72
- Анатомия: ішкі ортада мүшелердің орналасуы, мүшелердің құрылыс
ерекшеліктері (тыныс алу, ас қорыту, қан айналым, жыныс мүшелері).
- Этология: жыландардың мінез-құлқы.
- Физиология: тыныс алу, ас қорыту, қан айналым үдерістері, зат алмасу
және көбею ерекшеліктері.
2. Лабораториялық жұмыстар атқару:
Студенттерді жұппен жұмыс істеуге дайындау:
- жыландар отряд тармағының сипаттамасын жасау;
- жыландардың түрлік қатынастарын анықтау;
- мүшелердің морфологиялық, анатомиялық құрылысын сипаттау (тыныс
алу, ас қорыту, қан айналым, жыныстық);
- тыныс алу, ас қорыту, қан айналым, көбею үдерістерінің физиологиясы
бойынша схеманы құру;
- жыландардың қоректену тізбегін құру.
3.
Өзіндік жұмыстарын қорытындылау, өзін-өзі бағалау:
- қоректену тізбегіндегі жыландардың рөлін бағалау.
4.
Рефлексия:
- жыландардың алуан түрлілігінің мәні мен Жер бетіндегі тіршіліктің
тұрақтылығын
сақтау
механизмдерін
бір
қалыпта
ұстаудағы
биоалуантүрліліктің маңызын студенттердің түсінуі;
- биологиялық және экологиялық білімдердің (жыландар туралы білімнің
мысалында) биология мұғалімі үшін кәсіби маңыздылығын түсіну:
- систематикалық ұғымдар;
- экологиялық ұғымдар:
- тіршілік орталары;
- мекен ету ортасы;
- анатомиялық білімдер;
- морфологиялық білімдер;
- физиологиялық білімдер.
Пән бойынша лабораториялық сабақтарға, жануарлар биотехнологиясы
ғылымының қазіргі заманғы жетістіктерін ескере отырып, «Лабораториялық
жағдайда жыландардың жабын ұлпаларын (сыртқы эпителий) зерттеу» атты
тақырыпты енгізуді жөн көрдік. Бұл жұмыс маңызды әрі қызық. Біріншіден,
жыландардың эпителийі лабораториялық мақсатта алып пайдалануға қолайлы
препарат, оны бөліп алу оңай. Мынандай ерекше фактіге зер салу жыландар
түрлерінің терісі өзінің қабатының қалыңдығымен ғана емес, сондай-ақ, өзінің
ерекше құрылымымен ерекшеленуі мүмкін. Бірақ, терінің бір қасиеті барлық
жыландарға тән болады: ол сырт жағынан нығыздау, ал ары қарай тереңдей
берген сайын ол соғұрлым жұмсақ әрі икемді болып келеді. Жыландар терісінің
осындай бірегей ерекше құрылымы түрлі беткейлерге бекінуіне мүмкіндік
береді. Сол себептен, барлық жыландарға өрмелеу жеңіл болады. Бұл жағдайда
өткір тастарға қысым түсіру бірқалыпты орын алады, және жыландардың терісі
соның нәтижесінде аз зақымдалады. Осы бауырымен жорғалаушылар өз терісін
үш айда бір рет ауыстыратындықтан, олардың терісі өте мықты бола бермейді.
73
Сабақтың тақырыбы: «Жыланның сыртқы құрылысы»
Сабақтың түрі: Лабораториялық сабақ .
Жоспар:
-
терінің, қабыршақтардың құрылымы туралы ұғымдар.
-
жыландар
денесінің эпителиальды жабындысының анатомиялық
құрылымы туралы деректер.
-
Морфология: жыландардың соматикалық және жыныс клеткаларының
сыртқы және ішкі құрылысы.
-
Анатомия: терінің анатомиялық құрылысы.
-
Физиология: жыландар тері бездерінің физиологиялық ерекшеліктері,
жыныс клеткаларының даму циклы.
Сабақтың мақсаты: Жыландардың дене құрылысының ерекшеліктерін
талдау. Студенттердің зерттеген жұмыстарының нәтижесін пайдалану.
Білімдік: Жыландарының дене құрылысының тіршілік ортасына қарай
икемдігін студенттердің зерттеген мәліметтері негізінде түсіндіру ;
Тәрбиелік: Жыландарды зерттеуге және оларды қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Болашақ мұғалімдердің кәсіптік құзыреттіліктерін
дамыту.
Сабақтың барысы:
1.
Лабораториялық жұмыстар атқару (топпен жұмыс):
- терінің, қабыршақтардың құрылымын анықтау.
- жыландар
денесінің эпителиальды жабындысының анатомиялық
құрылымы туралы фактілерді жазу.
- Морфология: жыландардың соматикалық және жыныс клеткаларының
сыртқы және ішкі құрылысын анықтау.
- Анатомия: терінің анатомиялық құрылысын анықтау.
- Физиология: жыландар тері бездерінің физиологиялық ерекшеліктері,
жыныс клеткаларының даму циклы.
2. Студенттердің өзіндік іс-әрекеттері:
- жыландар терісінің құрылымына сипаттама беру;
- жыландардағы қабыршақтардың қызметін, клетканың құрамының
құрылымын анықтау;
- жыландардың сыртқы жабындысының морфологиялық құрылысын
сипаттау;
- жыландардың терісінің ішкі құрылыс бөлшектерінің құрылымы бойынша
схема құру.
3. Студенттердің пәндік және әдістемелік дайындығында сыртқы
жабындысының (жыландардың тері жабындысының мысалында) морфо-
анатомиялық құрылысын лабораториялық зерттеудің мәнін түсіну;
4.Жаңа тақырыпты пәнаралық байланыста қарау.
«Цитология және гистология» пәні бойынша:
- морфологиялық ұғымдар;
- анатомиялық ұғымдар;
- физиологиялық ұғымдарды түсіну.
74
Осы тақырыптарды өткенде студенттер бұрын оқып кеткен биологиялық
пәндердің бәрімен де кіріктіре оқыту мақсаты жүзеге асып отырады. Мәселен,
«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бакалавриаттың 3 курсында
оқытылады. Аталған пәннің құрамына физиологияның негіздері енеді, яғни
клетканы зерттеп оқытудан бастап, мүшелер жүйесінің функциялары мен
организмді біртұтас қарастырумен аяқталады. Сондықтан да, жыландардың
денесінің ерекшеліктері туралы оқығанда студенттердің сол пәннен алған
білімі мен біліктеріне байланыстыра өтеміз.
Барлығына белгілі, жыландар ерекше омыртқалы жануарлар, олар өзінің
бұлшықеттік құрылымын бірнеше есеге дейін қысқарта алады. Біздің
ойымызша аталған қызықты фактіні ескере келе «Адам және жануарлар
физиологиясы» пәнінің «Сенсорлық жүйелердің физиологиясы: рецепция және
сенсорлық ақпаратты өңдеудің жалпы принциптері» тақырыбы бойынша
студенттердің алған білімі осы тұста «Жыландардың сенсорлық жүйесінің
физиологиясы»
тақырыбымен
байланыстырудың
мүмкіндігі
туады.
Жыландардың үш тобы – айдаһар жылан, питондар мен ойықбас улы сұр
жыландар басқа ешбір жануарда кездеспейтін бірегей ерекше қосымша сезім
мүшесіне
ие.
Бұл
термолокация
мүшесі,
жыланның
тұмсығында
термолокациялық шұңқырлар түрінде көрініс табады. Әрбір шұңқыр терең
және сезімтал мембранамен қапталған, дәл осы мембрана температуралық
ауытқуларды қабылдайды. Оның көмегімен жыландар жылы қанды жануарды
анықтай алады, яғни өзінің қорегін қараңғыда да таба алады. Сондай-ақ,
басының екі қарама-қарсы жағында орналасқан шұңқырлардан келген
сигналдарды салыстыра келе, яғни стереоскопиялық эффектіні пайдалана
отырып, олар өз қорегіне дейінгі ара-қашықтықты нақты анықтай алады және
дәл соққы береді. Сарыбас жыландар мен питондарда осындай шұңқырлардың
бірнеше тобы бар, олар ерін қалқаншаларында орналасады, төменгі және
жоғарғы жақты қамтиды. Ойықбас улы сұр жыландар басының әрбір жағында
бір шұңқырдан ғана ие . Жыландардың осы ерекшеліктерін студенттер бұрын
дала практикасы кезінде бақылап, зерттеп ұғынса, енді лабораториялық сабақ
барысында өздігінен жұмыс жасай отырып анықтайды. Ол үшін сабақ
барысында тәжірибелер жасап, мына мәселелерге көңіл аударылады.
- жыландардағы сенсорлық жүйелердің физиологиясы туралы ұғымдар.
- өзге бірде-бір жануарда кездеспейтін теңдесі жоқ қосымша мүше –
термолокация мүшесі туралы деректер.
- морфология: көру, сипап-сезу мүшелерінің құрылымы;
- анатомия: сезім мүшелерінің анатомиялық құрылыс ерекшеліктері;
- физиология: жыландардағы сезім мүшелер жүйесінің функциялары.
5.
Өзіндік жұмыстар нәтижесін қорытындылау:
- сенсорлық мүшелер функциясын сипаттау;
- жыландардың гипноздық көздерінің және тілдерінің екіге бөлінгендігінің
себебін түсіндіру;
- жыланның инфрақызыл көру мүмкіндігін сипаттау;
Бағалаушылық білімдер:
Достарыңызбен бөлісу: |