65
қызығушылар қоғамының хатшысы ретінде атқарған
жұмыстарын баса айту керек. Өйткені осы жұмыстар
нәтижесінде Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы»
повесі, «Қилы заман» тарихи повесі және «Талап»
қоғамының 1924 жылғы 10 қаңтардағы жалпы жиналысында
жасаған «Қазақ-қырғыз әдебиетінің ілгері басқан дәуірлері»
[ҚазР ОМА, 693-қор, 1-тізбе, 9-іс] атты ғылыми баяндамасы
дүниеге келді. Ғалымның осы жылдардағы ғылыми-зерттеу
жұмыстарына қатысты ғылыми дерек көздеріне сілтеме
жасаған «Жизнь и деятельность казахской национальной
интеллигенции в Туркестане» атты еңбектің (Сборник
документов и материалов. Шымкент, 2004) І бөлімінде:
«3). В апреле 1923 г. составлен список лиц, назначенных в
экспедицию, снареженную киргизкой научной комиссией
при ГУС-е в разные области Туркреспублики для собрания
этнографического и исторического, лингвистического и
др. материалов. В составе её и 6 человек зачислен и член
редколлегии журнала «Шолпан» М.О.Ауезов. Вместе с
ним в состав экспедиции вошли М.Джумабаев – член КНК,
С.Османов – научный сотрудник КНК, Д.Досмухамедов
– юрист, студенты 3 курса Казинпроса Б.Данияров,
С.Баймаханов.
4) В ТГА сохранился любопытный документ объемом
в одну машинописную страницу, кратко озаглавленный
«Ответы». В нём характеризуется «Общество ревнителей
киргизской культуры «Талап» при ТуркГУС-е. Цели общества
содействовать культурному развитию Киргизского народа
путем: а)разработки вопросов киргизского культурного
языка, терминологии, орфографии и др; б) изучение
национального искусства; в) изучение истории и быта
народа; г) разработка вопросов преподавания в киршколах;
66
д) оказание помощи киргизским научным работникам и
деятелям киргизского искусства.
В ответах указывается, что в обществе 103 члена и
перечислено правление из 7 человек, в составе которого
и М.О.Ауезов» [19-20-б.] деп бұл жайлар сараланып
көрсетілген.
Осы орайда бір ескеретін мәселе, Мұхтар Әуезовтің
біз жоғарыда атаған повестері 1927 және 1928 жылдары
жарыққа шықты. Ал жазушының ғылыми экспедицияларға
қатысуы 1923 жылмен шектелмейді. Ол 1924 жылы да
Жетісу губерниясының Алматы, Жаркент өңірлерін аралап,
фольклорлық, этнографиялық материалдар жинағаны бел-
гілі. Кейін де бұл істен шет қалған емес. Жалпы, М.Әуезов-
тің фольклортану саласындағы еңбектері қос арнада қатар
жүргізілген:
1. Фольклорлық мұраларды арнайы зерттеген ғылыми
еңбектер;
2. Халық мұрасын өз шығармаларында суреттеген
көркем туындылар.
Осылардың алғашқысына 1923 жылы Ленинградқа
оқуға аттанғанға дейінгі кездегі жазылғандарына
«Ардақты оқушы: Сөз басы», «Қазақ әдебиетінің қазіргі
дәуірі», «Қазақтың қалам қайраткерлеріне ашық хат»
еңбектері жатса, соңғысына жазушының барлық көркем
туындыларындағы
қазақ
халқының
салт-дәстүріне
қатысты суреттеулері жатады. Мұның ішінде жоғарыда
аттары аталған туындылар да бар. Мысалы: «Роман
материалдарын көріп, деректер жиып, болған уақиғаларға
араласқан, көзімен көрген адамдармен әңгімелесіп келген
қаламгер» [З.Бисенғали. «Қилы заман» романының жанры
туралы // Кітапта: Мұхтар мұрасы (ғылыми мақалалар мен
67
зерттеулер). Құр.: Ш.Ыбыраев, С.Қорабаев. А., «Қазақстан»,
1997, 90-б.] «Қилы заман» тарихи повесінің құжатты
негіздерімен сол 1923 жылдан-ақ таныс болғандығын
мұхтартанушы ғалым Е.Күзембаев «Қазақ зиялылары мен
әдебиетті сүйер қауым редакцияға жиналып, «Шолпан»
жұрналындағы жарияланған әрбір жаңа шығарманы қызу
талқылаумен қатар қазақ елінің болашағын, оның әдебиеті
мен мәдениеті жайлы пікір алмасып отырған. Тұрар да
уақыт тауып, осылардың бел ортасынан табылатын. Сәті
түскенде, әкесі Жылқайдарұлы Рысқұлдың басынан
кешкен шытырманды уақиғасы мен өзінің де талай-талай
өлімнен қалған шақтарын Тұрардың өз ауызынан естігенде
Мұхтар күрсіне де құшырлана, талай-талай тыңдаған.
Рысқұлдың тағдыры Мұхтарды қатты қызықтырған.
Шығарма сюжетіне арқау етуге тілек білдірген. Тұрар әкесі
Рысқұлдың қылмысты ісін тауып беруге уәде еткен. 1923
жылы наурызда Жетісу облысының Революциялық
Трибуналының
Председателіне
әкесі
Рысқұл
Жылқайдаровтың сот ісі туралы архив материалдарын
тауып, Ташкентке жолдауын өтініп хат жазады.
Мұхтар Әуезов бұл істі 1923 жылы көктем айында оқып,
танысып шыққан. Рысқұлдың суретін көріп, оның бет-пішіні,
бойы, тағы да басқа ерекше белгілерін қойын дәптеріне
түсіріп алған» [Тұрар Рысқұловтың 110 жылдығына арнал-
ған халықаралық ғылыми конференцияның материалдары //
Түркістан, «ХҚТУ» баспасы, 2005, 127-б.] деп жазған.
Жас зерттеуші азаматтың ғылым айдынындағы
алғашқы қалам сілтесінен-ақ байқалған терең білімнің
бастау көздері, оның молаю, кемелдену үрдісінде таш-
кенттік әдеби, ғылыми ортаның ықпалы зор болды.
Достарыңызбен бөлісу: |