«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет10/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

34
Айтгүл ҚАДЫРҚҰЛОВА,
Алматы қаласындағы
мамандандырылған қазақ-түрік
 мектеп-лицей-интернатының
 мұғалімі.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДЫҢ 
МАҢЫЗЫ ЗОР
Бүгінгідей адамзат баласының жаһандану заманында әр- 
бір  ұлттың  өз  бет-бейнесін  сақтап  қалуы  үшін  әдебиеттің 
маңызы  зор.  Әсіресе,  мектеп  партасында  отырған  балаң 
ойлы  ойын  баласына  әдеби  шығарманы  оқыту  арқылы  өз 
халқының мәдениетін, тарихын меңгертеміз. Сондықтан да 
әдебиет  пәнінің  мұғалімі  үшін  сабаққа  келген  оқушының 
бойында  әдебиетке  деген  құштарлығын  ояту  міндеті 
тұратыны сөзсіз.
«Әдебиет пәні – өнер пәні, адамтану пәні. Сонымен қатар 
әдебиет пәні – жан жақты ойлаудың, терең ойлаудың пәні...
Ой,  ойлану,  ойланту  барлық  пәндерге  де  керек.  Ойсыз 
өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір  еске 
алатын  мәселе  –  өзіндік  ойлау,  өзіндік  пікірде  жатыр. 
Әдебиетті  оқытуда  мұғалім  оқушыларға  көркем  туынды 
туралы  оқулық  авторы,  не  ғалымдар  пікірін  қайталауды, 
не  соны  қаз  қалпында  мазмұндатуды  мақсат  етпеуі  керек, 
ең  бастысы,  сол  көркем  туынды  туралы  оқушы  пікіріне, 
ойына  көңіл  бөлген  жөн»  деп  Қанипа  Бітібаева  әдебиет                                                                                                                           
пәні  туралы орынды сөз қозғаған (Қазақ әдебиетін терең-
детіп  оқытудың  инновациялық  әдістемесі  мен  техноло-
гиясы. А., «Дәуір-Кітап», 2012).
Ойлау,  ойланту  үшін  оқушыға  өзі  оқып  отырған 
шығармаға  байланысты  проблемалық  сұрақтар  қою  керек 
және  сол  сұрақтарға  жауапты  тек  оқулықтан  ғана  іздеп 


35
қоймай, оны қосымша дерек көздерінен де іздеу қажет. Осы 
орайда өз тәжірибемнен мысал келтіре кетсем, 10-сыныпта 
Абайдың  «Ескендір»  поэмасын  оқытуда  төмендегідей    ой 
қозғайтын сұрақтар қоюға болады:
Ескендір тақырыбы Абай заманының өзінде-ақ ақындар 
үшін әбден жауыр болған, көне әңгіме болатын. Шығыс пен 
Батыста бірінде Ескендір, бірінде Александр болып көптеген 
әдеби  шығармаларға  өзек  болған.  Осындай  жағдайда 
Ескендір туралы тағы да бір шығарма жазудағы Абайдың 
мақсаты  не  еді?  Белгілі  поэманы  қайталап  жаңа  поэма 
«құрастыру» – ақынға жат дәстүр. Талғампаз, эстетикалық 
мұраты биік ақын сәл-пәл нәрсеге былғанбаса керек-ті. Өзге 
шығармалары  сияқты  ақынның  бұл  шығармасы  да  мың 
ойланып,  мың  толғанғанынан  туған  шығарма  екені  анық. 
Сонда  ақынның  сана  төркініндегі  жетекші  ой  не  болды 
екен? Осы ақын «жұмбағын» шешу үшін поэманың алғашқы 
жолына назар салайықшы/слайдтан көрсету/.
«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?...», соңында – сұрақ 
белгісі.  Демек,  Абай  көңілі  бір  нәрсеге  күпті.  Логикалық 
тәсілді  қолданып  бұл  сұрақты  мынадай  мазмұнда 
қарастырсақ: «Осы жұрт Ескендір туралы шындықты біле 
ме екен?». Бұдан Ескендір туралы көп шындықтың болғаны 
айқындалады.  Мұнда  ақынды  толғандыратын  екі  мәселе 
бар. 1. Ескендір туралы қазақ халқында қандай шындық бар?                
2. Осы шындық ақынды неліктен қанағаттандырмайды? 
Осы сұрақтар төңірегінде іздену үшін оқушыларға алдын 
ала Ескендір жайлы аңыздар мен тарихи деректерді тауып, 
оқып келу тапсырылады. Сыныпта оқушылар өз ойын ортаға 
салады. 
Жоғарыдағы  мәселелер  төңірегінде  ой  қозғағанда 
оқушылардың  назарын  мына  мәселелерге  аудару  керек: 
Ескендір  туралы  шындық  қазақ  халқының  санасында 


