156
1. Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің
тізілімін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30
маусымдағы № 561 қаулысы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007
ж., № 23, 266-құжат.
1. Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008–2010
жылдарға арналған бағдарламасы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2008 ж., № 38, 234-құжат.
1. Солодов В. В. E-government и борьба с коррупцией // Вестник Московского
университета. Серия 21. Управление (государство и общество). 2006.
–
№ 1.
1-16-б.
1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығы // Казахстанская
правда.
–
2009.
–
27 тамыз.
1. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы // Егемен
Қазақстан.
–
2014.
–
30 желтоқсан.
157
§ 17. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы
қалыптастыру
Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлықтық мінез-құлықтың
себептері.
КСыбайлас жемқорлық – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне
қатысты ең басты қауіптердің бірі: экономикалық қарым-қатынастар
аясында тіршілік ете отырып, ол уақыт өте келе оларды параға сатып
алу мен тазалықтың болмауына негізделген қатынастарға алмастырады
[1]. Нәтижесінде, қалыпты іскерлік әрекеттер өзгеріске ұшырап,
инвестициялар мәнін жойып, іскерлік беделдің деңгейі төмендейді.
Сыбайлас жемқорлық белең алған және атқарушы органдар мен сот
билігі тармақтарының қызметінде қиыншылықтар бар ортада бизнес
табысты дами алмайтындығы дәлелденген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мемлекеттік саясатты реттілікпен жүзеге асыру сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл үшін қажетті заңнамалық алғышарттарды жасауға алып
келді. Бизнестегі парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын
барынша болдырмау мақсатында Үкімет Қылмыстық кодекске сыбайлас
жемқорлықтық әрекеттері үшін заңды тұлғаларды жауапкершілікке
тарту қарастырылған өзгерістер енгізді. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық
жойылған жоқ. Оның өміршеңдігі адамдардың санасында, адамгершілік
кемшіліктері мен нұсқандарында нығыз орныққандығымен айқындалады.
Әлемдік экономикалық форумында жарияланған 2013 –
2014 жыл-
дары Жаһандық бәсекеге қабілеттік туралы есеп нәтижелері көрсеткен-
дей, Қазақстанда бизнес жүргізуде ең қиындық туғызушы мәселе
сыбайлас жемқорлық болып табылады. Компаниялар қазіргі уақытта да
бизнес жүргізудегі пара берушілік пен төлемдерді кешіктіруді әдеттегі іс
көреді.
ЖАҒДАЙ
Қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін кәсіпкер қиын
жағдайда қалды. Оған айтарлықтай жоғары дәрежесі бар шенеунік
тегін тамақтануға келуді «әдетке» айналдырды. Кәсіпкер үндемей шыдап
келгендіктен, уақыт өте келе шенеунік кешкі уақыттары өзімен бірге бір топ
адамдарды әкеле бастады, мұны өзі «мұқтаж адамдарды тамақтандыруға
арналған қайырымдылық» деп атайтын еді. Шамамен бір жылға (!) жуық
уақыт өткенде кәсіпкер барлық мұқтаждарды тамақтандырып болдым
деп ойлап, өзінің наразылығын ақырын білдіргісі келгенде шенеунік
тарапынан ашулы жауаптар, негізсіз наразылықтар мен айыптаулар,
бопсалау айтылды.
Сол кезде ғана кәсіпкер заңгерге жүгінуді жөн көрді. Шенеунікті өз
орнына қойып, бопсалауын тоқтатуы үшін сауатты жазылған және
керекті инстанцияларға жолданған бірнеше өтініш жеткілікті болды. Өз
ісінің кәсіби маманына жүгінуге кеткен қаражаты мен осы уақыт ішінде
кәсіпкердің шенеунікке жұмсаған шығындарын салыстырудың өзі қажет
емес еді.
Сыбайлас жемқорлық тәжірибесі орта және ұзақ мерзімді келешекте
бумеранг болып қайта келіп, бизнеске соққы болып тиері анық.
Әрқашанда заңды бұзу кәсіпкерді өз көзқарасы бойынша және өзінің
жеке мақсаттарына сай қолдануға тырысатын мемлекеттік шенеуніктерге
тәуелді болуға әкеледі.
158
Бизнесте мәселені сыбайлас жемқорлық арқылы шешуге мүдделі
болатын мынадай жағдайлар бар:
–
компанияға заңды әрекеттер заңсыз әрекеттерге қарағанда
қымбатқа түссе
(талаптардың дұрыстығын сот арқылы шешкеннен
пара беру арзанға түседі);
–
міндетті талаптарды орындау компанияның табысына немесе оның
қызметіне қауіп төндірсе (сот шешімі бойынша өндіріс жабылса, үлкен
сомадағы айыппұл белгіленсе және т.с.с.);
–
мәселені заңды жолмен шешу мүлдем мүмкін емес болған жағдайда
(мысалы, активтерді немесе мүлікті жекеменшік иелерінен заңсыз тартып
алу);
–
жауапты тұлғаның қолында сыбайлас жемқорлық рентасы үшін
қолданылуы мүмкін аз кездесетін ресурс болғанда (мысалы, жүйелерге
қосылу мүмкіндігі, жылжымайтын мүлікті жалға беру, әсіресе ол
жеңілдетілген бағамен жалға беріліп жатса);
–
заңсыз әрекеттер заңды әрекеттерге қарағанда анғұрлым көп табыс
келтіретін болса (мысалы, әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, жаңа
нарыққа ие болу немесе оны бәсекелестер үшін жабу, мемлекеттік
тапсырыс аясында тауар жеткізу немесе қызмет көрсету, жұмыстарды
орындау) [2].
Оған кім бастамашы болғанына қарамастан, сыбайлас жемқорлық
мәмілелерінің нәтижесі: іскерлік орта нашарлайды, бәсекеге қабілеттіліктің
төмендеу қаупі пайда болады, «таза» жұмыс атқаратын кәсіпкерлер
азаяды, қоғамда да, кәсіпкерлердің арасында да «мультипликациялық»
әсер ету таралады.
Сондықтан бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың кез келген
көрінісінде оны белсенді қабылдамауды, адал бәсекелестік пен
адалдық беделін басымдыққа қоюды негізге алған өркениетті іскерлік
қатынастарды дамыту өте маңызды.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық экономикалық міндеттерді шешудің
анағұрлым тиімді тәсілі ретінде таралуы лоббизмге теріс көлеңкесін
«түсірді». Лоббизм батыс елдерінде кәсіпкерлердің мүдделерін алға
тарту үшін белсенді қолданылады. Қазақстанда болса, лоббизм қандай
жолмен болса да, заңды бұзу арқылы болса да компанияның мүдделерін
жүзеге асыру дегенді білдіреді. Тіпті, мұндай әрекеттер компанияның
ортақ иелерінің, әріптестерінің, сол саланың не ел экономикасының
мүдделеріне сай келмесе де жүргізілуі мүмкін. Лоббизмді мүдделерді
заңсыз жылжыту ретінде қабылдауды өзгерту сыбайлас жемқорлық
көріністерге қарсы белсенді тиімді күрес жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы
сана мен мәдениетті қалыптастырған кезде өзгеруі мүмкін.
Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағыттары мен шаралары.
Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл
экономикалық қызмет барысында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау
және оған қарсы тұру негізіндегі құндылықтар жүйесі. Бұл іскерлік
қарым-қатынастарға құқықтық пен құқық бұзушылық, адамгершілік пен
адамгершіліксіздік және т.с.с. көзқарасы тұрғысынан қарау.
Достарыңызбен бөлісу: |