В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет46/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65

105 
-  эмпатия  –  педагогтың  өзге  адамды,  оның  уайым-қайғысын,  әрекет  ету 
мотивін  және  сыртқы  ортаға  деген  әсерін  іштей  түсіне  білу  дағдысы;  бұл  – 
рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру, сезіну; 
-  рефлексия  –  педагогтың  өзін,  өзінің  психикалық  жағдайын  сезіну,  өзін 
сырттай  елестете  және  сезіне  білу,  өзге  адамдардың  өзін  қалай 
бағалайтындығын байқай білу дағдысы. 
Сонымен  бірге,  бәсекеге  қабілетті  мамандардың  шеберлігі  келесі 
педагогикалық шарттарды жүзеге асыруы барысында дамытылады: 
1. Мақсаттылық  –  мұнда  аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті 
маманының  іс  әрекетіндегі  саналы  мақсат,  әдістер,  тиімді  әрекеттер,  күтілген 
нәтижелерге іс әрекет пен оқыту нәтижесінің қорытындыларын салыстыру, әрі 
басқару құралы қызмет атқарады; 
2. Тұлғалық-әрекеттік. 
Жобалауда 
қойылған 
міндеттерін 
шешуге 
оқытушының  студенттермен,  әріптестерімен  педагогикалық  ұтымды  қарым-
қатынастарды тағайындаумен байланысты іс-әрекеттер қамтылады; 
3. Үдерістік.  Білім  беру  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттырудың 
аймақтық жүйесінде білім беру  іс әрекетінің арнайы ұйымдастырылған  үдерісі 
ретінде  қарастырылады  және  оқытудың  топтық  форма  мен  бірлескен  іс-
әрекетке бағдарлануын талап етеді; 
4. Басқарушылық. 
Білім  арттыру  курстарындағы  оқыту  үдерісін 
рефлексивті түрде басқаруға мүмкіндік береді. 
Зерттеу  нәтижесінде  бәсекеге  қабілетті  аграрлық  саладағы  зерттеу 
университеті  мамандарының  шеберлік  компоненттері  анықталды:  гуманистік 
бағыт, кәсіптік білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника. 
Педагогикалық  техника  –  жеке  тұлғаға  немесе  ықпал  жасауға  арналған 
әдістемелік құралдың тиімді, дұрыс қолдану шеберлігі: сөйлеу техникасы, өзін-
өзі  ұстау,  жүріс-тұрыс,  киім  киісі,  эмоционалдық  тұрақтылығы,  дауыс  ырғағы 
және т.б. қасиеттері жатады. 
Педагогикалық  қабілеттілік  –  кәсіптік  білім  беру  маманының 
педагогикалық  іс  әрекетте  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізуге  қамтамасыз 
ететін  жеке-дара  психологиялық  ерекшеліктері  мен  кәсіптік  маңызды 
сапасының қорытынды жиынтығы. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  даярлауда 
педагогикалық шеберлікті меңгеру деңгейлері
1.  Кәсіптік  педагогикалық  қызметке  дайындық  кезінде  алынған  білім, 
білік, дағды. 
2.  Жоғары  оқу  орнында  кәсіптік  педагогикалық  қызмет  барысында 
алынған білім, білік, дағды. 
Кәсіптік  білімді  жоғары  деңгейде  меңгерген,  қазіргі  заманғы  бәсекеге 
қабілетті кәсіптік білім беру маманының шешуге тиісті міндеттері : 
-  жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту; 
-  студентті құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету; 
-  студентті  өзін-өзі  ұйымдастыруға  үйретіп,  өз  бетінше  өмір  сүрудің 
нақты жолын көрсету. 


106 
Педагогикалық  кәсіптік  білімді  жоғары  деңгейде  меңгерген  бәсекеге 
қабілетті зерттеу университеті оқытушысына тән мінез-құлық
-  жеке  тұлғаны  сүйе  білу  ізгіліктік  қағида  оқытушының  адами  маңызды 
сапасы, адамды құрметтеу, әр тұлғаны көре білу қасиеті;  
-  адамға  сену,  оқу  үдерісіндегі  жетістік  кепілі,  ізгіліктік  пен  өзіне-өзі 
сенім; 
-  оқу  үдерісіне  қатысушы  ретінде  студенттің  досына  айналу,  оған  қолдау 
көрсету және көмектесу; 
-  педагогикалық  еңбек  мәдениетіне  бағытталу  болашақ  мамандардың  
тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағыттау. 
Аграрлық саладағы  зерттеу  университеті  педагогы  тұлғасының  меңгеруге 
қажетті арнайы қасиеттері мен сапалары: 
-  әрекетшілдік  сапа  (жауапкершілік,  ар  намысшылдық,  еңбексүйгіштік, 
нақтылық); 
-  рефлексивті  сапа  (ұқыптылық,  тиянақтылық,  өзіндік  сыншылдық, 
білімпаздық);  
-  коммуникативтілік  сапа  (шыншылдық,  сенімділік,  ұстамдылық,  талап 
қоя білушілік, міндеттілік);  
-  эмпатиялық  сапа  (өзіндік  түсінік,  қайырымдылық,  түсінушілік,  қайғыға 
ортақтаса білуге қабілеттілік).  
Болашақ маманға кәсіптік білім беру тұрғысынан М.Ә. Құдайқұлов [164], 
А.П.  Сейтешев  [165],  Б.  Әбдірәрімұлы  [166],  Б.К.  Момынбаев  [167],                          
В.В.  Егоров  [168],  А.М.  Әбдіров  [169]  және  т.  б.кең  көлемде  зерттеулер 
жүргізген. 
Аграрлық саладағы зерттеу университеті бәсекеге қабілетті мамандарының 
кәсіптік әрекетінде меңгеру міндеттері
-  зерттеу  (біліктер:  проблема  туғызу,  мақсатты,  міндетті,  пәнді,  нысанды 
тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру және жоспарлау, бақылау, эксперимент 
жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындыны тұжырымдау); 
-  ақпараттық  (біліктер:  ақпараттық  қабылдау,  жинау,  таңдау,  жүйелеу, 
талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу); 
-  интеллектуалдық  (біліктер:  жүйелеу,  жалпылау,  талдау,  жіктеу, 
салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте 
алу); 
-  креативті  (біліктер:  елестету,  жалғастыра  алу,  негізін  бөліп  алу,  алдын 
ала білу, жаңаша түрлендіру);  
-  диагностикалық  (біліктер:  диагностиканың  тәртібі  бойынша  жүргізу, 
оның нәтижелерін өңдеу); 
-  болжау  (біліктер:  мақсат  қою,  ақырғы  нәтижені  болжау,  болжамды, 
мақсатты, міндетті тұжырымдау, қор іздестіру, түзетулер жасау), 
-  коммуникативті  (біліктер:  байланыс  орнату,  ақпараттарды  алмастыру, 
вербальды және вербальды емес қарым-қатынас, өзара әрекеттестік жасау);  


107 
-  аксиологиялық  (біліктер:  нысан  мен  бақылау  формаларын  таңдау, 
параметрді  таңдау,  нәтижені  қажетті  мөлшерімен  салыстыру,  өзін-өзі 
ұйымдастыру, реттеу); 
-  басқару  (біліктер:  ұйымдастыра  басқару,  ынталандыру,  мақсат  қою, 
болжау, бақылау, әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау); 
-  жобалау (мақсат қою, жоспарлау, жобалау, түзеу, модельдеу, құрастыру, 
технологияландыру); 
-  инновациялық  (мәліметтер  жинау,  ой  жүгіртулер  арқылы  бағалау, 
қадағалау, эксперимент жүргізу, өңдеу, енгізу). 
Педагогикалық  техниканы,  құзыреттілікті,  педагог  жұмысына  қажетті 
психологиялық  білім  дәрежесі  жоғары  болған  кезде,  студенттермен  жұмыс 
жасау  барысында  тиімді,  нәтижелі  бағдар  ұстануға,  студенттердің  мотивация 
деңгейін  жоғарылатын,  бағыттау  бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлау  үшін, 
аграрлық саладағы зерттеу университеті оқытушылары үшін өте маңызды. 
Зерттеу  университеті  мамандарының  өзін-өзі  кәсіптік  шығармашылық 
дамыту көрсеткіштері мен белгілері мынадай: 
1. Мамандық құралдары арқылы өзін-өзі дамытуды көздейтін дербестік: 
-  Тұлғаның  өз  біліктілік  деңгейін,  кәсіптік  білімділік  дәрежесін,  кәсіптік 
ынтасы мен өз іс-әрекетіне қанағаттанушылық деңгейін бағалай алу қабілеті. 
-  Өз  жұмысын  орынды  жоспарлау  мен  ұйымдастыру,  өзін-өзі  реттеп 
отыру  қабілеті,  ұжымды  жұмыс  істеудегі  ұйымдастырушылық  және 
комуникативтілік қабілеттері. 
-  Өз  бетімен  мамандығына  сәйкес  білім,  білік  және  дағдыларды  меңгеру, 
кәсіптік  маңызды  сапалар  мен  қабілеттерді  тереңдету  және  кеңейту,  кәсіптік 
жаңаруға деген тұрақты дайындықтың болуы. 
2. Кәсіптік бағдарланған ойлау, нақты білім беру саласындағы мәселелерді 
шешуде  қабылданған  тәсілдерді  қолдана  білу,  кәсіптік  әрекет  стратегиялары 
мен әдістерін өңдей білу. 
3. Кәсіптік  педагогикалық  іс-әрекетке  шығармашылық  қарым-қатынас, 
еңбектегі  инновацияға  дамыған  қабілет,  жеке  шығармашылық  еңбек  есебінен 
тәжірибесін  байыту  мүмкіндігі.  Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті 
оқытушысына қойылатын талаптар: 
4. 
жалпы адамзаттық талаптар, 
5. 
кәсіптік білім беру мамандығының ерекшелігін анықтайтын 
талаптар, 
6. 
пәні бойынша білімі, іскерлігі, дағдылары, зерттеушілік қабілеті,  
7. жаңа  технологияларды  игеру,  білім  берудегі  инновациялармен  таныс 
болу. 
Зерттеу  университеті  педагогының  тұлғалық  сапалары  (сурет  6) 
көрсетілген. 
 
 
 
 
Зерттеу университеті педагогы тұлғасы 
Өзін-өзі дамыту 
аймағы 
Кәсіби дамыту 
аймағы 
Мәдени-
Кәсіби біліктілігі 
Кәсіби  


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау