В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет47/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65

108 
 
 
 
-   
-   
-   
 
 
-   
-   
-   

 
 
-   
-   
-   
-   
-   
-   
-   
-   
-   
-   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 6 – Зерттеу университеті педагогының тұлғалық сапалары 
 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  кәсіптік  даярлау  өзіндік 
ұстанымдарға сүйенеді: 
1. Даярлықтың  іргелілігі.  Оқу  жоспарына  психологиялық-педагогикалық, 
әдістемелік  пәндердің  толық  базалық  циклін,  сәйкес  және  жеткілікті  деңгейлі 
қиындықтағы оқу және тәжірибенің енгізілуі жүзеге асады.  
2. Даярлықтың  бағдарлануы.  Болашақ  мамандардың  өзінің  келешек 
кәсіптік  қызметіне  бағдарлануы,  оның  құрылымын,  бөлімдер  мазмұнын  білуі, 
негізгі ұстанымдарын меңгеріп, жүзеге асыруы ұйғарылады.  
3. Даярлықтың  жүйелілігі.  Болашақ  маманды  жалпы  кәсіптікдаярлауға 
енетін  күрделі  жүйе  және  біртұтас  нысан  ретінде  кәсіптік  даярлықтың 
ерекшелігі  сипатталады.  Аталған  ұстаным  студенттің  жоғары  оқу  орнында 


109 
оқуының  барлық  кезеңі  барысындағы  кәсіптік  даярлығын  қалыптастыру 
бойынша жұмыстың жоспарлылығы мен мақсатқа сәйкестілігін айқындайды. 
4. Даярлықтың 
жан-жақтылығы. 
Болашақ 
маманның 
кәсібіне 
байланысты  түрлі  салада  еңбек  етуге  дайындығын  қалыптастыру  ұйғарылады. 
Бұл  жерде  маманның  бойында  дербестік,  өзбетіндік  жұмыс  әдістемесін 
меңгерген білігі болуы қажет. 
5. Даярлықтың 
ізгіліктілігі
Басқаларға, 
ата-аналарға 
тілектестік, 
құрметтеушілік  қатынасты  сақтай  отырып,  ол  өмір  сүретін,  оқитын  ортаға, 
табиғатқа,тарихқа  ықыласты  қатынасты    сақтай  отырып,  ынтымақтастық 
деңгейінде оқыту  жүзеге асырылады.  
Рухани-адамгершілік  және  материалдық  құндылықтарға  үйлесімді 
қатынасқа ие болашақ маманды қалыптастыру мақсат етіледі. 
6. Даярлықты  ізгілендіру.  Даярлық  мазмұнына  рухани  құндылықтармен 
танысуды енгізу, әр студенттің танымдық қажеттілігін қанағаттандыру, кәсіптік 
іс-әрекетіне байланысты гуманитарлық пәндерді қамту ұйғарылады.  
7. Даярлықтың  толықтығы.  Мамандықтың  жаңартылған  мемлекеттік 
білім  беру  стандартында  берілген  «Маманды  кәсіптік  даярлау  талаптарына» 
сәйкестілігі қарастырылады. 
8. Ғылыми-теориялық  және  тәжірибелік  бағыттылығы.  Оқу  пәндері 
ғылыми  және  оқу  пәні  ретінде  талданып,  ғылыми  негіздерін  терең  әрі  нақты 
білуге  бағдарланады.  Әдістемелік  біліктер  мен  оқыту  әдістерін  өңдеу  үшін 
арнаулы  пәндерді  оқытудың  мазмұндық  және  процессуалдық  аспектілерін 
қолдану жүзеге асырылады.  
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  оқытушысының  инновациялық 
мәдениетін  арттыру  жағдайына  ғылыми-әдістемелік 
жұмыс  жатады 
(кафедрадағы,  зерттеу  топтары  және  т.б.),  озық  педагогикалық  тәжірибе  мен 
педагогикалық инновацияның ғылыми талдауы, психологиялық-педагогикалық 
зерттеулердің  нәтижелерін  кешенді  түрде  ендіру;  коммерциализация,  озық 
тәжірибені 
өндіріске 
ендіру; 
психологиялық-педагогикалық 
түрлі 
теориялардың  өзара  әрекетін  жүзеге  асыру,  мына  сызба  бойынша:  «теория  – 
тәжірибе  –  теория»,  педагогикалық инновациялық әрекет,  зерттеу  жұмыстары, 
халықаралық қаржыландырылатын жобаларға қатысу. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  оқытушысының  инновациялық 
іс-әрекетке  даярлығын  диагностикалау  тәжірибелік-педагогикалық  жұмысты 
бастамас  бұрын  және  аяқталған  соң  анықталып  отырады..  Инновациялық  іс-
әрекетке  даярлығын  анықтау  өлшемдері  ретінде  келесі  көрсеткіштерді 
анықтадық: 

инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін түсіну; 

ЖОО-ның 
тәжірибелік 
жұмысына 
жаңаны 
ендіру 
бойынша 
шығармашылық іс-әрекетке даярлығы; 

инновацияны  ендіруге  бағытталған  әрекетінің  жемісі  болатынына 
сенімділік; 

жеке  мақсаттары  мен  инновациялық  іс-әрекет  мақсаттарының 
сәйкестігі; 


110 

шығармашылық сәтсіздіктерді жеңуге дайындығы; 

инновациялық  іс-әрекеттің  кәсіптік    және  жеке  тұлғалық  мәдениетте 
негізделуі; 

инновациялық іс-әрекетті орындауға технологиялық дайындық деңгейі; 

өткен тәжірибесін инновациялық іс-әрекетте қолдану; 

инновациялық іс-әрекеттің кәсіптік дербестілігіне әсері; 

кәсіптік  рефлексияға қабілеттілік. 
Осы  қисынға  сәйкес,  біз,  аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті 
оқытушысының 
инновациялық 
іс-әрекетке 
даярлығының 
кезеңдерін 
құрастырдық. 
Бірінші  кезең  –  оқытушының  жеке  шығармашылығының  дамуы,  оның 
бойында  педагогикалық  тапсырмаларды  анықтап,  өңдеп,  талдап  және  шешуге 
қабілеттерінің  қалыптасуы,  сонымен  бірге,  шығармашылық  ізденістің  жалпы 
қисынының  дамуы:  бұрын  меңгерілген  білім  мен  біліктерді  жаңа  жағдайларға 
өз  бетінше  ауыстыра  білу,  таныс  жағдаяттағы  мәселені  көре  білу,  объектінің 
құрылымын  анықтау,  шешімнің  және  оның  әдістерінің  баламасын  көре  білу, 
шығармашылық ойлаудың дамуы.  
Екінші  кезең  –  ғылыми  таным  әдіснамасының  негіздерін,  педагогикалық 
инноватикаға  кіріспені  меңгеру.  Оқытушылар  жалпы  және  педагогикалық 
инноватиканың  пайда  болуының  әлеуметтік  және  ғылыми  алғышарттарымен, 
оның  негізгі  түсініктерімен  танысады,  түрлі  дидактикалық  жаңалықтарды 
зерттейді,  жаңа  оқыту  технологияларын  жинақтайды,  түрлі  зерттеу  және 
инновациялық  ЖОО-дардың  негізгі  қайнар  көздерін  зерттейді,  түрлі 
инновациялармен  танысады,  педагогикалық  зерттеу  әдістерін  меңгереді.  Бұл 
кезеңде  педагогикалық  инноватика  туралы  жалпы  түсінік  қалыптасады, 
ақпараттық, инновациялық орталық қалыптасады, дидактикалық мәселелер мен 
қажеттіліктер  өзектендіріледі,  жоғары  мектептегі  инновациялар  мақсаты  мен 
идеялары қалыптасады. 
Үшінші  кезең  -  инновациялық  іс-әрекет  технологияларын  меңгеру. 
Оқытушылар  авторлық  бағдарламаларды  құру  әдістемесімен,  ЖОО-дағы 
тәжірибелік  жұмыс кезеңдерімен танысады, авторлық бағдарламаларды құруға 
қатысады  (ұжымдық  және  жеке),  жаңашылдықтың  ары  қарай  дамуын,  оны 
ендірудегі  қиындықтарды  талдап,  болжам  жасайды,  жеке  пәндерді  оқытуда 
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жобалайды. 
Төртінші  кезең  –  педагогикалық  үдеріске  жаңаны  ендіру  бойынша 
тәжірибелік  аймақта  практикалық  жұмыс  жүргізу,  түзету  жұмыстарын, 
тәжірибелік  жұмыстардың  нәтижелерін  бақылау,  кәсіптік  іс-әрекетке  өзіндік 
талдау  жұмыстарын  жүргізу.  Бұл  кезеңде  оқытушының  инновациялық 
ұстанымы  қалыптасады.  Аталған  кезеңдерді  нақтылау  міндеттерді  шешуді 
қамтамасыз  ететін  әдістер,  тәсілдер  мен  операциялар  технологиясы  болып 
табылады. 
Жоғары оқу орындарының өзгергіш ортасында көшбасшы болып қалу өте 
қиын  және  сондықтан  оған  үнемі  ортаның  сыртқы  факторларына  икемді 
бейімделу  және  өз  әрекетін  үнемі  білім  беру  технологиясына  бағыттап  отыру, 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау