Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет57/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
124
әрекеттерге  (әрекетсiздiкке)  ықпал  жасай  алатын  болса,  сол  сияқты 
жалпы  қамқорлығы  немесе  жол  берушілігі  үшін  өзіне  немесе  басқа 
адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк 
сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы 
болып табылады. 
Қарастырылатын 
қылмыстың 
объектісі 
қалыпты, 
заңмен 
регламенттелген  мемлекеттік  билік  қызметі  және  онымен  байланысты 
мемлекеттік  қызмет  және  мемлекеттік  басқару  мүдделері  болып 
табылады.  Қосымша  объект  –  азаматтар  мен  ұйымдардың  заңды 
мүдделері.
Пара алу түрлері: ашық (шамамен 75 % қолдан қолға немесе делдал 
арқылы)  және  жасырылған  (25%-ға  жуығы  заңды  іс-әрекеттер  сияқты, 
қарызын қайтару, құмар ойындар және т. б.)
Қорқытып  алу  тәсілдері:  1)  пара  берушінің  заңды  мүдделеріне  зиян 
келтіре  алатын  іс-әрекеттерді  жасау  қаупін  төндіріп,  пара  талап  ету;  2) 
оның құқықпен қорғалатын мүдделері үшін зиянды салдарын болдырмау 
мақсатында ол пара беруге мәжбүр болатын жағдайда соңғының әдейі 
жеткізуі (рұқсат құжаттарын, виза және және т.б. беруді әдейі созу, қалыс 
қалу).
Пара  беруші  өзінің  заңды  мүдделерін  қорғап,  пара  беруге  мәжбүр 
болған жағдайда, яғни пара беруге мәжбүрлеу белгісі болған жағдайда  
жауапкершіліктен босатылады. 
Айыппұл мөлшері бас бостандығынан айыруға балама ретінде
Параның айтарлықтай мөлшері ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 
елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, 
бұл параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не 
үш  жылдан  жеті  жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығынан  айыруды 
көздейді.  (ҚР  ҚК  1997  жылғы  редакциясында  айтарлықтай  мөлшер 
қарастырылмаған).
Аталған баптың 3-бөлігінде параның ірі мөлшері үш мыңнан он мың  
айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның 
жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не жеті жылдан 
он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.  
ҚР  ҚК  366-бабының  4-бөлігіне  сәйкес,  аса  ірі  пара  он  мың    айлық 
есептік  көрсеткіштен  жоғары  ақша  сомасын  құрайды,  бұл  параның 
сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не он жылдан он 
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Айыппұл мөлшері тек сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ғана 
емес, жалпы бүкіл Кодекс бойынша ұлғайды, соған қарай жаза түрлері де 
өзгерді.
ҚР  ҚК  366-бабының  1-бөлігінде  орташа  ауырлықтағы  қылмысқа 
жататын  пара  алғаны  үшін  мүлкі  тәркіленіп,  белгілі  бір  лауазымдарды 
атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына 
айыра  отырып,  параның  елу  еселенген  сомасы  мөлшерінде  айыппұл 
салуға  не  бес  жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығынан  айыруға 
жазаланады. Дәл осы іс-әрекет бойынша ҚР ҚК 2014 жылғы 31 желтоқсанға 
дейін  қолданыста  болған  1997  жылғы  редакциясында,  жетi  жүзден  екi 
мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не бес 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
125
жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас  бостандығын  шектеу,  не  бес  жылға  дейiнгi 
мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен 
айналысу  құқығынан  айырып,  мүлкi  тәркiленiп  немесе  онсыз  нақ  сол 
мерзiмге  бас  бостандығынан  айыру  көзделген.  Қолданыстағы  кодексте 
бас бостандығын шектеу жазалау шарасы ретінде көрсетілмеген, мүлікті 
тәркілеу  және  белгілі  бір  лауазымдарға  орналасуға  өмір  бойы  тыйым 
салу міндетті сипатқа ие. 
Алдыңғы  1997  жылғы  ҚР  ҚК-де  айыппұл  тек  311-баптың  1-бөлігінде 
көрсетілсе,  2015  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданыстағы  ҚР  ҚК-де 
айыппұл  366-баптың  барлық  бөліктерінде  қарастырылған.  Сонымен,  
ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ауыр қылмысқа жататын қылмыс 
үшін, яғни қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі мөлшерде жасалса 
пара алғаны үшін параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл 
салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан 
айыруға  жазаланады.  2015  жылы  ҚР  Табиғи  монополияларды  реттеу 
агенттігінің  бұрынғы  басшысына  қатысты,  ҚР  ҚК-нің  366-бабы  4-бөлігі 
бойынша айыппұл түрінде жаза бас бостандығынан айырудың баламасы 
ретінде қолданылды және 1 миллиард 100 миллион теңгеден аса соманы 
құрады. 
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды және оларға ұқсас қылмыстарды 
шектеу
Белгілі  бір  қылмыстың  басқа  да  қылмыстармен  ортақ  белгілері 
әрқашан  болады.  Сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарды  дұрыс  ажырату, 
оларды  өзге  де  ұқсас  қылмыстардан  ажырата  білу,  іс-әрекетті  саралау, 
тиісінше,  жазалау  шарасы  мен  оның  мөлшерін  таңдау  үшін  маңызды 
болып табылады.
Пара  алу  (ҚР  ҚК  366-бабы)  және  лауазымдық  өкілеттіктерді  теріс 
пайдалану  (ҚР  ҚК  361-бабы),  көбіне  сәйкес  келеді:  1)  сол  бір  объектіге 
байланысты; 2) тек тікелей ниетпен жасалады; 3) оларда бірыңғай субъект – 
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға, оған теңестірілген, 
немесе лауазымды адам. Бірақ, сонымен қатар осы құрамдарының елеулі 
айырмашылықтары  да  бар:  1)  теріс  пайдалану  құрамы  материалдық 
(салдары қажет), ал пара алу құрамы формальды (алған сәттен бастап, 
пара берушінің пайдасына қатысты оның іс-әрекетіне немесе салдарына 
қарамастан); 2) лауазымды теріс пайдалану тек өз құзыреті шегінде (өз 
құқықтары  мен  міндеттері  шеңберінде),  парада  заңсыз  іс-әрекеттер 
(әрекетсіздік) немесе ықпал ету болуы мүмкін.
Пара  алу  (ҚР  ҚК  366-бабы)  параға  коммерциялық  сатып  алудан 
(ҚР  ҚК  253-бабы)  ерекшеленеді.  Субъектісі  –  ҚР  ҚК-нің  253-бабында 
коммерциялық  немесе  өзге  де  ұйымның  басқару  функцияларын 
орындайтын адам, ал ҚР ҚК 366-бабында – мемлекеттік функцияларды 
орындауға уәкілетті, оған теңестірілген немесе лауазымды адам.
Объектісі  –  ҚР  ҚК-нің  253-бабында  мемлекеттік  немесе  жергілікті 
өзін-өзі  басқару  органы  болып  табылмайтын  коммерциялық  немесе 
өзге де ұйымның қызметі. Олардың  пәндері сәйкес келеді – бұлар ақша, 
материалдық  құндылықтар.  Объективті  жағынан  айырмашылығы  бар, 
атап  айтқанда  коммерциялық  сатып  алу  кезінде  сатып  алу  процесі  іс-
әрекетті жасағанға дейін жүргізіледі, ал пара алу кезінде жасағанға дейін 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау