Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет41/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51

90 
 
Үшінші  көрсеткіш  –  өлкелік  материалды  зерттеудегі  іс-әрекеттік 
компонент.  Бұл  бoлaшaқ  биолог  мамандардың  тәжірибелік  эксперимент 
барысында  зерттеушілік  іс-әрекетінің  қалыптасуы.  Бoлaшaқ  биолог 
мұғалімдердің  зерттеушілік  іс-әрекетін  қалыптастыру  негізінде  дамыған 
зерттеушілік  біліктердің  даму  деңгейін  анықтау  аудиториялық  және 
аудиториядан  тыс  ұйымдастырылған  сабақтар  барысында  жүргізілді.  Болашақ 
биолог  мұғалімдердің  зерттеушілік  іс-әрекетін  қалыптастыру  моделінің 
мазмұндық  компонентіне  сәйкес  анықталатын  зерттеушілік  біліктер  тобы: 
бейімдік - бағалаушы, талдау - жүйелеу, жоспарлау - рәсімдеу, ұйымдастырушы 
- коммуникативтік. 
Біз  ұсынып  отырған  әдістеменің  дұрыстығы  мен  тиімділігін  тексеру 
бойынша тәжірибелік - эксперименттік жұмыс 2014 – 2017 оқу жылдары Абай 
атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университетінде,  Тараз  мемлекеттік 
педагогикалық  институтында  және  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік 
мемлекеттік университеттерінде жүргізілді. 
Экспериментті  топта  оқыту  «Қазақстан  жыландарының  биологиясы  және 
экологиясы»  элективті  курстарының  оқу-әдістемелік  кешендері  негізінде 
жүргізілді.  Бақылау  тобы  бұл  элективті  курстарды  оқымады.    Педагогикалық 
эксперимент нәтижелері қорытындыланды, мәліметтер есеп-қисаптық өңдеуден 
өткізіліп, әдістемелік ұсыныстар берілді. Пайдаланылған әдебиеттер бір жүйеге 
келтірілді.  
Зерттеу  нәтижесін  байқаудан  өткізу  педагогикалық  экспериментке  
қойылатын талаптар  бойынша дайындалды. Оқыту жоғарыда аталған ЖОО-да  
дәрістік, зертханалық, сарамандық сабақтарда  және  дала практикасы  түрінде 
оқу процесін толық қамти отырып оқытылды.  
Биолог-бакалаврларын  дайындау  жүйесінде  біз  құрастырған  Қазақстан 
жыландары туралы өлкелік компонентті биологиялық білім берудің мазмұнына 
ендіруді жүзеге асырудың әдістемесін байқаудан өткізу кезінде экспериментке 
керекті бүкіл материалдармен қамтамасыз ету жағы қадағаланды. Тәжірибелік –
эксперимент жұмыстары жоғары оқу орындары: Абай атындағы ҚазҰПУ, Тараз 
МПИ,    Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университеттерінде 
жүргізілді.  
Тәжірибелік- эксперимент кезінде биологиялық  білім берілетін екі топты  
қамтыды. Тәжірибелік- экспериментке жалпы саны 115 студент қатыстырылды. 
Оның  бірі-  60  студент  эксперименттік  топтың  құрамында  болса,  55  студент 
бақылау тобында болды.  
Құрастырылған  әдістеменің  тиімділігін    анықтау  және  қалыптастырушы 
эксперимент кезінде жүзеге асты.  
Тәжірибелік  эксперимент  жұмысының  анықтау  кезеңінде  студенттермен 
әңгімелесу,  анкета  жүргізу,  бақылау,  әдебиеттермен  жұмыс  жасау  сияқты 
әдістерді қолдандық. 
Анықтау  экспериментінің мақсаты – өлкелік компонент ретінде енгізілген 
«Қазақстан    жыландардың  биологиясы  және  экологиясы»  таңдау  курсының 
студенттердің    биологиялық  білімдерін  қалыптастырудағы  маңызын  анықтау. 


91 
 
Таңдау    курсын  мазмұндық  тұрғыдан  меңгерілу  деңгейін  анықтау.  Сонымен 
қатар,  басты  мақсат  –  биология  пәні  мазмұнына  ендірілетін  материалдарды 
білім  беруге  ендірудің  жолдары  мен  зерттеушілік  әдіс-тәсілдерді  қоланудың 
тиімділігін дәлелдеу болып табылды. 
Бақылау  әдісі  аудиториялық  дәрістер  кезінде    студенттерді  нақты 
нысанмен  жоспарлы  түрде  таныстырып,  соның  нәтижесін  қорыту, 
тұжырымдау, өз пікірін ортаға салу сияқты іс-әрекеттердің деңгейі анықталды. 
Бұл  тұста  керекті  нысандардың  суретін  салу,  оларды  өз  тұстарынан  суретке 
түсіру, өз ойын жазу   сияқты жұмыстар жүргізеді. Мұндай жұмыстар кезінде 
студенттердің әлі де болса, өзіндік белсенділіктері мен ой қорыту әрекеттерінің 
қалыптаспағандығы  анықталды.  Бұл  нәтижеден  студенттерге  берілетін 
биологиялық  білімнің  нақты  мысалдарға,  өздері  бақылайтын    және  көріп-
білетін  жергілікті  материалдарға негізделудің керектігі байқалды. 
Анықтау  эксперименті  кезінде  студенттерге  мына  төмендегідей  сұрақтар 
мен тапсырмалар берілді: 
- жергілікті нысандар дегенге қалай түсінесіздер? 
- жергілікті нысандарды қалай бақылауға болады? 
- өз жерлеріңіздегі жыландар түрін білесіңдер ме? 
-  жыландардың  жергілікті  жердің  табиғатына  қандай  икемдігі  барлығын 
байқайсыздар? 
- ағаш арасында тіршілік ететін жыландарды көргендеріңіз бар ма, олардың 
сол ортаға қандай икемдігі бар? 
- жыландар қандай тіршілік тобына енеді? 
- бауырымен жорғалаушылардың тағы қандай түрін білесіздер? 
- мектепте  жануартану  пәні  бойынша  жануарларды  қандай  топтарға 
бөледі? 
Бұл  сұрақтарды  студенттерге  қоюдағы  мақсат  –  оқып  меңгерген 
материалдарының  олардың  ойында  қаншалықты  сақталғанын  байқау.  Ал, 
сұрақтарға  берілген  жауаптарды  қорытындылау  кезінде  осы  көрсетілген 
материалға  дұрыс  жауап  бергендер  20  пайызды  ғана  қамтыды.  Ал,  көбіне 
студенттер  нақты  жауап  қайтара  алмай,  шамамен  жобалап  жауап  бергендер 
саны  30  пайызға  жетті.  Бақылауға  қатысқан  студенттердің  50  пайызға  жуығы 
нақты жауап қайтара алмағандығын былай қойғанда, ойларын қорытып айтуға 
өте  шорқақ  келетіні  байқалды.  Бұдан  шығатын  қорытынды  –  биологиялық 
білімді меңгеру үшін үнемі бақылау, тәжірибе жасау, эксперимент қою сияқты 
ғылыми зерттеушілік жұмыстардың ұйымдастырылу деңгейінің төмендігі.  
ЖОО  биолог  мамандарды  өлкелік  компонент  негізінде  даярлаудың 
нәтижесі, 
бұл 
педагогикалық 
эксперименттің 
анықтаушы 
және 
қалыптастырушы  кезеңдерінің  бір-бірінен  ажыратылатын  үлес  салмақтарына 
байланысты. 
Педагогикалық 
экперименттің 
анықтаушы 
сатысын 
қорытындыласақ,  студенттердің  Қазақстан  жыландары  туралы  өлкетанулық 
білімдер деңгейі сараланып, олардың экологиялық тәрбиелеудегі маңыздылығы 
негізделді.  Сонымен  қатар,  жыландар  мысалында  студенттердің  жануарлар 
дүниесіне  қамқорлықты  күшейту,  биологиялық  алуантүрлілікті  сақтау  іс-


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау