«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет5/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

13
қасиеттерін бойында 
қалыптастырады.
4. Нәти-
жені 
талқы-
лау. 
Ақпарат-
ты талдау, 
шешім 
шығару, 
тұсауке-
сердің 
қандай 
түрде 
өтетінін 
жоспар-
лау.
Бақылайды, 
кеңес береді. Топ 
ішіндегі жеке оқу-
шылардың еңбегін 
бағалай отырып, 
бірігіп қорғау 
үшін ынтымаққа, 
бір-біріне деген 
сыйластыққа ша-
қырады. Тұсауке-
серге келетін қо-
нақтар тізімін жа-
зады, қажетті 
аудио-видеотехни-
каны жабдық-
тайды.
Топ арасындағы 
әркімнің рөлін 
анықтап, алынған 
ақпараттың 
арасынан ең негізгіні 
белгілеп жазады. 
Проблемалық 
сұрақтарды анықтап, 
оны бірге шешуге 
дайындалады. 
5. 
Жұмыс-
тың 
тұсау-
кесері.
Тыңдайды, 
проблемалық 
сұрақтарды қоя 
отырып, оқушыны 
сөйлетуге 
мүмкіндік 
жасайды.
Алынған нәтиже 
туралы есеп бере-
ді. Бір-бірін мұқият 
тыңдайды, сөйлеу 
мәдениетін ескере 
отырып, бір-бірі-
нің ойларын жал-
ғастырып отырады. 
6. 
Бағалау
және 
жоспар-
лау.
Шығармашылық 
жұмысты 
бағалайды, еңбек 
иелерін алдағы 
үлкен мақсаттарға 
жетелейді.
Ұжымда талқылай 
отырып, бір-біріне, 
өздеріне баға береді, 
алдағы жұмыстарын 
айқындайды. 
Жобалау  технологиясын  күрделі  тарауларды  жинақтауда, 
модульдік оқыту технологиясының қорытындылау бөлімінде 
қолдану  тиімді.  Қорытынды  сабақта  қарастырылатын  жоба 
тақырыптары кіріспе бөлімдегі оқу модулінің құрылымымен 
таныстыру барысында ұсынылады. 
Жоба  қорғауға  баулу    оқушыларды  өздік  жұмысына 
бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Жоба 
қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске ба-
ғыттайтындай, пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай 
сипатта болу керек. Жоба  тақырыбының бірнеше нұсқалығы 


14
оқушы  таңдауына  мүмкіндік  туғызады  және    қандай  түрде 
қорғайтыны  оқушылардың  өзінің  қалауына  қалдырылатын 
болғандықтан  қызығушылығын  арттырады.  Осы  тұста  айта 
кететіні,  оқушыдан  тақырып  негізінде    жоба  тақырыбының 
мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу  талап етіледі. 
Жобаны  әзірлеу  барысындағы  оқушының  өзіндік  ізденісі 
мен  еңбектенуі  аса  маңызды.  Бұл  оқушылардың  ғылыми 
ізденімпаздық  қабілетін  арттырады  әрі  шығармашылыққа 
баулиды.  Ал  жоба  қорғау  сабағында  оқушылардың  өз 
жұмысына  және  өзгенің  жұмысына  сараптама  жасауы 
жауапкершіліктерін  арттырады.  Жобаға  сарапшылар 
төмендегідей  өлшемдер  бойынша    төрелік  етіп,  сараптама 
жасайды.
1. Тақырыпты  мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. 
Болжам қоя білуі.
2. Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы.
3. Талдай білуі, көрнекілік қолдануы .
4. Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.
Әзірленген  жоба  туралы  пікір  айтқанда  оқушылардың  
басшылыққа алатыны: 1) әзірленген жобаның маңыздылығы; 
2) жобаның күшті жағы; 3) жобаның әлсіз жағы.
Жоба  қорғау  барысында    оқушылардың  өзара  қойған 
сұрақтары  да,  мұғалім  тарапынан  қойылған  бағыттаушы 
сұрақтар  да  аса  маңызды.  Жобалау  технологиясы  негізінде 
өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында 
қалыптасуына жағдай жасайды.
Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты 
ұйымдастыру барысында  қазіргі жаңа формация мектебінде 
жұмыс  істеп  жүрген  педагогтардың  алдында  тұрған  негізгі 
проблемалар бар: баланы оқи білуге үйрету; баланы ойлауға 
үйрету; баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Білім  мазмұны  да  оқушылардан  өз  бетінше  білім  алуға, 
оны  практикада  қолдана  білу  қажеттілігін  тәрбиелеуге 
бағытталған,  яғни,  оқушыларды  зерттеу  мен  жоба  жасауға 
мақсатты әрі жүйелі түрде бағытталуы керек.


15
Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Ақерке ЕРАЛИЕВА,
Маңғыстау облысының
Бейнеу ауданындағы
«Үстірт» орта 
мектебінің мұғалімі.
ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІГІ
(6-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  жалпылау  есімдігі 
туралы  оқушының  білім  өрісін  кеңейтуге  бағдар  беру; 
тәрбиелік – мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ақынның өлеңдері 
арқылы  адамгершілікке,  ой  алғырлығы  мен  тапқырлыққа 
тәрбиелеу; 
дамытушылық  –  оқушының  іздену,  зерттеу  
шығармашылық 
қабілеттерін 
өрістету, 
өлеңдердің, 
мәтіндердің  мәнін  аша  отырып,  терең  ойлауға,  жүйелі                           
ой мен көркем сөйлеуге дағдыландыру.
Түрі:  сайыс  сабақ.  Әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап,  өзіндік 
ізденіс,  топтау,  жинақтау.  Көрнекілік:  жұмбақ,  суреттер, 
перфокарта,  жетон,  кеспе  қағаздар,  сыйлықтар,  шар, 
дидактикалық  материалдар. 
Құрал-жабдығы:  интерак-
тивтік тақта, слайд. Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет. 
Сабақтың барысы.
I.  Ұйымдастыру.  Оқушылармен  амандасу,  түгелдеу. 
Сабаққа назарын аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сағи Жиенбаевтың «Ертең» өлеңі.
Тұрам ерте,
Шығам ерте үйімнен... .


16
Не қоям мен
Мына қарқын, түріммен?
Анау-мынау...
Белгілі ғой бәрі де.
Қалатұғын не бар дейсің бүгіннен?
Күндегі осы ...
Күндегі осы тіршілік,
Жең сыбанып, кірісемін құлшынып.
Анау-мынау ... бітіп еді әлгіде,
Тағы да бір “анау-мынау”... тұр шығып.
Мәтіннен  есімдіктерді  таптыртып,  еске  түсіріп,  сұрақ-
жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру. 
Есімдік дегеніміз не? Есімдіктер мағынасына қарай неше 
топқа бөлінеді? Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Сілтеу есімдігі 
дегеніміз не? Сұрау есімдігі дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ. Жалпылау есімдігі.
1-слайд. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, 
бүкіл,  күллі,  бүтін,  түгел,  тегіс  деген  сөздер  жатады. 
Мысалы:  Бар ойы – өлең айтып, ән салайық (Абай). Түгел 
сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би (Мақал). Бәріміз бір 
атаның  баласымыз  (С.Бақбергенов).  Күллі  ауылда  жаны 
ашитын – жалғыз Шәйхат қана (Ә.Кекілбаев). Бұл сөздер 
(бәрі, түгел....) көп заттың атының орынына қолданылады. 
Жалпылау есімдігі бәрі, түгел, бүтін, тегіс, күллі, т.б. түбір 
сөздер болғандықтан дара есімдіктер болып саналады. 
2-слайд.
Септік түрлері
Жалпылау есімдігі
А. С.
І. С.
Б. С.
Т. С.
Ж. С
Ш. С.
К. С.
Бәрі
Бәрінің
Бәріне
Бәрін
Бәрінде
Бәрінен
Бәрімен


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау