В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет50/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65

116 
бірдей. Соған қарамастан білім алушылардың көп бөлігі Калифорниядан келеді. 
Мемлекеттік  университеттердің  басты  миссиясы  штаттың  дамуын  қамтамасыз 
ету  болғандықтын  жергілікті  студенттердің  оқу  ақысында  белгілі  бір 
жеңілдіктер  қарастырылған.  Нью-Йорк  штатының  университеті  АҚШ-тағы  ең 
үлкен  мемлекеттік  университет.  Мұндай  саясат  АҚШ-тағы  жоғары  оқу 
орындарының барлығында жүзеге асырылады. 
Колумбия  университеті  -  АҚШ-тағы  озат  кеңінен  танымал  жеке  меншік 
университеттердің  бірі.  Университеттердің  жалпы  ұлттық  рейтингінде  2007 
жылы  тоғызыншы  орынды  иемденді.  Ал  әлеуметтік  ғылымдар  саласында 
үшінші  орын,  құқықтық  пәндер  бойынша  екінші  орында.  Онда  Нобель 
сыйлығының жетпіс алты лауреаты еңбек еткен. 1996-2006 жылдар аралығында 
университеттің  он  бес  қызметкері  Нобель  сыйлығының  иегері  атанды.  Жыл 
сайын  медицина  және  медициналық  технология  аймағында  жүз  жетпіс  бес 
инновация  университет  қабырғасынан  шығып  жатады.  Алты  жүздей  патент 
компаниялармен  жүзеге  асырылуда.  Басқа  да  зерттеу  университеттері  секілді 
мұндағы  ғылымға  бөлінген  қаржының  ауқымдылығы  профессорлар, 
аспиранттар  мен  студенттерді  іргелі  зерттеулер  мен  қолданбалы  өңдеулерге 
тартумен түсіндіріледі.  
Ұлыбританиядағы  реформаны  талдау  қаржылық  ресурстарды  басқару 
саласында  университеттердің  өз  еріктілігінің  артқанын  және  жоғары  оқу 
орындарының  коммерциялануға  айқын  бағытталғанын  көрсетті.  Қазақстанда 
өткізіліп жатқан нарықтық өзгерістер шет ел оқу орындарының тәжірибесіндегі 
қосымша  табыс  алу  ұстанымдарын,  әдістерін,  тәсілдерін  және  оларды 
инновациялық  әзірленімдерге  пайдалануды  Қазақстанның  өзіне  үлгі  етіп  алу 
қажет.  Оксфорд  университетінің  тәжірибесі  әсіресе  үлгі  болуға  лайық.  Мұнда 
кәсіптік  мүдделері  бойынша  келесідей  болатын  (шартты  түрде)  тұлғаларды 
шығарады: а)жеке тұлға- инновацияшы; ә)жеке тұлға - кәсіпкер; б) жеке тұлға-
өндіруші. 
Шведтік Халмер технологиялық университеті инновациялық әзірлеме мен 
менеджмент  бөлімі  инновациялық  инкубатормен  бірлесе  отырып,  аймақтық 
инновациялық  нарық  пен  инновациялық  кәсіпкершілікті  дамытуға  ықпал 
жасауды жүзеге асырады. 
Қазақстанда университеттердің инновациялық әрекетінің бірнеше жылдық 
тәжірибесі  ондағы  маңызды  мәселелерді  бөліп  қарастыруға  мүмкіндік  береді, 
мәселенің  болуы  университет  әрекетін  жетілдіруге  бағытталған  күштің 
тиімділігін төмендетіп отыр. 
Университеттердің  осы  орайда  төрт  типін  бөліп  қарастыруға  болады: 
енжар-бейімделгіш, белсенді-бейімделгіш (жағдаяттық), озық (көшбасшы) және 
өзгермелі. 
Университеттердің  инновациялық  әрекетіне  жасалған  талдауға  сүйене 
отырып, инновациялық белсендігі жоғары мекемеге былайша сипаттама беруге 
болады: 
- ондағы мәселелер айқындалып, оны шешу жолдары да бірізділікке түседі; 
- барлық іс-әрекеттеріне деңгей бойынша сапалы талдау жасалады; 


117 
- үнемі даму, ізденіс үстінде болады; 
-  әр  оқытушы-профессорлық  құрам  өз  жұмысын  жетілдіруге  бағытталған 
әдістерді іздестіріп, тапқан жаңалықтарымен ұжымда талқылау жүргізеді; 
-  басшылыққа  университеттің  жұмысын  арттыру  мақсатында  оқытушы-
профессорлық құрам өзінің үздік ұсыныстарын жеткізеді; 
-  ғылыми  конференция,  семинар,  кездесулерге  белсенді  қатысып,  өз 
пікірлерін баяндап отырады, сол арқылы тиімді тәжірибе алмасады; 
-  университетте  педагогикалық  үдерісті  жүзеге  асыруға  барлық  жағдай 
жасалынады; 
-  әдіснамалық  семинарларда  ғылымның  соңғы  нәтижелері  талқыланып, 
басқа да үлгі тұтарлық мекемелердің озық тәжірибесі жиі ортаға салынады; 
-  университетаралық  және  халықаралық  байланыстар  белсенді  жұмыс 
атқарады және т.б. 
Университеттердің жаңашылдықты іздеуі, бағалауы және талдануы жүзеге 
асырылу  барысында  ғалымда  (В.С.  Лазарев  және  т.б.)  негізгі  төрт  мәселені 
бөліп қарастырды: 
1. Жаңа  ғылыми  өңдемелер  мен  озық  тәжірибе  туралы  ақпараттың 
қолжетімділігі.  Мұнда  тек  жаңашылдық  туралы  білу  емес,  оны  бағалауға, 
қажетті  шешім  қабылдауға,  оны  енгізу  немесе  бас  тартуға  қажетті  толық 
мәліметтің болуы маңызды. 
2. Жаңашылдықты  бағалау  мен  шешім  қабылдау  тетігінің  әлсіздігі. 
Жаңашылдықты  ендіру  немесе  енгізбеу  туралы  шешім  басшылықтың 
құзырында, ал мұнда үстірт көзқарастың деңгейі өте жоғары болуы мүмкін. 
3. Университеттің  даму  жолын  іздестіруде  оқытушылардың  ынтасының 
төмендігі. 
4. Университеттің  білім  беру  жүйесінің  мүмкіндіктерін  іздестіру  мен 
бағалауда қатыстыру тетігі мен оны ұйымдастыру деңгейінің төмендігі. 
Осылайша,  тәжірибені  талдау  көрсетіп  отырғандай  университеттердің 
инновациялық  әрекеті  жоғарылап  келеді.  Алайда,  жалпылама  қарастырсақ, 
көптеген  университеттердің  өзін  дамытуға  қабілеттіліктері  жоғары  емес. 
Университеттердің  инновациялық  әрекет  тәжірибесі,  оның  білім  беру  әрекеті 
сияқты жетілдіруді талап етеді. 
Қазақстан  тәуелсіздік  алған  жылдарда  әлемдік  қоғам  мойындаған 
әлеуметтік,  саяси  жағынан  дамушы  ел  ретінде  танылды.  Енді  мемлекет 
дамудың  жаңа  сатысын  бастады.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  бастауымен 
индустриалды-инновациялық  дамуы  бойынша  мемлекеттік  бағдарлама  жүзеге 
асырылуда.  Білім  жүйесін  дамытуға,  экономика  саласының  инновациялық 
жаңаруына көңіл бөлінуде. Білім берудің жаңа сапасына көшуде. Қазіргі таңда 
бүкіл  дүниежүзі  бойынша  білім  беру  сапасы  ең  маңызды  мәселе  болып 
есептеледі. 
Мамандар  дайындау  бойынша  Қазақстан  университеттері  жаңа  сатыға 
көтеріліп  отыр.  Біріншіден,  мамандар  дайындау  үшін  ғылымның  соңғы 
жетістіктеріне негізделген бағдарлама дайындалу қажет. Ел университеттерінде 
іргелі,  қолданбалы  ғылыми  жетістіктер  жеткілікті.  Инновация,  ғылыми 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау