«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет9/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

30
 Ұйымдастыру.
  Үй тапсырмасын пысықтау.
Жаңа сабақ.
-  Балалар,  біз  бүгін  әдебиетімізде  өзіндік  қолтаңбасы 
бар  жазушы,  тарихи  шығармалардың  шебері  Қабдеш 
Жұмаділовтің  «Қаздар  қайтып  барады»  әңгімесімен 
танысамыз.
Қабдеш  Жұмаділов  1936  жылы  Шығыс  Түркістанда 
дүниеге  келген.  1965  жылы  Қазақ  ұлттық  университетінің 
филология  факультетін  тәмамдаған.  «...  Қабдеш 
– 
тілге 
аса  бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік 
сезінетін жазушы»...
-  Балалар,  сендердің  ойларыңша,  қаздар  қайда  қайтуы 
мүмкін?..  (Интерактивті  тақтаға  балалар  өз  ойларын 
топтастыру әдісімен жазып шығады).
І. Топтастыру
         көлге                                                    ұясына
жылы жаққа                                                мекеніне
         туған 
        жеріне                                                   балапанына
   
-  Дұрыс,  олай  болса,  біз  шығарманың  өзімен  танысып 
көрейік.
ІІ.  Әңгіме мазмұнымен танысу.
(Оқушылар  оқулықтағы  әңгіменің  мазмұнымен  өздері 
оқып танысады, мазмұндайды.) 
IIIПроблемалық сұрақ қою.
1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді? 2. Оның бөтен 
елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар? 
(Оқушылар өз ойларын айтып шығады.) 3. Жазушының өмірі 
мен әңгімесінің арасында қандай байланыс бар? (Әңгіменің 
идеясын  ашу)  4.  Байтас  қарт  неге  шекараны  бұзып  өтті? 
 
ҚАЗДАР 
ҚАЙТЫП 
БАРАДЫ 


31
5.  Қабдеш  аға  тарихи  Отанына  қай  жылы  оралған  еді?                            
6. Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық 
бар?
IVҚатар бойынша тапсырма беру:
І  қатар.  Әңгімені  оқығанда  немесе  тыңдағанда  ойла-        
рыңа не сақталып қалды? Сол сақталған жерлерін мәтіннен 
тауып оқыңдар. (Кітаппен жұмыс).
ІІ қатар. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді? 
Әңгіменің маңыздылығы неде? Туған жер топырағын аттаған 
қарттың  сезімі,  сағынышы,  қуанышы  қалай  суреттелген? 
(Әңгіменің тақырыбын ашу. Туған жер жайында ойтолғау.)                                                    
ІІІ қатар. Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен 
қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
Кейіпкері
Іс-әрекеті
Адами қасиеті
Байтас қарт
Жолға шықты, қасқырмен 
алысты, туған жерге 
асықты, шаршады, қажыды, 
отбасынан айырылды,
немересін бақты, шекарадан 
асты, туған жеріне жетті.
Қайсар, қажырлы, 
төзімді,
туған еліне деген 
сағынышы
басым, рухы биік, 
адал жан.
1.  Бірінші  жауап  берген  қатарға  қосымша  сұрақ.  Әңгі-
менің  басты  кейіпкері  Байтас  қарт  арманына  жетті  деп 
ойлайсыңдар  ма?  Дәлелдеңдер.  Оқушылардың  пікірі 
былайша өрбиді:
Арманына жетті
Арманына жеткен жоқ
Байтас қарт қырық жыл бойы 
күткен арманына жетті. Ата-
бабасы қалған, кіндік қаны 
тамған туған жеріне, өз үйіне 
келіп, шамалы болса да ұйықтап, 
демін алды. «Енді өліп кетсем де 
арманым жоқ» деді.
Байтас қарт арманына жеткен 
жоқ. Себебі жат жерде оның 
жақын адамдары қалды. Өзі 
туған еліне келгенімен, бір өзі 
қалай өмір сүрмекші? Оның 
үстіне артынан ит жетектеген 
шекарашылар түскен жоқ па? 


32
2.  Шығарманы  құрылысына  қарай  талдаңдар.  Әңгі-            
меде  кездесетін  жер-су,  тау  аттарын  теріп  жазыңдар.  Оқу-
шылардың жауабы былайша түзілді:
Етікші, 
Тарбағатай, 
Күргейтас, 
Тентек-Халдай, 
Айнабұлақ, Арғанаты, Көкшілік, Нұра.                                            
 
                Оқиғаның шешімі    Шарықтау   шегі
         Басталуы        Байланысы      Оқиғаның дамуы.
Сөздікпен жұмыс:  қозыкөш жер – ... ұшқат – ... мойыл 
– ... зәузәт – ...
Сұрақ-жауап.
-  Әңгіменің  «Қаздар  қайтып  барады»  деп  аталу  себебін 
қалай түсінесіңдер?
(Сабақ басындағы топтастыруға аймаққа қайта оралу).
Қорытынды.
«Қаздар  қайтып  барады»  әнін  Айгүл  Қосанова 
мен  Ақылбек  Жеменейдің  орындауында  оқушыларға 
тыңдату.
Байтас  қартты  қырық  жылдан  кейін  шекара  асыртып, 
жолда  көрген  қиындықтарына  төзе  отырып,  алып  келгені:              
бір-ақ  нәрсе,  ол  –  туған  жерге  деген  сүйіспеншілік,  туған 
жердің топырағы.
 
Тұмардың ішінен термен 
байланып қалған бір уыс 
қиыршық топырақ түсті жерге. 
Бұл – осыдан қырық жыл бұрын 
жат өлкеге аттанарда туған 
жерден түйіп алған топырақ еді. 
Қырық жыл 
бойы көкірек 
түкпірінде 
жатқан ұзақ 
сапар. 
Жалғыз жортқан 
жолаушы және 
жолда көрген 
қиындықтар. 
Ойға оралған 
өткен күн немесе 
жалғыз немере – 
Төлеутай. 
Кінәсіз та-
ғылған айып, 
күтпеген 
қасірет. 


33
Қасиеті  сіңген  туған  жерін  жат  елде  жүріп  бір  сәт 
те    ұмыта  алмай  туған  жерге  оралған  қандастарымыз                  
қаншама!  Мұртаза  Бұлытай,  Майра  Мұхамедқызы,                                                      
Шұғыла  Сапарғалиқызы  сынды  қандастарымыз  туған                   
еліне келіп еңбек етуде.
(Үнтаспадан  Ескендір  Хасанғалиевтің  «Атамекен» 
әні  орындалып  тұрады,  бейнетаспадан  қолдарында 
Қазақстанның  туы  бар  шетелдік  қазақтардың  туған  жерге 
келіп жатқаны көрсетіледі).
Тағдыр  талайымен  кезінде  тарыдай  шашыраған 
қазақтарымыз  дүние  жүзінің  55  елінде  өмір  сүріп  жатыр 
екен.Назарымызды соған аударып көрейік.
АҚШ-та 14 000                                   Ресейде 740 000
Украинада 15 000                                Моңғолияда 100 000
Түркияда 25 000                                  Қырғызстанда 45 000
       
                                   ҚАЗАҚТАР
Өзбекстанда 1 550 000                        Қытайда 1 500 000
Иранда 12 000                                      Ауғанстанда 30 000
                                                               Тәжікстанда 10 000
-  Балалар,  «Өзге  елде  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде                        
ұлтан  бол»  демекші,  өз  туған  жеріміз  өзімізге  ыстық.  Қай 
жерде,  қай  елде,  тіпті,  гүл  жайнаған  бөтен  елде  жүрсең 
де  бәрібір  саған  туған  жерің  қымбат.  Себебі  туған  жерің 
–  сенің  кіндік  қаның  тамған  жер,  ата-бабаң  ғұмыр  кешкен 
жер,  ағайын-туыс,  достарың  жүрген  жер,  тарихи  Отаның. 
Сондықтан  туған  жердің  қадірін  біліп,  өз  Отаныңа                                                                                                              
қалтқысыз  еңбек  ету  –  әрбір  азаматтың  борышы.  Бүгінгі 
сабағымыздың  ұраны  –  «Әркімнің  туған  жері  –  Мысыр 
шаһары» болып қалсын!
 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау