пайдалану деп
қарастырған дұрыс.
Осылайша,
бизнес-ортада
жемқорлыққа
қарсы
мәдениет
қалыптастыру сана-сезімді, әділдік пен жауапкершілікті арттыру
мақсатында кәсіпкерліктің кадрлар құрамымен жұмыс жүргізуді
болжайды. Компания ішіндегі жемқорлық мәселелерін оның басшылығы
немесе иелері шеше алады. Ішкі рәсімдермен шешім қабылдау тәртібін
жетілдіру үшін, сондай-ақ жемқорлық амалдарын өрескел қылыққа
айналдыру үшін уақыт қажет.
160
ЖАҒДАЙ
Салық инспекциясының қызметкері Алматы қаласының кәсіпкері Б-ға
негізсіз айыппұл салды. Ол фирма бухгалтеріне белгілі ақы үшін жағдайды
«реттеп беруді» ұсынды. Және бухгалтерге делдалдық қызметі үшін
сыйақы уәде етілген. Бас бухгалтер кәсіпкерді салық қызметкерлерімен
туындаған мәселеде ең дұрыс шешім ақы төлеу екеніне көндірмекші
болып, мәселені өзі шешуге ұсыныс жасаған. Кәсіпкер ақы төлеуден бас
тартып, негізсіз айыппұл жөнінде сотқа шағымдануды жөн көрген.
Қатарынан бес сот шағымын жеңіп шыққан кәсіпкер Б-ны салық
инспекциясының өкілі ақыры қоя берді. Шыны керек, ол үшін біраз уақыт
пен қаражат жұмсалды. Алайда, бизнестің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі,
сонымен қатар, адамдық қадірінің сақталып қалуы жұмсалған уақыт пен
қаражатты артығымен ақтап берді. Соңында бұл кәсіпкер бас бухгалтерін
жұмыстан шығарып, шағын бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау
жөніндегі ынталы топты басқарды.
Әлемдік тәжірибеде байқалғандай, сыбайлас жемқорлықпен тиімді
күресіп, оны мемлекеттің моральдық-адамгершілік ұстанымдары мен
экономикасының дамуына қатер төндірмейтіндей деңгейге жеткізуге
болады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу маңызды әрі
болуы мүмкін іс-әрекет болып саналады.
ЖАҒДАЙ
Бал өндірумен айналысатын шағын кәсіпорыннан сәнді би сайысын
өткізуге қаражат аударуды талап еткен. Келіссөздер нәтижесінде екі жаққа
да жағымды мәміле табылған: кәсіпорын аз мөлшерде қаражат төлейді,
бірақ өз атауын көрсетіп, іс-шараның ресми демеушісіне айналады, өз
тауарын тегін жарнамалап, банкетті балмен қамтамасыз етеді.
Әртүрлі зерттеулер нәтижесінде байқалғандай, бизнес-қауымдастығы
сыбайлас жемқорлықпен сәтті күресіп, оның алдын алу үшін негізгі екі
шараны орындау қажет деп есептейді:
1) пара үшін қомақты (еселенген) айыппұл салу, бұл пара
алушылардың жауапкершілігін арттырады;
2) заңнаманы оның «сыбайлас жемқорлықтан таза» екендігіне
қоғамдық сараптама жүргізу, оны жасаудағы нақтылық.
Сондай-ақ бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын
шараларға мыналар жатады:
–
заңнаманың айқындығы мен толықтығы;
–
мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту;
–
мүдделер шиеленісін жою;
–
мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қабылдау;
–
мемлекеттік қызметшілердің сайланбалығы.
Әртүрлі қызмет салаларын нормативтік құқықтық реттеудегі
кемшіліктер – сыбайлас жемқорлыққа апаратын негізгі себеп. Бұл
Қазақстан үшін жүйелі әрі ұзақ мерзімді мәселе болып отыр. Бұл
мәселенің шешімі тек мемлекетке ғана емес, «қоғам-билік-бизнес»
диалогының қаншалықты нәтижелі болуына байланысты.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сананы қалыптастыру құралы. Қазіргі заман жағдайында бизнес ортадағы
161
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тамыры оның әлеуметтік
жауапты әрекетінде жатыр.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – бұл кәсіпкерлердің осындай
саясат жүргізіп, осындай шешім қабылдауға және қоғам мақсаттары
мен құндылықтары жағынан ерікті болып саналатын қызмет бағыттарын
таңдауға ерікті түрде міндеттелуі болып табылады [3].
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің аумағы мен бағыттары
белсенді түрде кеңеюде. Ол қайырымдылық шараларымен шектеліп
қана қоймай, мынадай шараларды да қоса орындайды:
–
бизнес жүргізу процесінің құқықтық нормаларға сай болуы;
–
кәсіптік және іскерлік этика қағидаларын сақтау;
–
экологиялық нормаларды сақтау;
–
компания қызметкерлері алдында өз міндеттерін орындау;
–
тұтынушылар алдында өз міндеттерін орындау және т.б
Кәсіпкерлік құрылымдары мен мемлекеттік билік өкілдері өзара
ынтымақтастық туралы меморандум жасайды. Мысалы, «Қазақмыс»
корпорациясы мен Қарағанды облысы басшылығы арасында жасалған
өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейтін меморандум
негізінде корпорация ауруханалар мен спорт ғимараттарын, мәдениет
нысандарын жөндеу мен салуға 4,2 млрд теңгені құрайтын қаражат бөлді.
Сонымен қатар, корпорация шетелде білім алып жатқан студенттерге
қолдау көрсетіп, өңірдегі колледж бен ЖОО студенттерін тәжірибеден
өту базаларымен қамтамасыз етеді, өңірдің қалаларын көркейтуге
қаражат бөліп, облыстық денсаулық сақтау мен білім беру салаларын
қаржыландырады.
ERG (EurasianResourcesGroup) компаниясы 11 жыл бойы көрнекті үлгі
көрсетіп, өз кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай
және Павлодар облыстарында маңызды әлеуметтік-экономикалық
жобалар бойынша меморандум жасап келеді. Компания 2012–2014
жылдар аралығында Павлодар облысының дамуына 7 млрд теңгеге жуық
қаражат бөлді. Бұл қаражатқа Ақсуда спорт сарайы, Екібастұзда балалар
музыка мектебі, Павлодарда спорттан дарынды балаларға арналған
жүзу бассейні салынды.
Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында
жыл сайын «Парыз» республикалық конкурсы өткізіледі. Конкурстың
негізгі мақсаты – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаларын
дамыту, оны қоғамның өзекті мәселелерін шешуге белсене қатыстыру
және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қоғамдық санада оңтайлы
қабылдауды қалыптастыру [3].
Жеңімпаздарға үш номинация: «Жылдың ең үздік әлеуметтік жобасы»,
«Ең үздік ұжымдық келісімшарт» және «Ең үздік әлеуметтік жауапты
кәсіпорын», үш категория: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері
бойынша лауреат атағы беріледі.
Бизнес-ортада
сыбайлас
жемқорлыққа
қарсы
мәдениетті
қалыптастырып, дамыту мақсатында бизнесмендерге арнап корпоративті
әлеуметтік жауапкершілік үшін «Парыз» сыйлығы секілді марапаттаулар
енгізу мақсатқа лайықты болып табылады.
162
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысқандығы үшін
ынталандыру мақсатында мемлекет қоғамға танылу деп аталатын
оңтайлы бастаманы қолдана алады [4].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамның барлық мүшелері
атсалысуы керек. Бизнес қауымдастықтары мен үкіметтік емес
ұйымдарды жемқорлыққа қарсы күрес науқанына қатысуға шақырып,
олардың бастамаларына қолдау көрсету қажет.
Тірек сөздер:
бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық, бизнестің
әлеуметтік жауапкершілігі.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін
қалай түсінесіз?
2. Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің
қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
3. Қандай жағдайда бизнес сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына
мүдделі болуы мүмкін?
4. Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлық қарсы мінез-құлықты
таңдауына кедергі болатын себептер қандай?
5. Қандай шаралар бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын
алуға себеп ықпал ете алады?
6. Кәсіпорын (фирма) ұжымында қызметкерлердің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру үшін қандай кадрлық
жұмыстар жүргізген дұрыс?
Рефераттың үлгілік тақырыптары
7. Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының себептері
8. 2. Қазақстанда бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен
мәдениеттің қалыптастырудың негізгі бағыттары
9. 3. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бизнес-ортадағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы
2. Коррупция в России: кто виноват и что делать // Промышленник России. -
2012. http://promros.ru/magazine/2012/may/korrupdya-v-rossii-kto-vinovat-i-
chto-delat.phtml.
3. Галимжанова С. Б. Социальная ответственность бизнеса: учебное пособие. -
Астана: Изд. КазУЭФМТ, 2013. - 176 с.
4. Мукашева Б. А., Дёмушкина Л. О. Государственное регулирование экономики:
теория и практика: учебное пособие. - 3-е изд., доп. - Астана: Академия
государственного управления при Президенте Республики Казахстан, 2016.
–
291-б.
163
Негізгі әдебиет
1. Мемлекеттік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 23 шілдедегі № 453-I Заңы (2014 жылғы 28 қарашадағы
жағдай бойынша өзгерістерімен және толықтыруларымен).
2. Назарбаев Н. Ә. Нұрлы жол – Путь в будущее: Қазақстан халқына
Жолдау. Астана, 2014 жылғы 11 қараша.
3. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ
еңбек қоғамына қарай жиырма қадам // Казахстанская правда.
–
2012.
–
10 шілде.
4. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
конвенциясы (2003 жылғы 31 қазан).
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы: Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы (2014 жылғы
29 желтоқсандағы өзгерістерімен және толықтыруларымен).
6. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен
бекітілген.
7. Мемлекеттік қызметшiлердiң Ар-намыс кодексі: Қазақстан
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1180 Жарлығы
(өзгерістерімен және толықтыруларымен).
8. Стамбульский план действий по борьбе против коррупции. Обзор
законодательно-правовой и институциональной базы для борьбы
с коррупцией. Казахстан: обобщенная оценка и рекомендации,
принятые на четвертой обзорной встрече 20-21 октября 2005 г.,
ОЭСР, Париж. http://www.oecd.org/investment/anti-bribery/35716643.
pdf.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006–2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1127 Жарлығымен күші жойылды. http://adilet. zan.kz/rus/docs/
U050001686_.
10. Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың
2005–2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы
№1471 Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы
18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды. http://adilet.zan.
kz/rus/docs/ U040001471_.
11. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
конвенциясын ратификациялау туралы: Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 4 мамырдағы № 31 Заңы. http://adilet.zan.kz/rus/docs/
Z080000031_.
12. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: Қазақстан
Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 222-IV Заңы.
http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z090000222_.
164
13. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығы. http://
adilet.zan.kz/rus/docs/U1400000900.
14. Карабанов А. Д., Мелькин С. К. Современные проблемы противо-
действия коррупции. Уголовно-правовой и криминологический
аспекты. - М.: Wolters Kluwer, 2010.
15. Global Corruption Report: Education, Transparency International. New
York, 2013. - 448 с.
16. Специализированные институты по борьбе с коррупцией: обзор
моделей / Организация экономического сотрудничества и развития.
Сеть по борьбе с коррупцией для стран Восточной Европы и
Центральной Азии. 2006.
17. Замалетдинов Р. Р., Ибрагимова Е. М., Амирова Д. К. Формирование
антикоррупционной культуры у школьников: учебное пособие для
учащихся 10-11-х кл. общеобразоват. учреждений. - Казань: Магариф-
Вакыт, 2010. – 159 с.
18. Мулько И. Ф. Социально-нравственное воспитание детей 5-7 лет:
методическое пособие. – М.: ТЦ Сфера, 2007.
19. Пустовалова И. Н. Формирование правосознания как основное
условие деинституализации коррупционных отношений //
Гуманитарные и социальные науки. – № 1. – 2011.
20. Галимжанова С. Б. Социальная ответственность бизнеса: учебное
пособие. - Астана: Изд. КазУЭФМТ, 2013. – 176 с.
21. Борьба с коррупцией: учебное пособие / под ред. Е. Алауханова. -
Алматы, 2008.
22. Нравственность как основа становления новой генерации
государственных служащих: монография / Кабыкенова Б. С. и др. -
Астана: Академия государственного управления при Президенте
Республики Казахстан, 2010. – 159 с.
165
ЕСКЕРТПЕЛЕР ҮШІН
ЕСКЕРТПЕЛЕР ҮШІН
ЕСКЕРТПЕЛЕР ҮШІН
СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
оқу құралы
Жалпы редакциясын басқарған
б.ғ.д., профессор Б.С. Абдрасилов
Компьютерде беттеген: А. М. Тұранова
Корректор: Б. М. Жәмитова
Форматы 70х108/16. Гарнитура «Segoe UI».
Шартты баспа табақ 14,8.
Таралымы 10 дана (бірінші шығарылым).
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясында басылып шықты.
010000, Астана қ., Абай даңғ., 33а.
Маркетинг және коммуникация орталығы
басылым мазмұны мен қателеріне жауап бермейді
Достарыңызбен бөлісу: |