Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет29/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51

62 
 
Белгілі  болғандай,  экологиялық  білім  беру  -  адам  және  табиғаттың 
біртұтастығы деген ұғымға негізделген дүниеге көзқарасты қалыптастыруды өз 
мақсаты деп біледі. Ол адамның бүкіл өмірін қамтитын тұтас жүйені сипаттау 
керек.  Бүгінде  адамның  практикалық  өміріндегі  ұшырасатын  көптеген 
сауалдарды  шешу  үшін  жаңаша  руханилық  пен  сүйеніштің  негізі  ретінде 
экологиялық білім беру және тәрбиелеудің рөлі өзекті.  
Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  «Ботаника 
және  жалпы  биология»  кафедрасында  осы  аталған  барлық  формалар  жүзеге 
асып  келеді.  Болашақ  мұғалімнің  экологиялық  дайындығы  жүйесін  анықтай 
келе,  біз  табиғи  ортаны  оңтайландыруда  қоғамның  талаптарына  жауап  бере 
алатын, іс-әрекетке қабілеттілігі бар маманды қалыптастыру деген қорытынды 
мақсатты ұстанамыз.   
Жалпы  алғанда,  ескере  кететін  жайт,  Қазақстанда  базалық  заңнамалық 
шарттар  құрастырылған,  бірақ  практикада  жоспарланған  іс-шаралардың 
көпшілігі  әлі  іске  аспаған.  Бұл  мәселенің  бірден-бір  себебі  жалпы  білім  беру 
жүйесі аясында экологиялық білім мен тәрбие беру сауалдарына өз деңгейінде 
қажетті  басымдылыққа  берілмей  келетіндігі.  Екінші  жағынан,  экологиялық 
білім  беру  саласында  бірыңғай  концептуалды  ғылыми-әдіснамалық  әдіс-
тәсілдердің  жоқтығы,  экологиялық  білім  берудің  мәні  туралы  әртүрлі 
анықтамалардың,  мазмұнның  орын  алуы  оның  маман  даярлаудың  жалпы 
жүйесінен бөлініп, тармақталып кетуіне алып келеді. Аталған концепцияға сай, 
экологиялық білім беруді модернизациялаудың басымдылық бағыты қоғам мен 
сыртқы  ортаның  қарым-қатынастарын  үйлесімділік  бойынша  ғылыми 
негізделген әрекеттер жүйесін ұйымдастыруға бағытталған жаңаша ойлау, тың 
жаңа дүниеге көзқарастарды қалыптастыруға бағытталған.  
Осыған  орай,  экологиялық  білім  берудің  мазмұны  келесідей 
баспалдақтарды қамтамасыз етуі тиіс:   
-  бірінші  баспалдағы  (отбасылық  және  мектепке  дейінгі  білім  беру)  – 
табиғаттағы  алғашқы  тәрбиелеудің  дағдыларын,  табиғаттың  сұлулығын  көру 
және  ол  туралы  элементарлы  білімді,  салауатты  өмір  сүру  салтын  ұстануды, 
экологиялық мәдениетті және т.б. қалыптастыру; 
- екінші  баспалдағы  (жалпыға  ортақ  білім  беру  мекемелерінде,  бастапқы 
және орта арнаулы кәсіптік білім беру мекемелеріндегі экологиялық білім беру) 
планетамыздағы 
тіршіліктің 
біртұтас 
ұйымдасуы 
жөніндегі 
білімді 
қалыптастыру;  алғашқы  экологиялық  білімдерді  меңгеру,  жинақтау  және 
қолдана білу; қоршаған ортаға жауапкершілік қатынасын құру; интеллектуалды 
қабілеттіліктер жүйесі; 
- жоғары  білім  баспалдағы  (ЖОО-дағы  жалпы  экологиялық  дайындықтың 
бағыты)  –  әлемнің  қалыптасуы  туралы,  тұрақты  дамудың  негіздері  туралы 
білімі  бар,  практикалық  іс-әрекеттердің  біліктіліктер  мен  дағдыларын 
меңгерген жоғары күш-қуаты бар білімді мамандарды дайындау; 
- жоғары  кәсіби  экологиялық  білім  беру  баспалдағы  –  экология, қоршаған 
ортаны  қорғау  және  табиғатты  тиімді  пайдалану  аймағындағы  кәсіби 
құзыреттілікті қамтамасыз ететін оқыту үдерісін ұйымдастыру.  


63 
 
Тұрғындарды оқыту нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау қажеттіліктерін 
дамыту  мақсатында  жүргізілген  зерттеулер  ЖОО  қабырғаларында  оқыту  
үдерісінде  білім  алған  адамдар  қоршаған  ортаға  айтарлықтай  бейімділігі  бар 
және 
ақпараттандырылған 
болып 
келеді. Экологиялық 
білім 
беруді 
ұйымдастыру  барысында  ЖОО-мен  көзделетін  басты  мақсат  студенттер 
тарапынан  экологиялық  білімді  меңгерудегі  жүйелілік  пен  реттілікке 
негізделген  іс-  әрекетке  жағдай  жасау,  сондай-ақ  табиғатты  қорғау  саласы 
бойынша  мамандарды  тәрбиелеу.  Экологиялық  білім  беру  жүйесін  құру 
экологиялық,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  ұстанымдарды  ескере 
отырып іске асады.  
Өлкелік  материалды  ендіру  студенттердің  әдістемелік  дайындығын  керек 
ететіні белгілі.  
Өлкетанулық  материалдарды  ендіруде  болашақ  педагог  «мұғалім-білім 
алушы-табиғи  орта»  жүйесі  бойынша  әрекет  етуді  қамтамасыз  етуге  тиісті.   
Биологиялық білім беру кезінде педагог   табиғатпен тікелей қарым  - қатынас 
орнатады.  Ол  біріншіден,  табиғат  туралы  берілетін  білімнің  ғылымилығын 
жүзеге  асырса,  екіншіден,  студенттердің  бақылаушылық,  зерттеушілік 
әрекеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар, білім алушылардың денсаулығын 
нығайту,  рухани  және  материалдық  қажеттіліктерін  (табиғатты  пайдалану) 
қанағаттандыру,  табиғи  ортаны  қорғау  және  жақсарту  мәселелерін  қамтитын 
білім мазмұнын қамтамасыз етеді.  
Өлкелік  материалды  білім  мазмұнына  ендіру    мақсатына  жетуге 
мұғалімнің    жинақталған  көп  жылдық  тәжірибесі,  ЖОО-да  алған  теориялық 
және практикалық білімі мен білігінің  нәтижесі негіз болады.  Мельчаков Л.Ф., 
Зверев И.А., Мягкова А.Н., Суравегина И.Т. еңбектерінде осы мәселелерге баса 
көңіл бөлінеді [189-191]. 
Әлеуметтік-экологиялық тәжірибенің элементтеріне, И.Я.Лернердің құрған 
схемасы  бойынша,  экологиялық  білімді,  эмоционалдық-құндылықтық 
қатынастарды,  экологиялық  іс-әрекеттің  оның  ішінде  шығармашылықты  да 
жатқызамыз [192]. 
Студент  тарапынан  мұғалімнің  әлеуметтік-экологиялық  тәжірибесін 
меңгеру  үшін  бұл  тәжірибе  «студент-табиғи  орта»  жүйесіне  ауысуы  керек,  ал 
оған  ЖОО-да  іске  асатын  экологиялық  дайындықтың  шарттарын  есепке 
алынуы  керек.  ЖОО-да  педагогикалық  үдерістің  басты  белгісі  оқытуға, 
тәрбиелеуге, ғылыми әрекет етуге жіктеу саналады.  
Аталғандарды ескере келе, ЖОО-да студенттерді экологиялық даярлығын 
табиғатпен  өзіндік  тиімді  қарым-қатынас  орнату,  оқушыларды  экологиялық 
тәрбиелеу,  студенттермен  Қазақстан  жыландары  туралы  биологиялық  және 
экологиялық  білімді  игеру  арқылы  халықты  экологиялық  сауаттандыру, 
эмоционалдық-құндылықтық  қатынастарды,  іс-әрекеттің  тәсілдерін,  ЖОО-ның 
оқу-тәрбие,  ғылыми  іс-әрекет  ету  үдерісінде  сәйкес  көз  жеткізу  және 
қажеттіліктерді қалыптастыру үшін дайындығын жүзеге асыру.  


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау