«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет3/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

7
фактор болып отыр. Сондықтан мұғалімдер алдында тұрған 
міндет – жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру. 
Ұстаз бүгінге емес, болашаққа қызмет істейді. Білім – ұлттың 
ақыл-ойы  мен  ерік-жігерін  қалыптастырушы  күш.  Жалпы 
білім  беретін  мектептің  басты  мақсаты  –  дара  тұлғаның 
дамуына  мүмкіндік  жасау.  Бүгінгі  заман  талабы  іскер, 
белсенді, қандай жағдайда болсын өздігінен шешім жасап, 
жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр.
Оқушылар  білімін  тексеру  мен  бағалаудың  мемлекеттік 
маңызы зор. Мектептің, мұғалімнің жұмысын білімді басқару 
органдары  оқушылардың  үлгеріміне  қарап  бағалайды. 
Оқушылардың  білім,  іскерлік  дағдылары  мемлекеттік  оқу 
бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Бағдарламаны меңгерту 
–  білімді  бағалаудың  негізгі  өлшемі.  Білімді  тексеру  – 
оқушылардың жұмысына педагогикалық бақылау жасау.
Оқытудың  қазіргі  технологиясында  оқушылар  білімін 
тексерудің күнделікті бақылау, аралық бақылау, қорытынды 
бақылау  сияқты  үш  құрамды  бөліктен  тұратын  кешені 
қолданылуда. Күнделікті бақылау арқылы оқушылар білімін 
тексеру  сабақ  үстінде  жүзеге  асып  отырады.  Бақылаудың 
бұл  түріне  ауызша  сұрау  әдісі  жатады.  Оқушылар  білімін 
тексеруде  бұл  жиі  қолданылады.  Бұл  әдіс  арқылы  мұғалім 
оқушыларға  оқылған  материал  бойынша  сұрақ  беріп, 
жауаптарын  бағалап,  материалды  қаншалықты  деңгейде 
меңгергендігін анықтайды. Ауызша тексерудің жетілдірілген 
түрі – жаппай тексеру. Мұғалім материалды ұсақ бөліктерге 
бөліп, сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін анықтауға 
мүмкіндік алады. Жазбаша сұрау парақтарына, кәртішкелерге 
10-12  минут  ішінде  орындалатын  тапсырмаларды  жазады. 
Жауаптардың қорытындыларын сынып жұрналына белгілеп, 
бір  сабақта  көп  оқушының  білімін  бағалауға  болады. 
Бұл  жалпы  білім  беретін  мектептің  негізгі  және  жоғары 


8
сатыларында  білімді  тексерудің  негізгі  әдістерінің  біріне 
айналды.  Аралық  бақылау  оқу  материалдарының  белгілі 
бір  бөлімін  немесе  тарауын  өткеннен  кейін  жүргізіледі. 
Қазақ  тілінен  лексика  немесе  фонетиканы  өткеннен  кейін 
сынақ  тапсырмаларын  орындайды,  математикадан  есептер 
шығарады, тіл мен әдебиеттен диктант, мазмұндама, шығарма 
жазылып, физика, химия, биология пәндерінде зертханалық, 
тәжірибелік  жұмыстар  жүргізіледі.  Қорытынды  бақылау 
әр  жартыжылдықта  сынақ  түрінде  өткізіледі.  Сонымен 
қатар  өзін-өзі  бақылау  –  оқушылардың  оқу  жүйесінің 
маңызды элементі. Үй жұмысына оқушының өзі тексеретін 
тапсырмалар беріледі: мәтіннің жоспарын құру, жоспармен 
негізгі ойды баяндау, сұрақтар құру, жауаптар дайындау. 
Оқушылар білімін тексерудің бір түрі – емтихан (сынақ) 
түрінде алдын ала дайындалған сұрақ-тапсырмалар бойынша 
өткізіледі.  Емтихан  –  мұғалімнің,  мектептің  жұмысына 
мемлекеттің  бақылау  жасау  құралы.  Емтихан  оқушылар 
білімін қорытындылап, жүйелеуге көмектесіп, оқушыларды 
саналы тәртіпке үйретеді, оқуға ынталандырады. Оқушылар 
білімін  тексеруде  жиі  жүргізілетін  әдіс  –  тест.Тестілеу 
–  білімді  меңгеру  деңгейін  анықтау  үшін  қолданылатын 
тапсырмалардың  жиынтығы.  Үлгерім  тестілері,  жетістікті 
тестілеу  –  оқушының  оқыту  және  тәрбие  арқылы  қандай 
деңгейге  жеткенін  анықтау.  Тестілеу  нәтижесінде  оқушы 
біліміндегі  олқылықтарды  жоюға  бағытталған  жұмыстар 
жүргізіледі. Оқушы білімін тексеру жолдары көп. Күнделікті 
тексеру,  өтілген  материалдарды  қайталау  арқылы  тексеру, 
мезгіл-мезгіл  тексеру,  тоқсан  сайын  тексеру,оқу  жылы 
соңындағы тексеру. Оқушы білімін тексеріп, бағалап отыру 
оның  тиянақты  білім  алуына  көмектеседі.  Егер  білімді 
тексермесе,  оқушы  өз  білімін  терең,  жан-жақты  анықтай 
алмайды.  Оқушы  білімінің  жүйелілігі  мен  тұрақтылығын 


9
қамтамасыз  ететін  тиімді  тәсіл  –  қайталау.  Қазақ  тілі 
сабақтарында оқушыларға тиянақты білім беру мақсатында 
әр  алуан  жұмыс  түрлері  жүргізіледі.  Қайталау  –  оқу 
үдерісінің қажетті бөлімі. Солай болғандықтан жаңа сабақты 
түсіндіруде де, өткен сабақты сұрау және пысықтауда, үйге 
берілген  тапсырма  жұмыстарында  да  қайталау  араласады. 
Сабақ басында жүргізілген қайталау оқушылардың білгенін 
еске  түсіреді  де,  білгендері  саналарына  қайта  оралады, 
білімі бұрынғыдан гөрі беки түседі, сөйтіп олардың ұмытып 
қалмау мүмкіндігін жасайды.
Жаңа  материалды  түсіндіруде  де  қайталау  тәсілі 
қолданылады.  Мұғалім  жаңа  материалды  бір  рет  қана 
айтумен  шектелмейді,  жаңа  түсінікті  жаттығу  арқылы 
еселей түседі, анықтама ережені бірнеше оқушыға қайталап 
айтқызады. Мұндай қайталау оқушыға материалды саналы 
игеру  мүмкіндігін  жасайды.  Білімді  жетілдіре  түсуде 
қайталау  –  ең  тиімді  тәсіл.  Жаңа  материалды  пысықтау 
кезінде  қайталау  жолымен  алынған  ұғым  бекітіле  түседі. 
Бұрынғы білімдері кеңейтіле дамытылады. Оқушыға сабақ 
материалын  түсініп  қабылдауға  жол  ашылады,  ұғыну 
жеңілірек  болады.  Қайталау  жұмысы  нәтижелі  болу  үшін 
үйге  тапсырма  беру  әдістемесі  де  шешуші  орын  алады. 
Үйге  берілетін  тапсырма  –  сыныпта  өтілетін  сабақтың 
жалғасы,  қайталау  жолымен  жүзеге  асырылатын  келесі 
сабақтың  бастамасы.  Сондықтан  тапсырманы  оқушылар 
жете түсінетін болу керек. Тапсырманы қалай орындау үлгісі 
сыныпта көрсетіліп, оқушылар ол жұмысты үйде аяқтайды.
Қайталау мен білім тексерудің арасында үлкен байланыс 
бар,  өйткені  оқушылардың  білімін  тексеру  кезінде  де     
материал  қайталанады.  Ал  қайталау  оқушылар  біліміндегі 
олқылықты  анықтауға  мүмкіндік  береді,  білім  тексеру 
кезінде  байқалған  олқылық  орынын  қайталау  орынымен 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау