«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет8/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

26
Мысалы,  жаттығыу  жұмысы. №1.
Ре-
ті
        Түрлері
Мысалдар
Сөздің 
ауыспалы 
мағынасы
Омоним
Антоним
Синоним
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
Қайратты, 
қуатты.
Қара.
Жақсылық, 
жамандық.
Сабыр, 
шыдам.
Техниканың  
тілі.
Жақ, жақ.
Қал, шаш.
Жылы сөз.
Жақ.
Түс.
Арық, семіз.
          А
        Ә
     Б
     В
            +
             +
         
         +
          +
          +
         + 
        +
      +
     +
       +
       +
Оқушылардың    ҰБТ    тапсырмаларын    шешу  кезінде  
тұрақты    тіркес  пен  еркін  сөз  тіркесін  ажырата  алмай  
жатады. Сондықтан фразеология туралы ұғымды жинақтап 
мынадай салыстыру сызбасын беру керек:
Тұрақты сөз тіркесі
Еркін сөз тіркесі
1. Сөйлемде дайын күйінде 
қолданылады, құрамындағы 
сөздер өзгермейді.
2. Мағынасы құрамындағы 
сөздерге қатысты болмайды.
1. Сөйлем құрау үстінде тірке-
сіп, ойдың берілуіне лайық 
өзгереді.
Мағынасы құрамындағы 
сөздермен анықталады.


27
3. Сөйлемде бір сұраққа жауап 
беріп,бір ғана сөйлем мүшесі 
болады.
4. Жеке сөзден баламасы 
болады. (Тайға таңба 
басқандай – анық).
Әр сыңары жекке сұраққа жауап 
беріп, әр түрлі сөйлем мүшесі 
болады.
Жеке сөз жалпы мағынаны 
аңғартса,еркін сөз тіркесі нақты 
ұғымды аңғартады.
(Сағат – қол сағат, қабырға 
сағат).
Оқушыларға  берілетін  білім  жаттығу  жұмыстары 
арқылы қалыптасады. Оны орындау барысында «Оқушы 
нені  ұғып,  нендей  материалдарды  пайдалана  білу 
керек,қалай    пайдалануы  керек?»  деген  мәселеге  баса 
назар аударған жөн.
Оқушыларға  қандай  да  бір  тарауды  өткеннен  соң 
күнделікті білімін тест жұмысымен толықтырып отыруын 
талап етемін. Ол тест жұмысы үш түрлі тәсілмен жүзеге 
асады.
1. а) Оқушы сұрақты мұқият оқиды, жазады. ә) Белгілі 
оқулықтан  сол  сұраққа  байланысты  ережені,  қай  беттен 
алғандығын,  мысалын  жазады.  б)  Осы  ережеге  сәйкес 
дұрыс жауабын дәл табады.
Осы  тәсілді  жақсы  меңгерген  оқушыларым  айтайын 
деген жауаптарын ауызша да, жазбаша да бере алады.
2.  Оқушы  сұрақты  жазады,  қайталанған  ережені 
жазбай, оған мынадай W шартты белгіні қояды да, бірден 
жауабын жазады.
Синонимдік қатарды табыңыз. W
Тұсына шартты белгіні қойып, жауабын жазады, яғни, 
оқушы бұл ережені жатқа біледі.


28
Қоштау, құптау, мақұлдау. Бірінші тәсілді күнделікті 
жарты  ай  көлемінде  орындаса,  әр  түрлі  нұсқамен  кез 
келген  ережені  бірнеше  рет  қайталаған,  меңгерген 
оқушыны 2-тәсілге көшіруге болады.
3.  Бұл  тәсіл  бойынша  оқушы  бірден  сұрақты  оқып, 
жауабын жазады.
Көнерген сөзді табыңыз.
А) Науқан;     Ә) Қорамсақ;    Б) Шәйнек; 
В) Зембіл;      Г) Сынып.   
Жауабы: Ә.
Үшінші  тәсілге  екі  тәсілді  жақсы  меңгерген  20-25 
ұпайды  еркін  жинайтын  оқушы  көшеді.  Үшінші  тәсілге 
көшкен оқушы тестіні уақытпен шешеді. Шешу уақыты  
бір  нұсқаға  –  5-7  минут.  Бұл  тәсілдердің  тиімділігі: 
оқушы ізденеді, ой қорытады, дұрыс жауапты тез табуға 
болатынына  көз  жеткізеді  және  оқулықпен  (тестпен) 
жұмыс істеуге дағдыланады. Бір тәсілден екінші, үшінші 
тәсілге көшуге ұмтылады.
Бұл  жұмыс  нәтижелі  болу  үшің  мұғалім  оқушыны 
үнемі  тексеріп,  қателеріне  талдау  жасап,  жүйелі  түрде 
қорытынды  жасап  отыруы  керек.  Мұнда  алға  қойған 
мақсатым – білім, білік дағдыларының тұрақты болуына, 
өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету. 
Бұл  тәсілдер  лексика  бөлімінен  кейін  фонетика,  мор-
фологияны оқу барысында, синтаксис, пунктуация тарау-
ларын  өткенде  де  жалғаса,  кеңейе  түседі.  Осы  тәсілмен 
жұмыс  істеген  оқушыларым  ҰБТ-да  үнемі  жоғарғы 
көрсеткіш  танытып  келеді.  Бұл  –  мұғалім  қазақ  тілі  са-
бақтарында  теорияны  практикамен  байланыстырғанда 
ғана жақсы нәтиже көрсетуге болатынын дәлелдейді.


29
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Маржан ТОҚТАРОВА, 
Алматы облысының 
Еңбекшіқазақ ауданындағы
Жамбыл орта мектебінің 
мұғалімі.
ӘҢГІМЕ 
 
«ҚАЗДАР ҚАЙТЫП 
БАРАДЫ»
(8-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – жазушының өмірі мен 
шығармашылығына  шолу  жасау,  оқушыларға  жаңа  білімді 
өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы 
мен  идеясын  ашу; 
дамытушылық  –  шығармашылық 
қабілеттерін  дамыту,  ойларын  нақты,  дәл  жеткізе  білуге, 
позициясын  қорғай  білуге  дағдыландыру,  сөйлеу  тіліне, 
сөйлеу  мәдениетіне  көңіл  бөлу,  дүниетанымын  кеңейту, 
пәнаралық  байланыс  арқылы  пәнге  қызығушылығы  мен 
белсенділігін арттыру; 
тәрбиелік – туған жеріне, атамекеніне 
деген  сүйіспеншілігін  ояту,  патриоттық  сезімдерін 
қалыптастыру.
Типі:  жаңа  білімді  өз  беттерімен  меңгерту.  Түрі: 
дәстүрден  тыс  интерактивті,  кіріктірілген  сабақ.  Әдісі: 
әңгімелеу,  топтық  жұмыс,  сұрақ-жауап,  проблемалық 
сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі:  портрет,  плакаттар,  түрлі  түсті  қалам, 
әдеби көркем шығармалар жинағы, таратпалы кәртішкелер. 
Техникалық  құрал:  теледидар,  бейнетаспа,  үнтаспа, 
интерактивті  тақта,  компьютер.  Пәнаралық  байланыс: 
тарих, музыка, география.
Сабақтың барысы.


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау