«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет16/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34

61
Кіндік  комитетінің  тілі  «Шолпан»  жұрналының  басқарма 
мүшесі  және  1922  жылы  Түркістан  мемлекеттік  ғылыми 
кеңесінің  жанынан  құрылған  қазақ-қырғыз  мәдениетін 
көркейтушілердің  «Талап» қоғамының мүшесі болды.
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырбаянын жазуда 
ғұламаның  Орта  Азия  мемлекеттік  университетіндегі 
оқыған  кезеңін  университет  тарихымен  терең  байланыста 
зерттеген  көрнекті  ғалым    Мекемтас  Мырзахметұлының 
деректері  бойынша  [Архив  НКЦ  «Дом  Ауезова»,  п.628, 
л.4.,  315-318]  қарастырсақ,  Орта  Азия  мемлекеттік 
университеті 1919 жылы 30 тамызда Түркістан Мемлекеттік 
университеті  деген  атпен  ресми  түрде  ашылған.  РСФСР 
Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  1920  жылы    7  қыркүйекте 
шығарған  Декретіне  сай  университет  РСФСР  Халық 
Комиссарлар  Кеңесінің  қарауына  өткен.  Үш  айдан  соң  22 
желтоқсанда    Түркістан  АССР-ының  қарауына  алынып, 
жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылған.  Университет 
атауы  1923  жылы  17  шілдеде  Орта  Азиялық  Мемлекеттік  
Университет  деп  өзгертілген.  Оның  ректорлары  болып  әр 
жылдарда    А.Ф.Солькин,    А.А.Знаменский,  В.Городецкий 
тағайындалған.  1930  жылы  университетте  алты  факультет 
болып, ондағы қазақ оқытушылары 28, аспиранттар 11 адам 
болған. Соның бірі – Мұхтар Әуезов. Кейін осы университет 
базасында  Өзбек мемлекеттік  университеті құрылған.
Осы Орта Азиялық мемлекеттік университетінің жанынан 
Бүкілодақтық  Орталық  Атқару  комитетіне  қарасты  Ленин 
атындағы Орта Азиялық коммунистік университеті ашылған. 
Мұхтар Әуезов  1929 жылы Ленинград университетін біті-
ріп  келген  соң  осы  партиялық  оқу  орынында  Ташкенттегі 
Қазақ  Халық  Ағарту    институтының  директоры    Сәкен 
Сейфуллиннің    бұйрығымен    орыс  және  қазақ  әдебиетінің 


62
тарихынан сабақ берген.
Мұхтар  Әуезов  осы  университеттің  еркін  тыңдаушысы 
бола  жүріп,  алғашқы  әдеби-зерттеу  еңбегі  «Манас» 
жырының зерттелу жайы жөнінде  Түркістан республикасы 
зиялыларының  алдында  баяндама  жасайды.  Мәжіліске 
қатысқан  зиялылар  мен  ғалымдар  баяндаманың    ғылыми 
мәні мен деректік негіздерінің толымдылығына ризашылық 
білдіріп,  осы  тақырыпты  ізденушінің  келешекте  терең  де 
жан-жақты  қарастыруына  тілектестік  білдірді.  Сол  жылы 
Орта  Азиялық  мемлекеттік  университетінің  қоғамдық 
ғылымдар  факультетінде  өзі  таңдаған  мамандық  бойынша 
оқу бөлімінің болмауы себепті ол 9 мамырда университет-
тен  кетіп,  сол  жылдың  1  қазанынан  бастап  Ленинград 
мемлекеттік  университеті қоғамдық ғылымдар факультетінің  
тіл-әдебиет  бөлімінің  орыс-славян  секциясына  оқуға 
түседі.  Бұл  жайлы  төмендегі  құжаттарда  нақты  деректер 
берілген.  Оларда:  «9-мая.  Мұхтар  Әуезов  выбыл  из  числа 
студентов  факультета  общественных  наук  Туркестанкого 
государственного университета ввиду отсутствия в составе 
факультета  избранной  им  специальности»  [Сонда],  «1 
оқтября  М.  Ауезов  поступил    на  факультет  общественных 
наук,  литературно-лингвистического  отделения  ЛГУ»  [Гос. 
архив Ленинградской области, л.36] делінген.
Ленинград университетіне ауысқанға дейінгі  бір жылға 
тақау уақыттағы  Орта Азиялық  мемлекеттік университетінің  
М.Ф.Гаврилов,  А.А.Семенов,    А.Э.Шмидт    сынды  оқы-
тушылары,  Т.Рысқұлов,    С.Қожанов,    И.Тоқтыбаев, 
Ғ.Мұратбаев,  Н.Төреқұлов,    С.Есқараев,  т.б.  ел  басқарған 
азаматтар, «Шолпан», «Ақ жол» газет-жұрналы төңірегіндегі 
қаламгерлер  Мұхтар Әуезовтің ташкенттік әдеби ортасын 
құрады. Осы орайда тағы бір айта кететін жайт: бүгінгі Абай 


