42
Мұғалім сөзі:
Қарасөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғады Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың
Ұл-қызы да болу керек дарынды.
VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: 1) Он жетінші қарасөзді оқып,
мазмұнын білу; 2) рөлге бөліп жаттау; 3) «Мен кіммін?»
деген тақырыпта ойтолғау жазу.
Нұржан ПАНИЯЗ,
Қостанай облысының
Қостанай ауданындағы
Глазунов орта
мектебінің мұғалімі.
«АНАНЫҢ АНАСЫ»
ӘҢГІМЕСІ
(7- сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың мәтін
мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып, ана
бейнесін ашу және әңгімедегі кейіпкерлер, олардың іс-
әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, ананың
балаға деген жанашырлық сезімін көрсету, қазақ елінің өткен
тарихына, тұрмыс тіршілігіне назар аударту; дамытушылық
– сұрақтар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың сөз
астарын түсініп оқу қабілеттері мен байқағыштық,
тапқырлық қасиеттерін дамыту және теориялық білімін
нығайту, проблемалық сұрақтарды шешуге баулу; тәрбиелік
– шығарма идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке,
43
өз Отанын сүюге және ананы аялап құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: іздендіру. Типі: бекіту. Әдісі: тест, сұрақ-жауап,
проблемалық сұрақ, эссе. Көрнекілік: жазушы портреті,
кестелер, компьютер. Пәнаралық байланыс: музыка,
тарих, қазақ тілі.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру.
Оқушыларды
сабақ
барысымен
таныстыру, жаңа материалдармен құлағдар ету.
Үй тапсырмасын тексеру. Ғабиттің өмірі мен
шығармаларынан құрылған тест сұрақтары арқылы
білімдерін тексеріп қорытынды жасау.
Сабақтың негізгі бөлімі.
Қызығушылығын ояту. «Ана» әнін тыңдатып, ана
бейнесін бір сәт көз алдарына елестету.
Ойқозғау. Міржақып Дулатовтың «Кім, балалар, сен-
дерді сүйетұғын?» деген өлең жолдарын оқи отырып,
оқушыларды ойландыру.
(Балалар көздерін жұмып отырып ойланады).
Мына сұрақтар бойынша ойларын айтып шығады:
1. Көз алдарыңа ең жақын адамды елестетіңдер.
2. Кім қандай ой (кім туралы) ойлады? ) 3. «Ананың анасы»
әңгімесінің тақырыбы не деп ойлайсыңдар? Айтайын деген
ой қандай?
Оқушылар әңгімені алдын ала оқыған, мәтін не туралы
екенін ой елегінен өткізеді. Сыныпты екі топқа бөліп,
әңгіменің мазмұнын айтқызу.
Әңгіменің желісі бойынша екі топқа сұрақтар
(үлестірмелер) беріп, әңгімеден мысал келтіру.
№1. Баяндау деген не? Әңгімеден мысал келтір.
№2. Әңгімелеу деген не? Әңгімеден мысал келтір.
№3. Әңгіме неге “Ананың анасы” деп аталған?
№4. Ғабит Мүсірепов М.Горькийдің қай әңгімесіне
44
аударма жасады?
№5. Суреттеу деген не? Мысал келтіріп айт.
№6. Диалог деген не? Мәтіннен мысал келтір.
№7. Бұл әңгімеге өзің қалай ат қояр едің?
№8. Аңыз дегенді қалай түсінесің? «Ананың анасы»
аңызға жата ма?
№9. Монолог деген не? Әңгімеде монолог кездесе ме?
Әңгімені құрылысына талдау.
Жалпақ палуанның
Ергенекті елін шабуға
аттануы.
ӘҢГІМЕНІҢ
БАСТАЛУЫ
Қалың жылқыны
барымталап айдап келе
жатуы.
ДАМУЫ
Тезек арқалап келе
жатқан қызды олжа-лап
аттарына мінгес-тіріп
алуы.
Қыздың әкесінің мерт
болуы, анасының
барымташылардың
алдынан шығуы.
БАЙЛАНЫСУЫ
Кейкі үкімімен қызды
шешесімен бірге
күңдікке алып кетуі.
ШИЕЛЕНІСУІ
Жалпақ балуанның ана
мен қызына бостандық
беруі.
ШАРЫҚТАУ
ШЕГІ
ШЕШІМІ
ҚОРЫТЫНДЫ
Әйелді атттандырған
Жалпақ балуанның
құлауы, оны елге
жеткізуі.
45
Кейіпкерлерді атап айтып, дәптерлеріне жаздыру.
Сабақты қорыту. «Ананың анасы» әңгімесі бойынша
талдау жасадық. Ана мен қызының барымташылардың
олжасы болып, өмірлері күңдікпен өткендіктерін білдік.
Енді бүгінгі күні ондай келеңсіздік жақтар бар ма, жоқ па,
оған проблемалық сұрақ қою арқылы «Әйел-ана» бейнесі
тақырыбындағы пікірталасқа екі жақ болып қатысып, сөз
таластыра отырып жетеміз.
Проблемалық сұрақ бойынша ұйымдастыру.
Қарсы топ /3 минут/. Жақтаушы топ /3минут/.
Тақырып: «Бүгінгі күнгі қоғамдағы аналар бейнесін
сомдау».
- Балалар, ең жақынымыз анамызды, туыс-туғаны-
мызды құрметтеп, қастерлеп жүруіміз керек.
КЕЙІП-
КЕРЛЕРІ
Бала би
Қыз
Байсары
Қайрақ
жылқышы
Жалпақ
балуан
Әйтілес
Сарыбай
Күлтеке
Ана
Кейкі
Рамазан
саудагер
Молда
Жанай
балуан
46
Демек, ақын Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін
тыңдап сабағымызды аяқтасақ деймін...
Үйге тапсырма: «Ана – сарқылмас күш» (ойтолғау жазу).
Оқушылардың білімін бағалау.
Балия ЖУЛАЕВА,
М.Құсайынов атындағы
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған облыстық
мектеп-интернаттың мұғалімі.
Ақтөбе қаласы.
МАҒЖАННЫҢ «БАТЫР БАЯН»
ПОЭМАСЫ
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – Мағжан Жұмабаевтың
«Батыр Баян» поэмасынан алған білімін жинақтап, берілген
зерттеу нысандары арқылы оқушы білімін бағалау;
дамытушылық – оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту, іздену-зерттеушілік, талдау-сараптама жасауға
жетелеу, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру;
тәрбиелік –
Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдік,
адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Түрі: зерттеу-конференция сабағы. Әдісі: баяндау,
сұрақ-жауап, талдау. Көрнекілігі: «Батыр Баян» поэмасына
байланысты слайдтар, сызба, кинодан үзінді роликтер.
Пәнаралық байланыс: тарих, мәдениеттану, тіл, география.
Сабақтың барысы.
Достарыңызбен бөлісу: |