113
Сурет 7 - Инновациялық іс-әрекет диагностикасы
Инновациялық
іс-әрекет
нәтижесінде
педагог
инновациялық
педагогикалық
үдерісті
ұйымдастырушы
ортаның
әсерін
бағалап,
инновациялық үдеріске әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды анықтайды.
Зерттеу университетіндегі инновациялық іс-әрекет инновациялық жүйе
ретінде белгілі бір қызмет атқарады. В.С. Лазаревтың [158, с.20] инновациялық
жүйенің теориялық үлгісінде олардың саны бесеу:
1) педагогикалық жүйені өзгертудің қажеттігін анықтау;
2) педагогикалық жүйенің даму мүмкіндіктерін анықтау;
3) жаңашылдықты өңдеу;
4) өзгерістерді жобалау және жоспарлау;
5) жаңаны ендіру және институализация.
Инновациялық жүйесі дамыған зерттеу университеті өз міндеттерін
салыстырмалы түрде жақсы атқарады, себебі: мәселені анықтауға қабілетті;
университеттің педагогикалық жүйесінің дамуы үшін ондағы мүмкіндіктерді
анықтауға қабілетті; қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне байланысты өзінің
болашағына біртұтас және нақты жобалар құруға қабілетті; өзгерістерді іске
асыруға байланысты жоспарларды құруға және тиімді жүзеге асыруға қабілетті.
Жоғары оқу орны оқытушысының инновациялық іс-әрекетке даярлығын
құрайтындар:
– сол іс-әрекетке қатысу түрткісінің болуы;
– білім берудің инновациялық үлгілері, технологиялары, ЖОО–дағы білім
беру нәтижесінің қазіргі уақыттағы талаптары туралы білімдер кешені;
– педогогикалық инноватика аймағындағы біліктілік.
Жоғары мектеп оқытушысының инновациялық іс әрекетке даярлығы –
Педагогтың меңгерген инновациялық педагогикалық технологияны өз іс
тәжірибесінде қолдануға даяр болуы. Білім беру жүйесі қоғамдық жүйенің бір
бөлігі болып табылады, сондықтан ол басқа да бөліктердің өзгеру ықпалында
болады. В.С. Лазерев [158, с. 21] пайымдағандай: «Әр университет көптеген
тармақтары бойынша оны қоршаған әлеммен байланысты, сондықтан сыртқы
жағдайлардағы өзгерістер оның өміріне әсер етпей қоймайды. Кейбір өзгерістер
тез арада реакция беруді талап етсе, басқа өзгерістер университеттің түп
тамырымен мақсаттары мен оған жету жолдарына өзгеріс енгізуді талап етеді.
Инновациялық іс-әрекетті жүргізу уақыты
Жаңалықты ендіруден кейінгі кезең:
эксперимент гипотезасы мен алынған
нәтижелерді салыстыру
114
Шетелдік университеттердегі аталған проблемалар Қазақстанда ғылыми
инновациялық сфераны басқару құрылымдарын қолдану қажеттілігі жөнінде
қорытындылауға мүмкіндік береді.
Инновациялық іс-әрекетке қойылатын шектеулердің азаюы білім беру
жүйесінде
ауқымды
инновациялық
қозғалысты
туындатып
отыр.
Университеттің даму болашағына жаңаны өңдеу мен тарату үдерісі үлкен
әсерін тигізеді. Басқа университетте туындап жатқан білім беру жүйесіндегі
жетістіктер мен өңдемелер, педагогикалық тәжірибе университеттің дамуына
мықты түрткі болып табылады. Білім берудегі инновациялық технологиялар
білім алушылардың өз бетінше жұмысын белсендіруге және оны мәселенің
шешімін табуға қолдануға, зерттеуге, әріптестікке бағытталған. Оларды
қолдану студент-оқытушы жүйесіндегі басқа сапалы өзара әрекетті талап етеді.
Университетті жаңарту, білім беру тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру
көптеген бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:
– дамыта оқыту педагогикалық жүйесі ендірілуде;
– жеке пәндерді көптеген нұсқалардың ішінен таңдау арқылы тереңдетіп
оқыту жүргізілуде;
– саралап және жекелеп оқыту негізінде көп деңгейлі оқыту жүзеге
асырылуда;
– оқыту үдерісінде модульдік жүйе іске асырылуда және т.б.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде-ақ Жапонияда жай сапа мен
өнімділіктен де кең ұғымды қамтитын “кайдзен” тұжырымдамасы жасалған
болатын. «Кайдзен» ұғымы өзіне тауарлық өндірістің басқа да, мысалға, сапаға
жаппай бақылау сияқты элементтерін, жаңашылдық ұсыныстар жүйесін, сапа
үйірмелерін, кем-кетіксіздікті және т.б. қамтиды. Жапон менеджментінің
ерекшелігі – жетістікке қол жеткізудегі айқындаушылардың бірі ретіндегі
нәтижесіне қарамастан, үдеріске барлық қызметкерлердің қатысуы болып
табылады. «Кайдзен» стратегиясы мәні тәртіптеме және үдерістер
нәтижелілігін, ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға, еңбек жағдайын
жақсартуға бағытталған ұжым мүшелерінің идеяларын іске асыруда жатыр.
«Кайдзен» стратегиясы әрбір жеке қызметкер деңгейінде идея ұсынуды
және оны әзірлеуді ұйғарады, бұл оның нәтижелілігін, тиімділігін және
нәтижелер сапасын жақсарту мақсатында қандай-да бір үдерісті немесе
тәртіптемені жаңғыртуға немесе оңтайландыруға бағытталады.
Идея төмендегідей мақсаттарға жәрдемдесу керек:
–
қандай-да бір үдерістің немесе тәртіптеменің тиімділігі мен
нәтижелілігін арттыруға, сондай-ақ бұлардың нәтижелер сапасын жақсартуға;
–
көрсетілетін қызметтер және өндірілетін өнімдер құндылығын
арттыруға;
–
қолда бар техникалық құралдар мен ресурстарды техникалық жағынан
жаңғыртуға немесе тиімді пайдалануға;
–
кез-келген деңгейде басқаруды жетілдіруге;
–
жұмыс орнындағы еңбек жағдайын және қауіпсіздігін жақсартуға, тиімді
әдістемелер енгізуге;
115
–
қызмет көрсету және өнім өндіру шығындарын үнемдеуге;
–
кез-келген деңгейде үдерістер және тәртіптемелер сапасы туралы
объективті ақпарат алуға.
«Кайдзен» стратегиясы мына алгоритм бойынша жүзеге асырылады:
«жоспарла - жүзеге асыр – тексер – ықпал ет». Бұл стратегия үнемі
инновациялық әрекетпен қатар жүретіні сөзсіз.
Ұлттық зертеу университеті статусын иемдену үшін студент жастардың
зерттеу әрекетін дамыту қажет, өз ғылыми ойларын қаржыландыруға дейін
жеткізгісі келетін шығармашыл білім алушылардан құралған бизнес-
инкубатордың жұмысын белсендіру керек. СҒЗЖ және МҒЗЖ аясында
жасалған кез-келген зерттеу мен гранттарды ғылыми ұжым қаржылық өнімді
құру мүмкіндігі ретінде қарастыру қажет және өз интеллектуалды әлеуетін
қолдана отырып нарықта кіріс таба бастау керек. Егер дипломдық жұмыс пен
магистрлік диссертация бойынша жұмыстарды қарастырса, онда университетте
жоғары технологиялық қаржыландырылатын жобалар саны тез өсу мүмкіндігі
арта түседі
Университеттегі инновациялық қызметті дамыту және қамтамасыз ету
үшін инновациялық қызмет жөніндегі бөлім жұмыс жасайды. Бөлімнің негізгі
міндеттері факультеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми
орталықтарда және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерінде
жүргізілетін инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру,
ғылымды бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыруды белсенді
қарастыру, Университеттің барлық бөлімшелеріне маркетинг концепцияларын
енгізу болып табылады. ЖОО оқытушысының инновациялық іс-әрекетке
даярлығын қалыптастыру үлгісін құру үшін білім берудің жаңа парадигмасы
мен білім берудегі инновациялық үдерістердің тенденциясын ескеру қажет.
Адам капиталы – оқыту үдерісінде және өмірлік тәжірибеде жинақталған
білім мен дағдылар. Ол қалалар мен аймақтардың даму деңгейін анықтауда
басты рөл атқарды. Гарвард университетінің профессоры Э. Глейзер өз
зерттеуінде 1960–1990 жылдар аралығында тұрғындардың өсуі, америкалық
қалалардың кіріс көлемінің ұлғаюы сол аймақтың адам капиталына бөлген
қаржы көлеміне тікелей байланысты болғанын анықтады. Ол жоғары білімді
қала тұрғындарын есептеді. 90-жылдардағы зерттеулерде де мұның
өзгермегендігіне көз жеткізді.
Жоғары білімнің артықшылығын оның иесі ғана емес, сол аймақтың
экономикасында да сезілетіндігі дәлелденген, яғни жоғары білімді адамдар көп
болған сайын аймақтың барлық жұмыс күшінің өнімі артады, сонымен қатар
айлық жалақының ұлғаюы бар. Білімді адамдар ұтқыр, болашағы зор, олар жаңа
жолдарды іздестіруге ынталы.
Университеттер білім берумен ғана шектеліп қоймай мамандық
ауыстыруға, біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Стенфорт
университеті тоқсанға жуық қосымша білім беру бағдарламалары мен түрлі
курстарды ұсынады. Әр тоқсанда университетке 2500-дей тыңдарман тіркеледі.
Стенфорт – бұл жекеменшік университет, оқу ақысы жоғары және барлығына
Достарыңызбен бөлісу: |