150
§16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру
Демократиялық мемлекеттің құрылуы, осыған байланысты мемлекеттік
аппараттың, оның қызметінің қайта құрылуы және Қазақстанның
мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бастапқы елдің қоғамдық-саяси
өміріндегі өзге де өзгерістер мүлдем жаңа институт – мемлекеттік
қызметтер көрсету саласының туындауына алып келді.
Мемлекет әрқашанда мемлекеттік қызметтер көрсеткендігі анық.
Дегенмен, бұл қызметті мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша
процедура ретінде мойындау тек қана дамудың демократиялық тұғырына
өткеннен кейін ғана мүмкін болды.
1
Мұның барлығы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатта растауға
ие болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2010–
2020 жылдар кезеңіне арналған Құқықтық саясат тұжырымдасында
қазіргі жағдайда әкімшілік құқық мемлекеттік-билік қатынастары
саласын реттеумен шектелмейтіне назар аударылады. Онда: «Іс
жүзінде азаматтарға және ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету
саласындағы қатынасты реттейтін әкімшілік құқықтың жаңа институты
туындайды» делінген
2
.
Бұл жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігі мен
сапасын қамтамасыз ету маңызды болады, себебі осы көрсеткіш қоғам
мен оның әрбір азаматының қажеттіліктеріне мән беру дәрежесін
айқындайды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын
жетілдіру бойынша жүзеге асырылып жатқан саясат мемлекеттік
қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерімен
шектеліп қалған жоқ. Бұл саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
әрекеттер мәселесі де өзінің маңыздылығын жоғалтпай отыр және бұл
кездейсоқтық емес.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы өз табиғатында, мемлекеттік
аппарат қызметінің сыбайлас жемқорлыққа бейім бағыттарының бірі
болып табылады. Себебі осы салада мемлекеттік қызметшілер мен
мемлекеттік қызметтер көрсетуді қолданушылардың, яғни қарапайым
азаматтар, кәсіпкерлер және және т.б. арасында тікелей қарым-қатынас
жүзеге асады. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік
органдардың монополиялық тәуелділігіндегі игіліктер ретінде қарастыру
қалыптасқан. Сондықтан, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында
сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің болу қаупі қатар жүреді.
Мемлекет өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларында
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі осылай түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламада
мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін «электрондық» форматқа
өткізу бойынша міндеттер қойылған болатын.
3
1
Майдырова А. Б., Муксимов С. С. Совершенствование процесса оказания государственных услуг в Республике
Казахстан: научная монография. - Астана: Акад. гос. упр. при Президенте РК, 2015. - 211 с.
2
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдама-
сы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығы // Казахстанская
правда. - 2009. - 27 тамыз. - № 205
3
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған
салалық бағдарлама // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 211-құжат
151
Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясында мемлекеттік қызметтер көрсетуді
автоматтандырумен қатар, «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетілетін
қызметтер тізімін кеңейту міндеті де көрсетілген.
4
Сондықтан, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас
жемқорлық мәселелерін шешу, оған алып келетін себептер мен
жағдайларды болдырмау, жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқару
реформаларының мәні болды.
Міне, сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету мен оны қамтамасыз
ету жүйесін қайта қарау бойынша іс-шаралар қабылданған болатын.
Нәтижесінде, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау ведомстволық
процедурасының қатаң және бірегей емес құрылымы жойылды.
Мұндай тәсілдің бастапқы кезеңдерінің бірі ретінде мемлекеттік
билік органдарының барлық қызметтерінің ішінен мемлекеттік қызмет
көрсетулермен байланысты үрдістерді ерекшелеуді атауға болады.
Ең алғаш рет мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін қалыптастыру
бойынша тапсырма Елбасының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты Жолдауында белгіленген болатын.
5
Сол жылы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің №561
Қаулысымен, құрамында 132 мемлекеттік
қызмет көрсету түрі енгізілген тізілім бекітілді.
6
Үкімет тарапынан қабылданған 47 қаулы есебінен аталған тізілім
бірқатар толықтырулар мен өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны 500-ден асады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларының
7-тармағына сәйкес, «Уәкілетті орган қажет жағдайда жыл сайын,
1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей тізілімге өзгерістер және
(немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін, Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының
Үкіметіне енгізеді». Сонымен бірге тізілімді әзірлеу жыл сайынғы түгендеу,
сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан
көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет көрсетулердің бар-жоқтығына
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қарастыру
жолымен жасалған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы
органдарының қызметіне талдау жүргізу нәтижелері бойынша жүзеге
асырылады
.7
Жыл сайынғы түгендеу және мемлекеттік органдардың қызметіне
талдау жүргізудің мәнін өз ведомстволарының жеке мүдделерін
мемлекеттік қызмет көрсету түрі ретінде айқындағысы келмейтін
жекелеген мемлекеттік органдардың қарсылықтарына жауап ретінде
қарастыруға болады. Себебі бұл басқа да өзгерістермен қоса, олардың
4Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған
салалық бағдарлама // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 211-құжат
5 Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы, 2007
жылғы 28 ақпан // Казахстанская правда. - 2007. – 1 наурыз.
6 Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы:
Қазақстан Респу-
бликасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж.,
№ 23, 266-құжат
7 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту: Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулысы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 8-құжат.