36
негізінен екі түрлі жолмен қалыптасқан. Бірі ислам дінімен 
байланысты  болса,  екіншісі  Шығыс  поэзиясы  арқылы 
енген. Діни тұрғыдан келсек – Ескендір жағымды кейіпкер. 
Ол – пайғамбар, әулие, әділ патша. Міне, халық санасында 
Ескендір  осындай  бейнеде  қалыптасқан.  Абай  заманында 
қазақ халқының Ескендір жайлы білген шындығы осы еді.
Ал  бұл  шындық  Абайды  неліктен  қанағаттандырмады? 
Бұл сұраққа жауап беру үшін Ескендірдің тарихи бейнесіне 
тоқталайық. Александр өте қатал, жауыз әмірші болады. Ол 
өзіне қарсы шыққандардың көзін сол сәтте жойып отырған. 
Тіпті, өз бауыры Клитті оның кейбір ел билеу жайлы істерімен 
келіспегені үшін өлтіреді. Осындай тарихи шындықты Абай 
да  білген  болу  керек,  сондықтан  да  ол  қазақ  ұғымындағы 
«Ескендір – әулие, әділ патша» деген көзқараспен келіспейді.
Оқушылардың 
пікірлерін 
жинақтау 
мақсатында 
төмендегідей жұмыс түрлерін жүргіземіз (кестені толтыру):
Аңыздағы 
Ескендір
Абай поэмасындағы 
Ескендір
Тарихтағы 
Ескендір
пайғамбар
әулие
әділ патша
қатал
жауыз
соғысқұмар
Жоғарыдағыдай  кіріспе  жұмыстарынан  кейін  Абай 
поэмасындағы  Ескендірдің  бейнесін  ашу  үшін  поэмаға 
талдау жасаймыз:
•  Мәтін үш бөлікке бөлінеді.
•  Әр топ берілген бөлікті оқып ой жинақтайды.
•  Әр топтан бір оқушы сынып алдында есеп береді.
Осы талдаудың негізінде Абайдың Ескендір жайлы поэма 
жазудағы  мақсаты  тарихи  шындықты  таныту  екендігін 
ұғындырамыз. Өздерінің айтқан ойларына сүйеніп, оқушылар 
кестедегі «Абай поэмасындағы Ескендір бейнесін» толтыра 


37
отырып, Абайдың реалист ақын екендігіне көз жеткізеді. 
Әдебиет  сабағында  қосымша  материалдарды  ұтымды 
пайдалана  білу  оқушылардың  сол  тақырыпқа  деген 
қызығушылықтарын  арттырады.  Әсіресе,  шығармада 
автордың 
айтқан 
сөздерінің 
астарына 
үңілдіріп, 
оқушыға  ізденіс  жолдарын  көрсетіп  отырсақ,  сабағымыз 
жемісті  болары  сөзсіз.  Осы  орайда  8-сыныпта  Шәкәрім 
Құдайбердіұлының  «Қалқаман-Мамыр»  поэмасын  оқытуда  
автордың  кейіпкерлер  сөзі  арқылы  берген  мынадай  ойына 
назар  аударайық: 
Қалқаман  мен  Мамырдың  дауы  неден 
шықты?Автордың  айтуынша,  Қалқаман  қыз  айттырмаған, 
Мамырға ешкім құда түспеген. Соған қарамастан Қалқаман 
қызды  алып  қашады.  Бұл  да  кешірілмес  айып  емес.
Қалқаманның  жақындары  қалың  малын  да,  айып  малын 
да  төлеуге  әзір. 
Бірақ  «Бітім  болмай  созылды  сөз  аяғы». 
Өйткені  Қыз алған жоқ жақыннан тобықты әзір,Өлтірем 
деп жүрмесін бізді қазір (Мамырдың сөзі).
«Жақыным қызымды алды, ұнамаймын,
Қорлыққа тартып алған шыдамаймын»,– дейді Көкенай. 
Осындағы  екі  кейпкер  де  «жақыным»  деп  өздерінің 
Қалқаманмен  аталас  туыстығын  сөз  етіп  отырғандығын 
түсіндіру  үшін  поэманың  басындағы  ақынның  кейіпкер-
лердің ата тегін  таратып айтқан жолдарына ораламыз.
Біздің жетінші атамыз Әйтек деген
Бабаңның бір туысқан інісі екен.
Әйтектің бәйбішеден жалғызы – Олжай,
Тоқалынан  Байбөрі,  Қалқаман,  мен...  Ата  таратуда 
поэманың өзіне жүгінсек былай болады:    
                                    
                           Х                                  Х
                                         
                           Кішік                 Мәмбетей
 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау