Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет32/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51

70 
 
-  өлкелік  компонентті  енгізуді  кешенді  тұрғыдан  қарастыру  (тіршіліктің 
қоршаған  ортасына  және  ондағы  экологиялық  жағдайларға  байланыстыра 
отырып беру) арқылы студенттердің экологиялық білімін де қалыптастыру; 
-  дәріс  барысында  және  сарамандық,  лабораториялық  сабақтарда 
көрнекіліктер  пайдалана  отырып,  жыландардың  дене  құрылысының 
ерекшеліктерін,  оның  тіршілік  ортасына  бейімділігін  талдау  арқылы  
биологиялық заңдылықтарды ұғындыру. 
Жаратылыстану-ғылыми  (биологиялық)  білім  берудің  мазмұны,  оны 
іріктеу  және  құрылымдау,  құрамына  өлкелік  компонентті  енгізу  маңызды 
ғылыми  және  дидактикалық  мәселе  болып  есептеледі.  Пәннің  мазмұнын 
Қазақстан  жыландарының  биологиясы  және  экологиясы  туралы  білім  беру 
арқылы  толықтыру  биолог-студенттерінің  пәндік  сапалы  дайындығы  үшін 
маңызды.  Себебі,  жыландардың  биологиясы  және  экологиясын  зерттеу 
студенттерге  туған  өлкенің    табиғатын  зерттеудің  әдістерін  меңгеруге,  кез- 
келген тіршіліктің қоршаған ортаның табиғатына қарай икемденетінін түсінуге  
мүмкіндік береді.  
Биологияның  пәндік  аймағының  ерекшелігі  –  тіршіліктің  шексіз  алуан 
түрлілігі.  Таксономиялық  пәндер  міндеті  –  барлық  осы  алуантүрлілікті 
үйлесімді және нақты жүйеге келтіру.
 
 
Қазіргі  оқыту  үрдісінің  негізгі  мақсаты  –  болашақ  мамандардың  пәндік 
және  ұстаздық  құзыреттілігін  қалыптастыру  болып  табылса,  онда    пәндік 
даярлау  мазмұнына  аймақтық  компонентті  қосу  студенттерді  әдістемелік 
даярлығы шеңберінде  мектептегі биология бойынша және балаларға қосымша 
білім беру мекемелерінде оқу үдерісін ұйымдастырғанда кәсіби құзыреттіліктер 
қалыптастыруға мүмкіндігін береді. 
Осыны  ескере  отырып,  біз  биология  пәнінің  мазмұнын  жыландардың 
биологиясы  және  экологиясы  туралы  ғылыми  фактілермен,  қызықты  зерттеу 
және  оқу-зерттеу  материалдарымен  толықтырдық.  Атап  айтқанда,  биолог-
студенттердің  туған  елдің  жануарлары  туралы  білім  алуымен  қатар,  оларды 
зерттеу дағдылары қалыптасып,  педагогикалық іс- әрекеті шыңдалады. Бұның 
барлығы  болашақ    биология  мұғалімін  дайындығын  қалыптастыруға  ықпал 
етеді  және кәсіптік-педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі.  
Осы деректер негізінде біз мынаны аңғартамыз, оқу пәнінің мазмұны  оны  
оқу  формалары    –  дәріс,  зертханалық  сабақтар  мен  практикалық  жұмыстарға 
(аудиториялық  және  дала  практикасы  жағдайларында)  жалпы  биологиялық 
білімдер,  морфологиялық,  анатомиялық,  физиологиялық  және  экологиялық 
ұғымдар  енгізілсе  және    оларды  ашып  түсіндіру  үшін  нақты  зерттелген 
(жыландардың  биологиясы  мен  экологиясы  негізінде)  материалдар  қамтылса, 
болашақ  мұғалімдердің  ғылыми,  зерттеушілік,  кәсіптік  дайындығының 
деңгейін  көтеру  мүмкіндігінің  туатындығы.  Мысалы,  жалпы  жануарлар 
экологиясын  туралы  білім  беруде  оны  жыландардың  экологиясы  мысалында 
анық  әрі  дәлелді  тұрғыдан  ашуға  болады:  тіршілік  ету  ортасы,  таралуы, 
жыландар  популяциясы  саны,  тығыздығы,  басқа  популяциялармен  өзара 
қарым-қатынастары,  түрлері,  популяцияның  жастық  және  жыныстық  құрамы, 


71 
 
жылан популяциясының тіршілігіне әсер ететін қоршаған ортаның абиотикалық 
және биотикалық факторлары; жылан этологиясы. 
Айта  кету  керек,  Қазақстан  жыландарының  биологиясы  және  экологиясы 
бойынша ғылыми ұғымдарды, фактілерді және мысалдарды қосу, биологиялық 
пәндердің негізгі мазмұнын алмастырмайды, бірақ толықтырады.   
Мысал ретінде  сабақ жоспарына тоқталайық.  
Сабақтың тақырыбы: «Жыландар, олардың тіршілік ерекшелігі». 
Сабақтың түрі- лабораториялық сабақ.  
Жоспар: 
1. 
Жыландардың сыртқы құрылысы.  
2. 
Жыландардың  ішкі  мүшелер  жүйесі,  құрылымдық-анатомиялық 
ерекшеліктері. 
3. Улы жыландардың уының құрамын анықтау әдіс-тәсілдері.  
4. Дала практикасы кезінде орындалған  және ұсынылған тапсырмалардың 
тақырыптары:  
-  Қазақстанда  тіршілік  ететін  усыз  жыландардың  негізгі  сипаттамалары 
мен белгілері;  
-  Қазақстанда  тіршілік  ететін  өте  қауіпті,  улы  жыландардың  негізгі 
белгілері; 
 -  табиғатта  жүргізілетін  топсаяхат  бойынша  жиналған  материалдар  мен 
бақылаулардың нәтижесі; 
- усыз және улы жыландарды аулаудағы қауіпсіздік техникасы; 
- усыз жыландар түрлерін анықтау;   
- улы жыландар түрлерін анықтау.  
Сабақтың  мақсаты:  Қазақстан  жыландары  туралы  студенттердің 
зерттеген  жұмыстарының негізінде білім  бере  отырып  мына  мақсаттар  жүзеге 
асады: 
Білімдік: Қазақстан жыландарының тіршілік ерекшелігін түсіндіру; 
Тәрбиелік:  Осы  тақырып  бойынша  білім  бере  отырып,  студенттердің 
тіршіліктің қоршаған ортаға бейімділігін түсіндіру негізінде оларды табиғатты 
зерттеуге тәрбиелеу; 
Дамытушылық:  Болашақ  мұғалімдердің  кәсіптік  құзыреттіліктерін 
дамыту. 
Сабақтың барысы: 
1. Студенттердің бұрын биологиядан меңгерген білімдерін және қосымша алған 
теориялық білімдерін актуалдау: 
- Палеонтологиялық  мәліметтер  мен  зерттеуші  ғалымдардың  түрлі  тарихи 
кезеңдерде Қазақстанды мекен еткен жыландар түрлері туралы ұғымдарды ойға 
түсіру. 
-  Студенттердің  дала  практикасы  кезінде  жүргізген  жұмыстарына 
байланысты  Қазақстан  жыландарының  систематикасы,  құрғақшылыққа 
бейімделу жолдары бойынша фактілер: 
 Морфология:  жыландардың  сыртқы  құрылысы,  денесінің  сыртқы 
жабындысы, тірек-қимыл аппаратының жүйесі. 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау