4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертацияда келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қoлдaнылды:
Әдістеме – оқу үдерісінде пайдаланатын әдістер жиынтығы және білім
беру ұстанымдарын зерттеу саласы.
Биологиялық білім - студенттердің биология ғылымының жүйесіндегі
ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы. Биологиялық
білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері
клетка мен клеткадан пайда болған барлық ағзалар.
Биолог маман - тірі организмдердің даму заңдылықтары мен жалпы
құрамын организмдер көптүрлілігін зерттеуші. Ол материал негізінде зерттеу
жасап, сынақ жүргізе отырып, алынған нәтижелердің практикада қолдануын
ұйымдастыратын тұлға.
Ғылыми - зерттеу іс-әрекеті – оқу үрдісінен тыс орындалады, ол оқу
жоспарына қосылмайды, бұл іс -әрекетті ұйымдастырудың негізгі принципі
студенттердің өз еркімен және өз бетімен орындалуы тиіс (М.И. Махмутов).
Өлкетану – білім алушылардың туған жергілікті мәдениетін, жануарлар
мен өсімдіктер дүниесін, экономикасын танып, оқып-зерттеу.
Зерттеушілік іс - әрекет – жаңалықты, үдерістерді анықтауға, олардың
байланыстары мен қатынастарын орнатуға, нақты фактлерді теориялық және
эксперименттік тұрғыдан дәлелдеуге, таным жүйесінің зерттеу әдістері арқылы
заңдылықтарды анықтауға бағытталған шығармашылық мазмұндағы іздену іс-
әрекет.
Зерттеушілік бiлiк – студенттердің алған ғылым және білім тәжірибесі
негізінде теориялық және практикалық тапсырмаларды қысқа уақыт
аралығында, нақты және дұрыс орындай алу әрекеті.
Жыландар (Ophidia) – бауырымен жорғалаушылар класына жататын
омыртқалы жануарлар отряд тармағы.
Педагогикалық жүйе – белгілі бір қаблеті бар дара тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет
құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Сабақ – логикалық түрде аяқталған, біртұтас, белгілі уақытпен шектелген
оқу - тәрбие үдерісінің бөлігі
Оқыту әдісі – білім алушы мен оқытушының алдына қойған мақсатына
жету үшін екі жақты іс-әрекеттері
Оқу-зерттеу іс-әрекеті – оқу-тәрбие үдерісінің міндетті құрамдас
компоненті, оқытушылардың ұйымдастыруымен және студенттердің таным
үдерісінің белсенді атсалысумен құрылады (М.И. Махмутов).
Офидиология (лат. ophidia - жылан және logos - ілім) – жыландарды
зерттеумен айналысатын зоология ғылымының бір саласы.