65
Қазақстан орта мектептерінің 5-11 сыныптың биология пәні мұғалімдеріне
қойылатын талаптар Мемлекеттік жалпыға міндетті Білім беру стандартында
көрініс тапқан.
Болашақ маман өзінің кәсіптік жұмысы кезінде орта мектепте биология
пәні мұғалімі болып қызмет атақаратыны белгілі. Осы тұста олар биология
пәнінен оқушыларға терең білім беру мен біліктерін қалыптастыру үшін
олардың мына төмендегі мәселелерді шеше білетіндей білімі болуы керек:
- әлемнің түрлі сипаттарының: физикалық, химиялық, биологиялық,
гуманитарлық, экологиялық, антропологиялық және т.б. жиынтығы ретінде
білім алушыларда кілттік құзыреттіліктерін қалыптастыруды;
- білім алушыларды алдын-ала профилді даярлықты жоспарлау мен іске
асыруда алдын-ала кәсіби мақсаттарын нақтылауда, қолдауды;
- қоршаған ортаны философиялық тұрғыдан түсіну әдіснамасын,
биологияның философиялық
мәселелерін;
- биологиялық оқу пәндерінің теориялық негіздерін: ғылымдар жүйесіндегі
биологияның нысаны, пәні, орны, ғылыми-биологиялық зерттеулердің
әдіснамасы мен логикасын;
- профильді оқыту шарттарындағы биологиялық пәндердің теориялық
негіздерін; жалпыдан жекеге, белгісізден нақтыға өту логикасындағы нақты
биологиялық
пәннің құрылымы мен мазмұнын;
- психология, валеология, жас ерекшелік физиологиясы, педагогика және
этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері мен көрсеткіштерін;
- биологиялық зерттеулер саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау
әдісі мен әдістемесін;
- биология ғылымының қазіргі таңдағы жаңа жетістіктерін;
- орта мектеп оқушыларының тұлғалық және жеке-психологиялық
ерекшеліктерін;
- биология пәніне байланысты өзін қоршаған ортаға бақылау жүргізудің
әдіс-тәсілдерін;
- нақты нысандармен тәжірибе жүргізу, эксперимент ұйымдастыру
жолдары мен әдістерін;
- зерттеу түрлері арқылы жиналған материалдарды сабақ барысында
қолданудың тиімді жолдары мен әдістерін;
- түрлі көрнекіліктерді пайдалана отырып, танып білуге тиісті тіршіліктің
түрі-түсін, дене құрылысын, оның қоршаған ортада тіршілік етуге икемдігін
ажырата алуды.
Сонымен қатар, мектеп мұғалімі өзінің күнделікті өмірі мен кәсіби
қызметінде денсаулық сақтауға негізделген технологияларды қолдана білуі
тиіс:
-
биологиялық пәндер саласында инновациялық тәсілдер мен
технологияларды қолдану;
- оқу-тәрбие үдерісіне инновацияларды ендіру нәтижелерін талдау және
бағалау;
- өзіндік жеке педагогикалық
технологияларды енгізу;
66
- білім алушыларды қоршаған ортаға қамқорлық көрсету рухында
тәрбиелеу;
- оқыту-педагогикалық іс-әрекетін «e-learning» электрондық оқыту
жүйесінде жүргізуді.
Бұл көрсетілгендердің бәрін өз деңгейінде орындау үшін ЖОО-да білім
алу барысында қалыптасқан мына дағдыларға ие болуға тиіс:
- өзін-өзі реттеушілік және рефлексия;
- сыни
және
шығармашылық ойлау;
- педагогикалық мәселелерді саналы түсіну, қалыптастыру және шешу;
- жалпы мәдени құндылықтар, нормалары мен дәстүрлерді беру;
- нақты ситуацияда психологиялық, педагогикалық, пәндік және
әдістемелік білім мен қолданбалы іскерліктерді жүзеге асыру;
- профильдік оқыту жағдайында педагогикалық бірлесе қызмет атқаруды
ұйымдастыру (мұғалім - оқушы, мұғалім - мұғалім, мұғалім - ата-ана);
- педагогикалық іс-әрекеттің үдерісі және нәтижесін түзету, өзін-өзі реттеу,
рефлексияны іске асыру;
-
білім
алушылармен
ғылыми-зерттеу
жұмысын
ұйымдастыру
құзыреттілігін;
- өзінің педагогикалық әрекетінде ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларды қолдана білу (компьютерлік оқыту бағдарламаларын құру
және
оларды
кәсіби
қызметінде
қолдану,
қашықтықтан
оқыту
технологияларының негіздерін, білімді компьютерлік тестілеу әдістерін
меңгеру);
- шығармашылық ойлау әдіс-тәсілдерін қолдану, педагогикалық іс-
әрекеттегі инновацияларды позитивті қабылдау және
қолдана білу;
- педагогикалық іс-әрекеттегі пайда болатын қарама-қайшылықтарды
түсіну, түзету және шеше білу;
- рефлексияны іске асыру: өзіндік педагогикалық іс-әрекет үдерісі мен
нәтижесін талдау, бағалау және түзету;
- білім алушылармен ғылыми-зерттеушілік жұмысты ұйымдастыру және
жүргізу: ғылыми аппаратты құру, ғылыми-зерттеушілік жұмыстың нәтижелерін
өңдеу және бағалау; жинақтау және
қорытындылар жасау;
- «e-learning» электрондық оқыту жүйесінде оқыту – педагогикалық іс-
әрекетті жүргізу;
- жылдам өзгермелі қоғамда кәсіби әлеуметтендіру, кәсіби өзін-өзі
анықтауда білім алушылардың базалық құзыреттіліктерін қалыптастыру;
- тұлғалық сапалық қасиеттерге негіздеп, көп мәдениеттілік,
толеранттылық, технократтылықты сақтай отырып, Қазақстандық патриотизмді
қалыптастыру;
- ақпараттық, телкоммуникациялық және инновациялық-педагогикалық
технологияларды пайдалану.