63
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізі 
Қазақ Халық Ағарту институты (1926 жылдың 29 қазанынан 
бастап «Каз ПедВуз» болып қайта құрылған) мен Ташкент 
Орман  шаруашылығы  техникумының  азаматтарымен  де  
Мұхтар  Әуезов  тығыз  қарым-қатынаста  болған.  Мәселен, 
атақты  фольклортанушы  ғалым  Әуелбек    Қоңыратбаев 
«Ташкенттегі кездесу» атты естелігінде Шығыс жастарының 
көшбасшысы    Ғани  Мұратбаевтың    ұсынысымен    Мұхтар 
Әуезовтің  жаңа  жазылған    пьесасының  ташкенттік  ортаға 
танылу  тарихын  былайша  суреттеп  жазған:  «Ғанидің 
бастамасымен    Мұхтар  пьесасының  тағдыры  шешіліп,  ол 
институт клубында қойылатын болды. Пьесаның премьерасы 
болатын  күні  Ғани  арқылы  көптеген  қызмет  бабындағы 
адамдарды  да  шақырдық,  ұзын-ұзын  тақтайлардан 
орындық жасап, оған Т.Рысқұлов, С.Қожанов, И.Тоқтыбаев, 
Ғ.Мұратбаев,  Н.Төреқұлов,  С.Есқараевтарды  отырғыздық. 
Ол  кезде  пьеса  қою  қазаққа  тансық  еді.  Бір-бірімізді 
толықтыра жүріп қойған пьесамыз  жақсы қабылданып, бұл 
бастамамыз қолдау тапты» [Керуен. Деректі әңгімелер мен 
естеліктер.  Құр.:  Т.Қоңыратбаев.  А.,  «Жалын»,  1989,  149-
б.].  Ал  Қазақ  ССР  Министрлер  Кеңесінің  төрағасы  болған 
Нұртас  Оңдасынов  Мұхтар  Әуезовтің  Ташкент  Орман  
шаруашылығы    техникумы  жастарымен  қарым-қатынасын 
оның педагогикалық қызметімен байланыста «Біз Абаймен 
көп жұрттан бұрынырақ және тереңірек таныстық. Абайды 
дұрыс  түсінуімізге    ұстаздарымыздың  сабақтары  тікелей 
септігін  тигізді»  [Үлкен  ұстаз  //  Қазақстан  әйелдері,  1987, 
№8] деп еске алады.
Мұхтар  Әуезовтің    1922-1923  жылдардағы  ғылыми-
зерттеушілік,  мәдени-ағартушылық,  педагогикалық,  әдеби-
публицистикалық  еңбектерін  ташкенттік  әдеби-ғылыми 


64
ортамен байланыста сараласақ, ең алдымен, оның бес жылға 
таяу  уақыттағы  ел  басқару  ісінде  қол  үзіп  қалған,  білім, 
ғылымға  деген  ыстық  ынтықтығынан  басталған  ғылыми-
зерттеушілік еңбегі көзге түседі. Бір ғажабы, сол жылдарда-
ғы  қазақ  жеріндегі  барлық  рухани  орталықтардағыдай, 
Ташкенттің  зиялы  қауымы  да  басшылық,  қоғамдық, 
ғылыми,  педагогикалық  істерді  қатар  атқарған.  Мұстафа 
Шоқай,  Мұхамеджан  Тынышбаев,  Тұрар  Рысқұлов, 
Сұлтанбек  Қожанов,  С.Лапин,  Н.Төреқұлов,  С.Сейфуллин, 
С.Асфандияров, М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  И.Тоқтыбаев, 
Х.Досмұхаммедов,    Ғ.Мұратбаев,  Т.Жүргенов,  С.Айзунов, 
Қ.Ходжанов,  Х.Болғанбаев,  З.Иманжанова,  К.Жәленов, 
Ф.Ғалымжанов  сынды  азаматтар  басшылық,  қоғамдық 
жұмыстармен  бірге    Ташкенттегі  оқу  орындары  мен 
ғылыми  орталықтарда  ғылыми-педагогикалық  қызметтерді 
қоса істеді. Осы ортаға түскен Мұхтар Әуезов те бір жағы              
шәкірт,  бір  жағы  ізденуші-зерттеуші  болып  қос  тізгінді 
бірдей қолға алған. 
Үлкен  ғылым  ордасы  Ленинградтағы  мемлекеттік 
университетте  оқуына  септігі  тиген  ғалымның  алғашқы 
еңбектерінің  бірі  «Манас»  жайлы  1923  жылы  Түркістан 
Республикасының  Тұрар  Рысқұлов,  Сұлтанбек  Қожанов, 
Әбубәкір  Диваев  және  т.б.  зиялы  қауым  өкілдерінің 
алдында  жасаған  баяндамасынан  тыс,  Ташкенттегі 
ғылыми-зерттеу  жұмыстары  қатарына  Түркістан  Халық 
ағарту  Комиссариатына  қарасты  Мемлекеттік  Ғылыми 
кеңестің шешімімен 1923 жылы көкекте құрылған тарихи-
этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинауға 
арналған  қазақ  ғылыми  комиссиясының  мүшелігіне 
сайлануы    мен  Мемлекеттік  Ғылыми  кеңес  қасынан  1922 
жылы  4  желтоқсанда  ашылған  «Талап»  қазақ  мәдениетіне 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау